Түркістанда аялдамалар жаңартылып жатыр

DSC 5241Түркістанда аялдамалар жаңартылып жатыр

Түркістан қаласының орталығындағы аялдамадардың біраз бөлігін 2000 жылдары жеке кәсіпкерлер жалға алып, шағын сауда дүңгіршектерін ашқан. Бір отбасының табыс көзіне айналған бұл орындар жолаушылар үшін де тиімді еді. Десе де қазіргі күні тозығы жетіп, көнерген бұл орындарды қайта жаңғырту мақсатында жергілікті билік бастама көтерген болатын. Осы бағытта жалға берілген аялдамадарды жаңарту үшін атқарушы орган өкілдері меншік иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс жасаған.

Нәтижесінде игі бастаманы қолдаған кәсіпкерлер өздері салған аялдамаларды бұзып, жолаушылардың қоғамдық көлікті күту орнын мемлекетке қайтаруға бірауыздан үлестерін қосуда.

Бүгінгі таңда қала орталығындағы сәулеті келіскен аялдамалар жаңадан орнатылуда. Ерекшелігі, түнгі мезгілде де жарық беріп тұратын бұл орындарда көпшілік үшін ел көлеміндегі басты оқиғалар бейнеленген көрнекі құралдар орнатылған. 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…