«Астанадан ақ тілек» өнер жұлдыздарының гала концерті

30-шілде де Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы мен қазақстандық танымал өнер жұлдыздары Елорданың 20 жылдығына орай «Астадан ақ тілек» атты гала концертімен Түркістанның тұрғындарына мерекелік көңіл- күй сыйлады. Мерекелік кештің алғы сөзін алған қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Астаналық өнер ұжымына алғысын білдіріп, Елорданың мерейтойына деген құттықтауын арнады. Сонымен қатар осы өнер ұжымын бастап келген Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасарыМұхамбеталина Нарима Абылқызына, өнер ұжымына арналған арнайы алғыс хаты мен сый сияпатын табыстады.

Концертте Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының ұлттық дәстүрлі «Тұран» саз тобы, «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистерімен қатар, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Клара Төленбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева, 
Асқар Жайлаубаев, Бауыржан Исаев, Дос және Алмас Кішкенбаев сынды отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, талғамы биік тыңдармандар мен патша көңілді көрерменнің жүрегіне жол тауып, керемет кеш сыйлады.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…