«Рухани жаңғыру Түркістан төрінен басталады»

Бүгін қала әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және 18 қазан «Рухани келісім күніне» орай «Рухани жаңғыру Түркістан төрінен  басталады» атты тақырыпта кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжілісте қала басшысы Ә.Өсербаев пен облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенұлы рухани шаһар, жаңа облыстың орталығы Түркістан қаласының келбеті мен ажарынатұрғындарды бір кісідей атсалысуға шақырып, ортақ мүдде - қаладағы қоғамдық тәртіпті жандандыру, мейрамханалар мен тойханалардың жұмысын бірлескен түрде жүйелеу барысы кеңінен талқыланды.  Бұл басқосуда облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы тарапынан «Түркістанның жүйесі» атты пилоттық жоба ұсынылды. Ол жобада қаланың қоғамдық тәртібі мен тазалығы, жастар арасындағы адамгершілік қағидаттарының ұстанымы, жиын-той өткізу дәстүріне кейінгі уақытта енген дақпыртпен астамшылыққа тоқтау қою, асабалардың той жүргізу мәдениеті айтыла келіп, барлық бағытта тәртіпті жүйелеу үшін  қоғамдық негізде көше комитеттерін құру туралы жоба ұсынылды.Бұл пилоттық жоба мәжіліске жиналғандар тарапынан қолдау тапты. 

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…