Түйе сүтінен құрғақ өнім шығаратын өндіріс іске қосылмақ

Түркістан қаласында 2016 жылы құрылысы қолға алынған түйе және бие сүтінен құрғақ сүт өнімдерін шығаратын «Golden Сamel group LTD» ЖШС жуырда іске қосылмақ.

Жылына 2500 тн құрғақ сүт өндіретін жобаның құны 7 млрд 450 млн теңгені құрайды. Өңірдің өндірісіне қомақты қаржы салған кәсіпорын басшысы Янг Джи мырзаны бүгін қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев қабылдап, кәсіпорынның құрылымы туралы кеңірек талқылады. Қыркүйек айындағы Елбасының жаңа облыстың орталығы болған Түркістанға сапарында «Golden Сamel group LTD» ЖШС-нің ашылу салтанатына қатысу жоспарланып отырғандығы және осыған орай кәсіпорындағы барлық бағыттағы жұмыстар межеленген уақытында аяқталу керектігі айтылды.   

Кездесу барысында Янг Джи мырзаның айтуына қарағанда кәсіпорында сүттің құрғақ таблеткалы түрлері мен косметикалық құралдар және алдағы уақытта түйе етінен консервілер шығаруды жоспарлап отыр.  Сонымен қатар Янги Джи мырза Түркістандағы түйе кластерін дамытуға бел байлағандығын үлкен жеңіс санап, өндірісінің бағыттары мен механизмдерін одан әрі жетілдіре түсетіндігін, бұдан өзге келешекте 5 кәсіпорын салу жоспарында бар екендігін айтты.

Ал қала басшысы Ә.Өсербаев өз кезегінде: «Түркістанның өндірісін өркендетуге инвестиция саламын деген кез келген кәсіпкерге қолдау көрсетуге жергілікті билік әрқашан дайын. Тоғыз жолдың торабы сауда мен туризмнің орталығына өте қолайлы Түркістанға Түркия, Ресей, Корея, Израль сияқты дамыған елдердің алып инвесторлары инвестиция салуға көптеп қызығушылық танытып отыр. Қаламызда индустриалды аймақ пен сауда-логистикалық орталықтың басты негізі жасалған. Ендігі мақсат осы аймақ пен орталықтың жұмысын өркендету. Көне шаһардың жаңа статусына орай қаланың даму динамикасын одан әрі арттыруға қажетті бағыттарды жетілдіру, тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру, индустриалды аймақта орналасатын инновациялық-инвестициялық жобаларды көптеп тарту, шағын және орта бизнесті жетілдіре отырып, өндірісті дамыту, қаланың логистикалық мүмкіндігін арттыру, шаһарды туризм орталығы ретінде дамыту бойынша бағыттарымызды жаңғырту бүгінгі күннің басты талабы» деп ойын топшылады. 

Аталған кәсіпорын іске қосылғанда 100-ге жуық жұмысшылар жергілікті тұрғындардан алынатын болады. Сонымен қатар Түркістан облысына қарасты барлық аудан қалалардың түйе шаруашылықтарынан шикізат алу көзеделіп отыр. Бұл кәсіпорын өнімдері негізінен Қытай мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…