Күрделі мәселелердің тұшымды тұжырымы

2004 41Бүгін қала әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын зиялы қауым алдында талқылау жөнінде мәжіліс өтті. Алғаш болып баяндама жасаған қала әкімі Ә.Өсербаев: «Президент өз мақаласында жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелердің тұщымды тұжырымын жасады. Атап айту керек, бұл мақала зиялы қауым өкілдерін бей-жай қалдырған жоқ. Көтерілген мәселелерде еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары айқындалған. Демек әрбір тұрғын осы идеяларды бағдаршам етіп, оны нақты жүзеге асыруға өз әрекеті арқылы атсалысуы керек керек», - деп, қала тұрғындарын мемлекет басшысы ұсынған бағдарлы құжатты науқаншылдыққа салмай, жүйелі түрде жұмыс жасап, іске асыруға шақырды.
Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Садықов көпшілік алдында Елбасы мақаласынан туындаған ойларын ортаға салып, тәуелсіз ел тарихындағы тағы бір келелі істің бастауында тұрғындығын жеткізді. Осылайша жалғасын тапқан жиында қалалық «Ақсақалдары алқасының» төрағасы Ж.Әзіретбергенұлы да пікір білдіріп, Елбасы мақаласы елдік мұрат жолындағы басты ұстанымға айналуы тиіс екендігін жеткізді.

2004 42    2004 43    2004 44
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…