Шымкенттің Абай ауданында тағы бір ХҚКО ашылды


Енді Шымкент тұрғындары Қызылжар шағын ауданы, Хамза көш.,                          33 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығында барлық қажетті анықтамаларды алып, құжаттарды ресімдейтін болады.Жаңа ХҚКО есептей келгенде Шымкент ауданының Абай ауданындағы екінші ХҚКО болып отыр, бұған дейін аталған ауданда Мәделі қожа көш., 1Г мекенжайы бойынша тек бір ғана Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасаған болатын.
«ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Серік Авганбайевтың айтуына қарағанда екінші ХҚКО құру қажеттілігі Абай ауданының ХҚКО-сына келушілер санының артуымен байланысты туындап отыр. «Аталған ауданның халық саны 200 мыңнан астам адамды құрайды және олардың барлығы бір ғана ХҚКО-ға жүгінеді, бұл оған көп жүктелім түсіреді. Енді бұл проблема шешіледі деп ойлаймын және екінші ХҚКО-ның ашылуы мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.
Жаңа ХҚКО-да 35 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау мен беру үшін 20 жұмыс орны жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, Авганбайевтың айтуынша, көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударылды: ХҚКО жаңа жиһазбен жабдықталды, 30 автомобильге арналған тұрақ бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жайпақ пандус қарастырылған, шақыру батырмасы жұмыс істейді.
Жаңа ХҚКО есептей келгенде Шымкенттегі 7-інші ХҚКО болды. Бұған дейін қалада 6 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтын.
Айта кетейік, 12 айда Шымкенттің ХҚКО-ларында 1,6 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылды, оның ішінде 1,1 миллионнан астам қызмет – электрондық нысанда көрсетілді.
Анықтама ретінде:
Абай ауданының № 7 ХҚКО бөлімі Шымкент қ., Қызылжар шағын ауданы, Хамза көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан.
Жұмыс кестесі: ДС-СБ, сағат  9.00 минуттен сағат 20.00 минутке дейін, үзіліссіз.
                «ХҚКО» РМК баспасөз қызметі