«Театр көктемі - 2017» фестивалі халықаралық деңгейде

2004 01Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі-2017» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналған думанды шараны Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың атынан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков құттықтау сөзбен ашты. Халықаралық шараға еліміздің бірқатар театрлары менӨзбекстан, Қырғызстан, Түркия сынды елдер театрлары тарландары да келіпті.
Университеттің Мәдениет сарайында бастау алған фестивал шымылдығы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка драма театрының Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» тарихи драмасымен түрілді. Фестиваль түркі тілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту мен кәсіби театрлардың өнерін жұртшылыққа көрсетуді мақсат етеді.
«Театр көктемі-2017» халықаралық фестваліне өнертану ғылымдарының кандидаты, театр сыншысы, Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек төрағалық ететін қазылар алқасы алдағы күндері театр саңлақтарының өнерін таразыға салмақ. Фестивалдің жабылу салтанаты 21 сәуірде облыстық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өтпек.

2004 3        2004 02
     
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…