Жас кәсіпкерлерге жол ашатын байқау

20160712 105720Жас кәсіпкерлерге жол ашатын байқау

Түркістанда тың жобаларды қолға алып, өз кәсібінен несібе іздерген жастардың қатары артып келеді. Оған соңғы жылдары қалалық жастар ресурстық орталығының басшылығымен өткізіліп келе жатқан жас кәсіпкерлер байқауы кең мүмкіндіктер беруде.

Еңбекке ебі бар 18-29 жас аралығындағы іскер азаматтар арасында өтетінбұл жолғы байқауға қатысушылар спорттық клуб ашу, мейрамхана ісін қолға алу, балық шаруашылығын оң жолға қою бағытындағы үздік жобаларын ұсынды.

Байқауда бақ сынаған 10 жастың бірі М.Міркемеловтің қолға алған жобасы ірі қараға таңбалық сырға, яғни, электронды «чип» салу.Кәсіпкердің айтуынша, бұл мал ұрлығының алдын алуға таптырмас құрал. Төрт түлік басының қанша екенін де осы арқылы білуге болады. Жоба мемлекеттен қолдау тауып жатса, заманауи ветеринарлық емхана ашуды  да көздейді.

Түркістан қалалық жастар ресурстық орталығының директоры А.Байжанов: «Бүгінде шаһарда кәсіпкерлікке ынталы жастардың үлесі артып отыр. Олардың бірі бизнес жоспарын түзсе, екіншісіне Кәсіпкерлік мектебінде тегін білімін жетілдіруге мүмкіндіктер қарастырылған. Біздің негізгі мақсатымыз - осындай жастардың әлеуетін арттыру. Яғни, кәсіпкерлікке жол ашу арқылыжастарымызды кәсіпкерлікке бейімдеу. Жұмыссыздықтың деңгейін осы арқылы азайту болып табылады», шараның негізгі мақсатын атап өтті.

Сайыста өз мақсатын айқын көрсетіп, жобасын мойындата білгендерге арнайы сыйлықтар үлестірілді. Байқауға қатысқан жастардыңозық жобаларына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілмек.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…