«Яссы» құс фермасының 2-кезеңі іске қосылды

2016 жылы Түркістан қаласындағы Оранғай ауылдық округінде жеке кәсіпкер А.Сыздықов «Яссы» құс өсіру фермасының 1- кезеңін ашып, италяндық «Факко» фирмасының құрал-жабдықтарымен жұмыс кезеңін бастаған болатын. Содан бері жұмыртқа өндіру бағытында жұмысын жүргізіп жатқан «Яссы» құс фермасында Германиялық «Ломан ЛСЛ» тұқымды 18 мың дана тауық өсіріліп, күндігіне 16 мың дана жұмыртқа өндірілсе, жылына 3-3,5 млн жұмыртқаны нарыққа шығаруда. Құс фермасының жалпы жер көлемі 15,0 гектар жерді құрайды.

Германия технологиясы бойынша жұмыс істейтін бұл өндіріс қазір қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы тауықтардың азығы ферманың өзіне тиесілі салынған шағын азық сақтайтын қоймада дайындалады. Қоспалы азықты дайындайтын арнайы соңғы үлгідегі техниканы да алдырып, бүгінде қоспалы жемді өздері әзірлеуде. Сапалы өнім алу үшін құстарға арнайы дәрумендер беріледі. Пайдалы қоспалар арнайы тапсырыспен алдырылады. Мұнда тәжірибелі ветеринар мамандар мен қатар 18 жұмысшы еңбек етеді.

Ал үстіміздегі жылы құс фермасының 2 кезеңінің құрылысына 30 млн теңге қаржы жұмсалып, 76 млн теңгеге Бельгиялық «Вали» фирмасының құрал-жабдықтары алынып, орнатылды. Бүгінде құс фермасының 2-кезеңі толығымен іске қосылды. Екінші кезеңіне 30 мың дана Голландиялық «Декалб» тұқымды шөжек әкелініп, өсірілуде. 
Екі кезеңнің жылдық өнімі 6-7 млн дана жұмыртқаны құрайтын болады.

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…