Біріккен шаруаның ісі берекелі

biriken sharua 2Түркістан қаласында «Кооперация - агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» атты мамандандырылған облыстық көшпелі семинар өтті. Аталған шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен бірқатар аудандардан арнайы келген өкілдер Түркістан қаласының маңындағы шаруашылықтарды аралап, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты.
Әуелі қонақтар сапарын Шаға ауылдық округіндегі «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжай кешенін аралаумен бастады. Жалпы аумағы 0,35 га жерді құрайтын аталған жылыжайда қияр өсірілуде. Өткен жылы пайдаланылуға берілген жылыжайда алғашқы өнім әлдеқашан алынып қойыпты. «Күзгі бір өнімде 36 тонна қияр алдық. Сіздердің көріп тұрғандырыңыз бұл көктемгі егіс. Бұл ретте біз өнімді 60 тоннаға жеткізсек деген жоспарымыз бар. Кешенде барлық жұмыстар автоматтандырылған. Әлі де біз жұмысымыз осылай жалғаса берсе, жылыжайдың көлемін ұлғайту ниетіміз де жоқ емес»,- дейді «Ерасыл» шаруа қожалығының аграномы Ғалымжан Шалтаев. Сметалық құны 70 миллион теңге болған жылыжай кешенін Оңтүстік Кореялық компания салса, мұнда 4 адам жұмыспен қамтылыпты.
Ал Оранғай ауылындағы «Яссы» құс шаруашылығы фабрикасы да Түркістандағы ауыл шаруашылығын дамытуда белсенділік танытып келе жатқан қожалықтардың бірі. Мұнда күніне 20 мың дана жұмыртқа шығарылады. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың айтуынша бірінші кезеңіндегі нәтижеде осындай көрсеткішпен келе жатқан фабрика толық қуаттылығына енгенде түркістандықтарды тауық еті және жұмыртқасымен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпек.
biriken sharua 1Семинарда сөз алған аблыстық ауыл шаруашылығы басқармасы кооперация және МТС-ті дамыту бөлімінің бастығы Нұржігіт Мырзахметов кооперация құрудың тиімділігі жайында түсіндіру жұмыстарына тоқталды. Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың шарттарымен де шаруалар осы семинарда кеңірек танысуға мүмкіндіктер алды. Сонымен қатар пайыздық көлемі төмен жеті жылға созылған ауыл шаруашылығына берілетін ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу мен несиелерді алудың да жолдары түсіндірілді. «Ауыл шаруашылығына берілетін түрлі несиелер мен лизингтер, субсидияларға белгіленген тәртіппен барлық шаруа қожалықтары ниет білдіре алады. Ал басымдық бұл тұрғыда кооперацияға біріккен қожалықтарға беріледі»,-деді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы кооперация және МТС-ті дамыту бөлімінің бастығы Н.Мырзахметов. Сондай-ақ ол жергілікті шаруаларға кооперация құру мен несие алу және өзге де осы салаға қатысты кеңестер жайында Түркістан қалалық әкімдігінен алуға болатындығын да назардан тыс қалдырмады.
biriken sharua 3Несібесін жер мен төрт түліктен терген шаруалар семинар барысында өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алса, іріленген шаруашылықтар атынан шыққан, негізгі кәсібі мақта өсірумен айналысатын «Тұран» шаруа қожалығының басшысы Х.Азимов жиылған жұртпен өз тәжірибесін бөлісті. Сонымен қатар ол мақта өсіргеннен кейін оны жинап алуда қиыншылықтар кездесетінін айтып, облыс басшыларынан мақта теретін комбайнның қымбат тұратындығын ескеріп,оған бөлінетін субсидиялау көлемін ұлғайтса деген тілегін жеткізді.
Жиынды қортындылаған Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының кооперация және МТС-ті дамыту бөлімінің бастығы Н.Мырзахметов шаруалар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлердің Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданатындығын жеткізді.

 

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…