Түркіліктің алтын діңгегі

berdibayБиылғы жыл Түркістан –бүкіл түркі әлемінің мәдени астанасы болып танылуына орай және «Бір қала –бір кітап» акциясы аясында   көрнекті ғалым, түркіліктің алтын діңгегі, Түркістанның төл тумасы Рахманқұл Бердібайдың 90 жылдығына орай, үстіміздегі жылы ғалымның шығармашылығын жыл бойына насихаттау мақсатында «Түркі әлемін ғылыммен жырлаған ғұлама ғалым» атты тақырыпта  мәдени шаралар шоғырын өткізу жоспарланған-тын. Соның бірі жуырда Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген әдеби кеш еді.

Кеш аясында  «Түркіліктің алтын діңгегі» атты иллюстрацияланған кітап көрмесі ұсынылды. Басқосуда атақты  ғалымнан дәріс алып қызметтес болған, ғалым зерттеген қазақ романдарының  қалыптасуын зерттеуді одан әрі жалғастырып жүрген  Қ. А .Ясауи атындағы халықаралық қазақ –түрік университетінің оқытушысы Жанымгүл Камалқызы ұстаз туралы кеңінен толғанды. Сондай-ақ ғалымның философиялық  ой –толғамдарға толы рубаяттарынан оқырмандардың атсалысуымен әдеби –монтаж  ұйымдастырылды.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…