ИГІ БАСТАМА КЕҢ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛУДА

 

01 1ИГІ БАСТАМА КЕҢ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛУДА

Бүгін Түркістан қаласында «Шатқал» бағдарламасы аясында сенбілік болып өтті. Игі іс облыс әкімінің тікелей мұрындық болуымен осы жылдың қаңтар айынан бастап қолға алынған. Өңіріміздегі тың жобалардың бірі болып табылатын аталмыш бастаманың мақсаты – аймақтардағы қараусыз қалған шатқалдар мен көпшілік демалысына ыңғайлы орындарды саябаққа айналдыру.

Сенбілікке жергілікті атқарушы органға қарасты бөлімдерден 250-ден астам қызметкерлер атсалысып, 2300-ге тарта қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Шараға қатысушылар ендігі кезекте егілген ағаштарды күтіп баптау жұмыстарын назардан тыс қалдырмайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік Түркістан қаласы бойынша көктем мезгіліне дейін 22275  ағаш көшеттерін отырғызу көзделген.

01 1

01 2

 

01 3  

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…