Түркістандықтар «Қала күні» мерекесін тойлады.

23-қазан күнгі Түркістанның «Қала күніне» арналған мерекелік бағдарлама келешекте бой көтеретін «Rixos Khadisha Turkistan» қонақ үйінің іргетасын қалаумен, «Royal Grand hotel» қонақ үй кешенінің ашылу салтанатымен бастау алды.

Сонымен қатар қала күнінің құрметіне орай «Арбат» алаңы бойында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнері музейлерінің «Түркістан – түркі әлемінің алтын бесігі» кеңейтілген экспозициясының көрмесі және Түркістан қалалық қолөнер шеберлерінің туындалары көпшіліктің назарына ұсынылды.

«Этно ауыл» кешенінде ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаның салтанатты шарасында өңір басшысы Ж.Түймебаев халыққа арнаған құттықтау лебізін білдіріп, қалаға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға Түркістан қаласының «Құрметті азаматы»  атағын тапсырды.

Сонымен қатар, қала басшысы Ә.Өсербаев Түркістанның өркендеуіне ерекше үлес қосқан азаматтарды «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» меділмен марапаттады.

Мерекеге жиналған көпшілікке облыстың дарынды өнер жұлдыздары мерекелік көңіл күй сыйласа, «Этноауыл» кешенінде ұйымдастырылған ұлттық спорттық ойындар мерекені қыздыра түсті. Спорттық ойындардың жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.

Қала күнінің мерекелік бағдарламасы кешкі «Есімхан» алаңындағы елімізге танымалы өнер жұлдыздарының концерті мен Нұр шашумен жалғасын табады.

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…