Түркі дүниесінің фотосуретшілері түркістанда

2004 04Түркістандағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықта «Түркістан- Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер фотосуретшілерінің кездесуі өтті. Аталған шараға Түркия, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан мен еліміздің Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысынан кәсіби суретшілер қатысты.
«Бүгінгі шара аясында түркі тілдес елдердің талантты фотосуретшілері оңтүстік өңіріміздіңтарихи мәдени жерлерін суретке түсіріп бағалы дүниелер жасаса, біз оларды республикалық және халықаралық көрмелерге қоямыз. Бұл өз кезегінде аймақ туризімінің дамуына серпін береді»,- деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов. Сонымен қатар ол фото суретшілер бұл кездесуден өзара тәжірибе алмасып, өңіріміздің бай мәдени мұраларымен таныса түсуіне де мол мүмкіндіктер алатынын жеткізді.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…