Көне сауран қызықтырады

2004 31Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің қызметкерлері ежелгі «Сауран» қаласына тарихи танымдық экскурсияға барып қайтты.
«
Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің құрамындағы тарихи ескерткіштердің бірегейі Сауран қаласы - Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырлық қалалардың бірі. Іс-шара барысында түрлі деректер талқыланып, пікір алмасулар өтті. Қорық музей қызметкері Қ.Мұсабаев жүргізген шолу экскурсиясы әсерлілігімен тәнті етті.
«
Əзірет Сұлтан» қорық музейінің бірнеше қызметкерінен арнайы сұхбат алған республикалық «Айғақ-ТВ» телеарнасының Дулат Әбіш бастаған түсірілім тобы да осынау әдемі сәттерді қалт жібермей бейне таспаға түсіріп жатты.
Негізінде іс шараның басты мақсаты да тарихи ескерткіштерімізді кеңінен насихаттау, оларға арнайы туристік маршруттар ұйымдастыру мәселелерін талқылау болатын. Тарихи ескерткіштерді қорғау, насихаттау, және туристерді тарту мақсатында жан-жақты тыңғылықты зерттеулер жүргізу болашақта тек еліміз ғана емес көптеген мемлекеттерден келуші туристер саны артатынына нық сенім ұялатары сөзсіз. Сапар соңында музей қызметкерлері іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
 

2004 32    2004 33      2004 34
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…