Түркістанды түлетуге іскер азаматтар жұмыла кіріседі.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, облыс орталығы – Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардың барысымен таныстырды. Өңір басшысы Елбасының Түркістанды түлетуге аса назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек, еліміздің өзге өңірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті. Болашақта Қазақстанның ғана емес, бүкіл Түркі жұртының рухани-мәдени орталығына айналуы тиіс. Түркістанның ескі және жаңа келбетінен халық қалаулыларына фильм көрсетіліп, іскер азаматтарды шаһарды көркейтуде түрлі әлеуметтік нысандар мен ойын-сауық орталықтары сынды халыққа қажетті ғимаратты салуға шақырды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…