Ж.Түймебаев: "Түркістан мен Шымкент бір-бірін қолдап, қатарласа дамиды"

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы əкімдіктерінің арасында меморандум жасалды. Меморандумға қол қойған Түркістан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бір-бірін қолдап, бірге дамитынын айтты. "Өздеріңіз білетіндей биыл Шымкент қаласы республикалық маңызға ие мегаполиске айналды. Ал, 19 маусымда Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Бүгін республикалық статусқа ие Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Рахматоллаұлымен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып отырмыз. Елбасы 1 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Түркістан мен Шымкентті дамыту мəселесіне ерекше тоқталып өтті. Қырғызстанда өткен Түркі мемлекеттері басшыларының кеңесінде де Түркістанның маңыздылығына мән берді. Шымкент - Түркістан облысына ең жақын қала. Сондықтан өңірдің дамуына ең бірінші кезекте Шымкент қаласының қосар үлесі зор. Біз бір-бірімізді қолдай отырып, облыс пен қаланы, сол арқылы республикамызды дамыта беруіміз керек" деді Жансейіт Қансейітұлы.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…