Аустралия инвесторы

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Аустралияның «Starin Investments and Developments» инвестиция компаниясының президенті Анураг Тукралмен іскерлік кездесу өткізді.  Аустралиялық инвестор әлемдік деңгейдегі құрылыс нысандарын, темір жол торабтарын салған дүние жүзіне беделді танымал компания.

 Түркістанның рухани танымы мен облыстың орталығы  ретіндегі болашақ жоспары қызықтырған компания басшысы Анураг Тукрал Түркістаннан жанұялық қонақ үй кешенін тұрғызуға ниетті екенін білдірді.

Келген қонақтар Түркістаннан келешекте бой көтеретін әкімшілік іскерлік орталығына арналған аумақтың және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында жүзеге асырылатын шығыстық үлгідегі қалашықтың сызбаларымен танысты.

Анураг Тукрал өзінің болашақтағы жоспарларын жүйлеп, өңір басшыларымен арнайы мемарандум түзгізісі келетіндігін  алға тартты.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…