Түркістандық озат терімші Астанаға жолдама алды

DSC 4822Түркістандық озат терімші Астанаға жолдама алды

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев Иассы ауылдық округіне қарасты, Еңбекші диқан ауылының тұрғыны, қала көлемінде екі рет «Озат мақта терімші» атанған батыр ана Азат Мұстафаеваның Астана қаласына барып, қыдырып қайтуына қолдау көрсетті.

«Қала әкіміне рахмет! Менің Астана қаласына баруыма қолдау көрсетіп отыр. Мен он баланы өмірге әкелген батыр анамын. Жастайымнан бейнет көріп, қыдыру дегенді білмеппін. Соңғы кездері Астана қаласын бір көрсем деп армандайтын едім. Бірақ оған қаржы жетіспейді. Осы ойымды іске асырсам деген ниетпен көмек сұрап, біраз бұрын қала әкімінің жеке қабылдауында болып, елордамыз Астана қаласын көргім келетінін айтқанмын. Сол кезде әкім «шамалы шыдаңыз, өзім көмектесемін» деп уәде берген еді. Енді міне, бас қалаға барып қайтатын билеттерім қолымда тұр. Жанымда екінші ұлым Айдар екеуміз бір аптаға қыдырып қайтамыз. Барлықтарыңызға көптен көп рахмет!» деп ағынан жарылған ақ жаулықты ана Азат Мұстафаева әкімге айтқан ұсынысының қолдау табатынына күмәнмен қарағанын да жасырмады.

Қала әкімі Ә.Өсербаев өз сөзінде: «Елбасымыз еңбек адамына қолдау көрсетіп, халықты еңбекке тартуды үнемі бастама етіп келеді. Осы тұрғыда жастайынан бейнет көрген апа, ағаларымызға елге үлгі болу үшін неге қолдау көрсетпеске. Олар өздерінің маңдай тер еңбектерімен еліміздің осындай дәрежеге жетуіне мол үлес қосты. Сондықтан еңбек озаттарна қандай құрмет көрсетсек те жарасады деп есептеймін.» деп сапарға шыққан жолаушыларға ақ жол тіледі.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…