«Серпін» бағдарламасымен оқуға ниетті жастар саны артып келеді

001«Серпін» бағдарламасымен оқуға ниетті жастар саны артып келеді

Түркістан қаласында №2-ші Хамза атындағы жалпы орта мектебінде бітіруші түлектермен кездесу болып өтті. Ондағы мақсат - «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» ұранымен «Серпін-2050» бағдарламасы арқылы өңірдегі жастарды еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарындағы оқу орындарына тарту.

Осындай ел игілігін арттыруды көздеген жиынға Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің өкілі Ғ.Әлайдаров, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жауапты қызметкерлері С.Ихсатова және Г.Жағнаева қатысып, жас түлектерге институттың мүмкіндіктері мен мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер жөнінде кеңінен хабарлама жасап, қазіргі таңда оңтүстік аймақтағы жастар тарапынан сұраныстың артып отырғанын жеткізді.

Осылайша кездесуге қатысқан ата-аналар мен түлектер сала мамандарына сауалдарын жолдап, аталған аймақтарда білімдерін жетілдіруге ниетті екендіктерін білдірді.

Айта кетерлігі, шараға Түркістан қалалық жастар ресурстық орталығы, қалалық білім бөлімі мамандары қатысып, оқуға ынталы жандардың қатары бұдан да жоғары болатындығын жеткізді. Себебі, бұған дейін яғни, 2014 жылы аталмыш бағдарлама аясында Түркістан қаласынан 38 жас солтүстік және шығыс өңірлеріне білім алуға аттанған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 146 жасты құраған.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…