Білім саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

  «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», - деп  Ыбырай Алтынсарин айтқандай, Түркістан қаласының ұстаздары бүгін өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Айтулы шара қалалық мәдениет үйінде шымылдығын түрді. Мұғалім мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатқан жиынның алғашқы сөзі қала әкімі Әліпбек Өсербаевқа берілді. Шаһар басшысы өз сөзінде білім беру саласында «Бұл – шын мәнiнде халықтық мереке. «Мұғалiмдер күнiнің» халықаралық мереке мәртебесiн алуы да тегін емес. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деген халық даналығы бар. Осы міндетті абыроймен атқарып келе жатқан білім саласы қызметкерлері ұрпақ тәрбиесіне деген адалдығының арқасында ұстаздық етуден жалықпаған өте еңбекқор жандар дер едім...»-деп, ыстық ықласымен сөз бастаған қала басшысы: ...«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген жаңалықтар орын алуда. Электрондық журнал және күнделікті енгізудің есебінен  «мектеп – ата-ана - оқушы» байланысы орнады, бұл өз кезегінде ата-ананың бақылауы және олардың оқу процестеріне белсенді қатысуларына мүмкіндік береді.  2018-2019 оқу  жылынан бастап 100 пайыз мектептер тек қана электронды күнделік жүйесімен жүргізілетін болады»-деп қалалық білім беру саласындағы бірқатар жаңалықтарға тоқталып, атап өтіп, ұстаздар қауымын меншікті мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.  Еткен еңбек текке кетпеген күнде бірнеше ұлағатты ұстаздар марапатталып, мерейлері үстем болды.Атап айтқанда, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары тарту етілді.   Сонымен қатар, мереке иелері Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің  «Құрмет грамотасымен» марапатталса, бірқатары қала басшысының алғыс хатына ие болды.

 Мерекелік кеш соңы талантты өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…