Түркістан қаласы қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмыстары.

 Түркістан қаласы қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмыстары.

       Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2-қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес құрылып,  Қоғамдық кеңестің құрамы Түркістан қалалық маслихатының 01.03.2016ж. №54/301-V шешімімен бекітілген. Қоғамдық кеңестің 25-мүшесі бар. Жалпы жиналыста қоғамдық кеңестің төрағасына қалалық мәслихат депутаты С.Ханділлаев сайланып төралқа мүшелері мен хатшысы, комиссия мүшелері сайланған. Қазіргі уақытта қоғамдық кеңес басқа да қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Қоғамдық кеңестің ережесі жасалып, алдағы уақытта атқаратын  жұмыстары бойынша жоспарлар жасалған. Қоғамдық кеңес жұмыс бөлмесімен, кеңсе заттарымен қамтамасыз етілген. Қоғамдық кеңестің өзінің электронды почтасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра./">/Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра./ қызметтік телефоны 4-17-07 бар. Жұмыс жоспарға сәйкес қоғамдық кеңес бірқатар хаттамалық шешімдер қабылдады.   Атап айтар болсақ;

-2016 жылдың наурыз,сәуір айларында қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы сайланып, жұмыс комиссиялары құрылып, ереже жобасын бекітуге ұсынылып  олардың құрамы бекітілді.

- 2016 жылдың мамыр айында қала әкімінің  «2015 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2016 жылы атқарылатын іс-шаралары туралы есептік баяндамасы» тыңдалып жақсы деген баға берілді. Қала әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының 2015 жылғы жұмыстары бойынша қала әкіміне тиісті шара көру ұсынылып,нәтижесінде бөлім басшысы жұмыстан төмендетілді.

-Түркістан қаласының денсаулық сақтау мекемелерінің 2015 жылға атқарылған жұмыстары есебінің баяндамасы қаралды. Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша көрсеткіштердің төмен болуына байланысты қанағаттанарлықсыз деген баға беріліп  Түркістан қалалық орталық аурухананың  бас дәрігері Г.Құрманбековаға,  №3 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері А.Ілиясоваға,  қалалық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Б.Мамбетовке қатысты шара көру туралы ОҚО денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолданды.

-2016 жылдың мамыр айында ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер туралы қаралып, жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша айтылған ұсыныстар қалалық жер қатынастырын реттеу жөніндегі жұмыс комиссиясына жолданды.

-Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы талқыланып, салық кодексіне сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылатуға келісім берілді.

           -2016 жылдың маусым айында Түркістан қаласының әлеуметті көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын талқыланды. Нәтижесінде әлеуметті көмек көрсетудің оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту жобалары мақұлданды.

-Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын талқыланып, тарифтерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің жобалары келісілді, сонымен қатар қала аумағындағы санитарлық және тазалық жағдайы туралы сын ескертулер жасалып қала әкімдігіне ұсыныс енгізілді.

          -2016 жылдың шілде айында  Жер кодексіне енгізілген өзгерістер туралы қоғамдық кеңес жанынан құрылған жұмысшы топтың басқа аудандардың шаруа қожалықтары төрағалары мен облыстың басқарма басшылары қатысқан жиында айтылған жер туралы ұсыныстары талқыланып, қаралып жиында көптеген ұсыныстар айтылып оның ішіндегі он алты ұсыныс қолдау тауып қабылданған шешім жер қатынастарын реттеу комиссиясына жолданды.

         -Қазақстан Республикасының жер кодексіне енгізілген өзгерістер туралы тыңдалып, жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мына төменде айтылған  ұсыныстар мен ескертпелер; қала әкімі жанынан құрылған жұмысшы топқа ұсынылды;

    -Шетел азаматтарына жер учаскелерiне жеке меншік құқығымен сатып беруді мүлдем тоқтатуды;

          -Суармалы жерлерді тұрғын үй мен кәсіпкерлік мақсаттарға бермеуді және нысаналы мақсаттарын өзгертпеуді;

          -1991 жылы жүргізілген жекешелендірудің 1-кезеңінде пай үлестеріне берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта сатып беруге тиым салуды;

         -Ауыл шаруашылығы мақстындағы жерлерді 3 жылдан астап пайдаланбағандардан мемлекетке қайтару жолын жеңілдетуді және тек аукцион арқылы сатылуды;

         -Жерді сатпау керек, оны жалға беріп, пайдалану уақытын жағдайына қарап жылда созу қажет.

          -Ауыл шаруашылығы жер реформасына байланысты заң шығармас бұрын халықпен ақылдасып, бірлесіп шығару керек.

          -Жерді сатпай жалға беріп, оның сапасына мемлекет тарапынан бақылауға алу керек.

          -Жерді Қазақстан азаматтарына 49 жылға жалға беріп, 49 жылдан соң оған сараптама жүргізіп, ары қарай ұзартуға мүмкіндік беру керек.

          -Келешек ұрпақтарымыздың жер алуға мүмкіндігі болу қажет.

          -Жайылымдық, шабындық жерлер тек мемлекет меншігінде болып, жергілікті тұрғындардың пайдалануына мүмкіндік беру қажет.

          -Мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй салуға 0,1 га жерге тиісті қаражат бөліп, ол жерлерді инфрақұрылыммен қамтып, облыс тұрғындарына тездетіп беру мәселесін қарау керек.

           -Жастарды тұрғын үймен қамту керек.

           -Жер Қазақстан және шетел азаматтарына сатылмау керек.

           -Ауыл айналасындағы бұрын жекешелендіріліп алынған жайылымдық, егіндік жерлерді мемлекет мұқтажына қайтарып алып, оны тұрғындар ортақ пайдалану қажет.

           -Жерді қанша жылға жалға алса да, оны жыл сайын создырып отыру керек.

           -Елді мекендердің маңындағы жайылым жер мен бір жеке тұлғаға берілетін жердің шекті мөлшері әр ауданның географиялық жағдайы мен алдағы 49 жылдағы болжамды демографиялық өсімі есепке ала отырып анықталу қажет.

           -Ірі қара, ұсақ мал айдайтын жолдар мәселесін шешу қажет.

           -Елді мекендерде жайылымдық жерлер жыл өткен сайын тарылып барады.жер иелері дерлерді қоршап алады. Осы мәселені шешу керек.

            -Шетел инвестордарымен бірлескен кәсіпорындар ашу жолдарын қарастыру керек.

            -Қалалық білім бөлімінің 2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстары мен ҰБТ қортындысы туралы есебі қаралды.

      -Нәтижесінде; қалалық білім бөлімі басшысына жыл қортындысымен ең төменгі көрсеткіштерге қол жеткізген білім бөлімінің жауапты мамандары мен мектеп директорларын өз қызметіне сәйкестігін қарау немесе қызметінен төмендетуге,  ҰБТ қортындысымен тест тапсырушылардың 10%-дан астамы екі деген баға алған мектеп директорларының жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген шешім қабылданып қызметтерінен босату ұсынылып,қала әкіміне білім саласы бойынша төмен көрсеткіштерге жеткізген қалалық мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруді қамту жөнінде ұсыныс берілді.

       -2016 жылдың тамыз айында Түркістан қалалық ІІБ-ның және Жергілікті полиция қызметінің 2016 жылғы 7-айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жалпы есеп беру кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың  денгейі біршама өскендігін, 2015 жылдың 7 айында қала көлемінде 1531 қылмыстық әрекеттер тіркелсе, ағымдағы жылдың 7 айында 1712 құқық бұзушылық қылмыстары тіркеуге алынып, оның өсімі +11,8 пайызды құрағанын, өткен жылдың осы кезеңінде криминалдық полицияға қарасты бағыттағы 1345-қылмыс тіркелген болса, 2016 жылдың есеп беру кезінде 1553-қылмыс орын алып +13,3 пайызға артып отырғанын,         қала аумағындағы қылмыстардың ашылу пайызы төмен екендігін, ауыр қылмыстардың өсіп кеткендігін,   ІІБ-нің басшылары жергілікті жердегі криминагендік ахуалды жақсы білмегендігінен, осы сияқты көпшілік арасында наразылық  тудыратын құқық бұзушылықтарды    ІІБ мен жергілікті полиция қызметінің басшылары  тоқтатуға шарасыз болып отырғанын тағы басқа да кемшіліктерге токтала отырып қоғамдық кеңес шешім қабылдады;

 - Түркістан қалалық ІІБ-ның және Жергілікті полиция қызметінің 2016 жылғы 7-айда атқарған  жұмыстарының есебіне қанағаттанарлықсыз деген баға берілді.

 - ОҚО бойынша ІІД-не төмен көрсеткіштерге қол жеткізген Түркістан қалалық ІІБ- мен Жергілікті полиция қызметі органдарының қызметін жетілдіруді қамту жөнінде ұсыныс енгізілді.

 - Төмен көрсеткіштерге қол жеткізген Түркістан қалалық ІІБ-бастығы полиция полковнигі Б.Битурсынов пен Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі А.Медетовке атқарған жұмыстары бойынша тиісті шара көру үшін ОҚО бойынша ІІД-не ұсыныс берілді.

           Сонымен қатар жергілікті және облыстық баспасөз ақпарат құралдарына  4-мақала жариаланды, сонымен қатар қоғамдық кеңестердің мақсаттары мен міндеттері, өкілеттіктері,  қоғамдық кеңестің атқарған жұмыстары, алдағы жұмыс жоспарлары, туралы ақпараттар  жариаланып тұрады.

 

                   Түркістан қалалық Қоғамдық

                   кеңесінің төрағасы                                                                          С.Ханділлаев

1

2

3

4

5

6

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…