Нәтижелі жұмыспен қамтудың нәтижесі қаралды.

Қала әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісте «Нәтижелі жұмыспен қамтауды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында жасалған кешенді жоспардың 10 айдағы қорытындысымен орындалуы жөнінде кеңінен талқыланды. Кешенді жоспардың жүзеге асуы бойынша қалалық «Халықты жұмыспен қамту» орталығының директоры Ж.Анарбаевтың мәлімдеуінше:

Бүгінгі таңға дейін кешенді жоспар аясында қамтылғандаржалпы 5771 адам. Оның ішінде санаттары бойынша: жұмыспен қамтылғандар –2082 адам, өздігімен жұмсықа тұрғаны –2500, жұмыс іздеушілер тарапынан жұмысқа орналасқаны – 1189 адамды құрап отыр. Ал бағдарлама аясында 2018 жылы 53 азамат шағын несиелендіруге жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 318 азаматқа шағын несие алуға жолдама берілсе, оның ішінде 105 азамат 600,8 млн.теңге көлемінде шағын несиемен қамтылған

Сонымен қатар аталған бағдарлама бойынша тұрғындар арасында бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптікбіліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жүзеге асырылған.

         Жалпы бағдарламаның бағыттары бойынша: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 2018 жылы кәсіби даярлауға 375 азамат жолдану жоспарланған. Бүгінгі таңға дейін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 4 оқу орнына 301 азамат жолданған. Ал, қысқа мерзімдік 7 оқу орынында 15 мамандық бойынша 636 азамат оқуға жолданып, 510 азамат оқуын толық аяқтап, оқуды аяқтаған 510 азаматтың 407-сі тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мәжілісте баяндамашынының мәлімдемесіне сәйкес қала басшысы жұмыспен қамтылғандар бойынша мониторинг жүргізуді тапсырды. Яғни әрбір мекеме мен кәсіпорындарға жолданған азаматтардың бүгінгі таңда белігенген мерзімде жұмысты тұрақты істеп жатқандығы туралы мониторинг жүргізу арқылы қадағалауды жүзеге асыруды тиісті бөлімге тапсырды.

 

Қала әкімінің баспасөз хатшысы

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…