Ел чемпионаты мәреге жетті

voleibolБір аптаға созылған волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт жас мөлшері бойынша ұйымдастырылған жарыста 2001-2002-жылы және 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер екі топ бойынша өнер көрсетті. Осылайша еліміздің барлық аймақтарынан 500-ден астам спортшы, яғни 38 команда жарыс жүлдесін сарапқа салды.
«Волейбол спортында түркістандықтардың мақтанышы, жалпы қазақ волейболының атасы атанған Октябрь Жарылқаповтың туғанына биыл 86 жыл толып отыр. Сондықтан бұл жарыс Октябр Жарылқаповтың есімімен де байланыстырылған», - деді сегіз күнге созылған доп додасының маңыздылығына тоқталған Түркістан қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Айдарбеков.
Нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы көктемгі чемпионаттың
2001-2002-жылы туылғандар ішінде бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысы, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының бірінші командасы, ал үшінші орынды Алматы облысының өрендері иеленді. Сонымен бірге, 2003-2004 жылы туылған жасөспірім спортшылар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының бірінші командасы үздік атанса, Шығыс Қазақстан облысы екінші орын алды. Қызылорда қаласының өрендері үздік үштікті қорытындылады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…