Елбасы жолдауындағы басым бағыттар талқыланды

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша мәжіліс өтті. 

Мәжілісте сөз алған  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі мен Абай атындағы №31 мектеп-гимназиясының мұғалімі Сәрсенбаева Ақерке Мемлекет басшысының кезекті жариялаған саяси құжатындағы  басым бағыттар мен міндеттерге кеңірек тоқталып, осыған дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаламызда қол жеткізген бірқатар жетістіктердіде айтып өтті.

Жарыс сөзде мінберге шыққан облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі А.Ашимбеков Президент Жолдауының халықтың табысын арттыруға, әлеуметтік әлеуетін жақсартуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын жеткізіп, барша жерлестерін маңызды құжаттағы Елбасының бастамаларын қолдауға және жүзеге асыру атсалысуға шақырды.

Мәжіліске қаладағы зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, этномәдени орталықтардың төрағалары, өкілдері және әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатыстырылды. 

 

 

 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…