Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты мақсат


Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты мақсат

Қазіргі таңдабiз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол –сыбайластық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi түбегейлі толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

            Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қай жерде аз жинақталса, сол мемлекет қана шын мәнісіндегі экономикалық өркендеуге қол жеткізетіні ақиқат. 
Бүгінгі күні жемқорлық, ол - өз мүддесі үшін заңдарды айналып өту жолдарымен материалдық және заңды артықшылықтарды алу, ол - «өз» адамдары есебінен жеке проблемаларын шешу. Ең басты салдары -мемлекеттік қызмет көрсету сапасын төмендету, көлеңкелі экономиканың өсуіне тиімді алғышарттарды құру, криминалды құрылымдардың бағыттарын, халықаралық терроризм мен экстремизм бағыттарын нығайту сияқты сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз зардаптарының    бар            болуы.
          Жемқорлық қоғамның барлық саласына - экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа іріткі салуға ықпал етеді, ал оның осы көріністерден туындайтын жағымсыз зардаптары алға басқан қоғамның дамуына бөгет болады, сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне де нақты қатер төндіреді.
            Осы орайда, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүргізуге міндетті. Жалпы, ертеңі үшін елеңдейтін әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.
            Қорыта айтқанда, 
елiмiзде сыбаластықтың жолын кесу бойынша соңғы жылдарда біршама заңнамалар қабылданды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы 410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Осы тұрғыда  қолданылып жатқан шаралар қоғамымызда алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес жолында  елеулі қорытынды беретініне сенеміз және жемқорлықтың жолын кесу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының басты мақсаты болуы керек.

«ХҚКО» № 1 Түркістан қалалық

 бөлімінің инспекторы Ү. Нәлібай