«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге   кетуге       арналған құжаттардыресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін   қызмет     стандарты туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге        арналған            құжаттарды   ресімдеу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.
         Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1)көрсетілетін           қызметті         беруші;
2)Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке өтініш беру көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 күнде орындалады. ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету  мерзіміне       кірмейді.
          Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.  Көрсетілетін қызметті алушы (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкiлдерi (ата-анасы, қамқоршылары, қорғаншылары) жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар өкілдікке өкілеттікті растайтын құжаттар ұсынады (балалар және сот әрекетсіз    деп      таныған азаматтар):
    1)өтiнiш-сауалнама осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
    2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлiгi, паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап   етіледі);
   3) кететін адамдардан заң бойынша алименттер алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан (ата-анасы және егер бiрлескен некеден кәмелетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайлары) олардың шығуына қарсылығы жоқ екенi туралы нотариалды куәландырылған өтiнiш. Көрсетілетін қызметті алушы қандай да бiр себептермен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайларда мәселе сот тәртiбiнде шешiледi;
  4) әскери есептен шығарылғаны және әскери билетiн тапсырғаны туралы анықтама;
  5) қамқоршылық және қорғаншылық органдарының шығу туралы шешiм қабылдау кезiнде 10 жасқа толған баланың пiкiрiн ата-анасының не өзге де заңды өкiлдердiң есепке алуы        туралы            қорытынды;
6) 18 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бiрiмен бiрге тұрақты тұрғылықты тұруға шығуы кезiнде - Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсiнiң нотариалды куәландырылған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртiбiмен            шешiлуi          мүмкiн;

7) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн, ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда,растайтын құжаттың            көшiрмесі;

Түркістан қалалық №2 ХҚКО-ның инспекторы Б.Аркабаева