1904 жылы жолға шыққан поровоз түркістандық теміржолшылардың қара шаңырағына біржола аялдады

0021904 жылы жолға шыққан поровоз түркістандық теміржолшылардың қара шаңырағына біржола аялдады

Түркістан қаласында тарихы ғасырдан асатын үлкен ұжым бар. Ол – Мақсұт Искендиров басқаратын «Түркістан локомотив пайдалану депосы». Өңірде соңғы жылдары игі істерімен көзге түсіп жүрген ұжым орналасқан аула бүгінде талай жолаушының тағдырын ішіне бүккен көне локомотивтердің мекеніне айналған. Атап айтсақ, 1904 жылы жолға шыққан поровоз бүгін ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан теміржолшылардың қара шаңырағына аялдап, осындағы тарихи техникалардың санын арттырды. Нақтысы, қала әкімдігі бастамасымен және Түркістан бекеті тораптық ұжымдары қызметкерлері мен жұмысшыларының қолдауы арқасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Поровоз» ескерткіші орнатылды.

Қала әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және осы саланың ардагерлері игі шараға қатысып, теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Және де ескерткіштің лентасын қиып, игі бастамаға ыстық ықыластарын жеткізді.001 22

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…