Қала әкімі ардагерлерге алғыс білдірді

ardager 1Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы аясында өткен Наурыз мерекесіне қолдау білдіріп, демеу көрсеткен қариялар мен ақ жаулықты аналарды қабылдап алғысын жеткізді. Шаһар басшысы өз сөзінде халықаралық маңызы жоғары «ТҮРКСОЙ» ұйымының Түркістанға түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін беруін қуанышпен жеткізіп, сол міндет аясында өткен Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде аталып өтуіне ардагер ағалар мен аяулы аналардың да үлесі мол екенін атап өтті. Соның ішінде, ағалық ақылын айтып, аналық тілегін аямаған барша түркістандықтарға шексіз алғыс білдірді.
Қабылдауда болған қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Ж.Әзіретбергенов, осы алқаның мүшесі М.Ханділлаев, қалалық «Аналар кеңесінің» төраймы Д.Жамболовамен аталған кеңес мүшесі Ұ.Мұстафаевалар да өз ризашылықтарын жеткізіп, тәуелсіздік жылдарын ішінде Түркістанның тарихындағы қайта түлеу кезеңіне куә болып жүргендіктерін айтып, қала басшысының қызметіне сәттіліктер тіледі.
Осылайша жалғасын тапқан кездесуде қала әкімі Ә.Өсербаев естелік сыйлықтар табыс етті.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…