Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңы

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасына, 20-бабының 3-тармағына және 22-бабының1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.11.2016 № 982 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

 

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
1-қосымша

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.04.2017 № 103 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен

      1. Осы Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің (бұдан әрі – жеке көмекшінің қызметтері) және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының (бұдан әрі – ымдау тілі маманының қызметтері) әлеуметтік қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке көмекші – шарт талаптарымен мүгедекпен бірге оның тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін өзге де ұйымдарға барған кезде ілесіп жүру бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман;

      2) ымдау тілі маманы – еститін және естімейтін адамдардың арасындағы делдалдық қызметті көрсетумен: мүгедектің конференцияларға, пікірталастарға және басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысуы уақытында, мүгедектің оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, мемлекеттік органдар мен консультациялық ұйымдарда ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін еститін адамдармен араласуы кезінде ымдау тілінен және ымдау тіліне кәсіби аударма жасауға байланысты әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман.

      3. Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген ОЖБ негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі

      4. Жеке көмекшінің қызметтерін алу үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер және естуі бойынша мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.

      5. Жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

      3) мүгедектікті белгілеу туралы;

      4) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      6. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – көрсетілген адамдар өтініш берген кезде;

      3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

      4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

      5) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      7. Өтінішті қабылдаған жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, сондай-ақ өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      8. Жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ның орындалуы не орындалмауы жөніндегі деректерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) енгізеді.

      9. Құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімдері құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) еркін нысанда жібереді.

      Жұмыспен қамту бөлімдері хабарлама бергеннен кейін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күні жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етілуге тиіс мүгедектер туралы тізімдерді жасайды және көрсетілген қызметтерге қажеттілікті қалыптастырады.

      10. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді қоспағанда, жұмыспен қамту бөлімдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін сатып алуды жүргізеді.

      11. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу шарттары, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен ұсынылатын қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.

      12. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту бөлімдері әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттық жалақысы мөлшері есебімен, бірақ күніне 8 сағаттан асырмай, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүргізеді.

3-тарау. Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну тәртібі

      13. Ымдау тілі маманының қызметтерін алу үшін естуі бойынша мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) жұмыспен қамту бөлімдеріне өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.

      14. Жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпараттық жүйелеріне мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

      3) мүгедектікті белгілеу туралы;

      4) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      15. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – көрсетілген адамдар өтініш берген кезде;

      3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

      4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

      5) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өтінішті қабылдаған жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, сондай-ақ өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      17. Жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ның орындалуы не орындалмауы жөніндегі деректерді "Е-Собес" ААЖ-ға енгізеді.

      18. Жұмыспен қамту бөлімдері құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) еркін нысанда жібереді.

      Жұмыспен қамту бөлімдері хабарлама бергеннен кейін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күні ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етілуге тиіс мүгедектер туралы тізімдерді жасайды және көрсетілген қызметтерге қажеттілікті қалыптастырады.

      19. Жұмыспен қамту бөлімдері мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін сатып алуды жүргізеді.

      20. Жұмыспен қамту бөлімі мен ымдау тілі маманының арасындағы қатынастар шартпен ресiмделедi.

      21. Жұмыспен қамту бөлімі мен ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынатын үкіметтік емес ұйым арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресімделеді.

      22. Ымдау тілі маманының қызметтеріне ақы төлеу шарттары, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен ұсынылатын қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.

      23. Ымдау тілі маманының бір сағаттық қызметіне ақы төлеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен айлық жалақының он бес пайызы мөлшері есебімен, бірақ бір мүгедекке жылына алпыс сағаттан асырылмай жүзеге асырылады.

      Ымдау тілі маманының жылына алпыс сағаттан артық әлеуметтік қызмет көрсетуіне кеткен уақытын мүгедек өз қаражаты есебінен төлейді.

 

Оңалтудың жеке
бағдарламасына сәйкес жүріп-
тұруы қиын бірінші топтағы
мүгедектер үшін жеке
көмекшінің және естуі бойынша
мүгедектер үшін жылына алпыс
сағат ымдау тілі маманының
әлеуметтік қызметтерін ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

      1. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:

      1) толық соқырлық;

      2) түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;

      3) елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;

      4) елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;

      5) паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);

      6) елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;

      7) гемиплегия, триплегия, параплегия;

      8) елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);

      9) елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);

      10) буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;

      11) қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;

      12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;

      13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;

      14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;

      15) жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

      16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;

      17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.

      2. Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:

      1) керең-мылқаулық;

      2) есту протезін қолдануға жарамсыз толық кереңдік;

      3) есту протезін қолдануға жарамсыз ІV дәрежедегі құлақ мүкістігі;

      4) қимылдық афазия;

      5) көмекейдің болмауы медициналық көрсетілімдер болып табылады.

      3. Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар:

      1) бактерия тарататын туберкулез (БК+);

      2) жұқпалы тері және шаш аурулары;

      3) жыныс аурулары;

      4) адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АИТВ) туындаған ауру;

      5) неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

 

Оңалтудың жеке
бағдарламасына сәйкес жүріп-
тұруы қиын бірінші топтағы
мүгедектер үшін жеке
көмекшінің және естуі бойынша
мүгедектер үшін жылына алпыс
сағат ымдау тілі маманының
әлеуметтік қызметтерін ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

 

Астана мен Алматы
қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органының басшысына
____________________________
____________________________

Оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға
өтініш

      Тегi ____________________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________________

      Әкесiнiң аты (бар болса) __________________________________________________________

      Туған күнi ______________________________________________________________________

      Мүгедектiгi _____________________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат түрі ______________________________________________

      Құжаттың нөмірі: ______________ кім берген: ________________________________________

      Берілген күні: "___" ________ ________ жылы

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:_________

      Тұрғылықты тұратын мекенжайы (тіркелген):

      Облыс __________________________________________________________________________

      қала (аудан) ____________________ауыл: ____________________________________________

      көше (шағынаудан)________________________ үй _____ пәтер _________________________

      Телефон ________________________________________________________________________

      Қызметтер ұсыну үшін құжаттар қабылдауды сұраймын:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар,

      міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының

      қызметтері, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар)______________________________

                              (қажетінің асты сызылсын, жазылсын)

      Міндетті гигиеналық құралдар және (немесе) кресло-арбалар ұсынуға өтініш беру кезінде:

      салмағы ______ кг., бойы _________ см., бөксе ауданы __________ см. жазылу керек.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

      Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін

      құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін.

      "____"__________ 20____ жыл.

      ________________________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

      ________________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      "____"__________ 20____ жыл.

      ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

                                          (қию сызығы)

      Азамат __________________________________ өтініші қабылданды.

      Өтініш қабылданған күн "____" __________20 ____ жыл.

      ________________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
2-қосымша

Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.04.2017 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну тәртiбiн белгілейдi.

      2. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сай мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi – жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.

      3. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – облыстық басқармалар), Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – қалалық басқармалар) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алады.

      4. Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды қалалық басқарма, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi – жұмыспен қамту бөлімі) жүргiзедi.

      5. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналын (бұдан әрі – журнал) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргiзедi.

      Журнал нөмiрленеді, тігіледі және қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің мөрімен расталады.

2-тарау. Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну тәртібі

      6. Мүгедектер және мүгедек балалар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша қалалық басқармаға немесе жұмыспен қамту бөліміне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.

      7. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің және мүгедек баланың жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

      3) мүгедектікті белгілеу туралы;

      4) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы;

      5) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін);

      6) мүгедектіктің белгіленуіне кінәлі жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін) мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      8. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) мүгедектің және мүгедек баланың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – өтінішті көрсетілген адамдар берген кезде;

      3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

      4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

      5) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмесі – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған немесе/және кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;

      6) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      9. Өтінішті қабылдаған қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      10. Мүгедек және мүгедек бала санаторий-курорттық емдеуге жіберілген жағдайда денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшірмесі тұрғылықты жері бойынша қалалық басқармаға немесе жұмыспен қамту бөліміне ұсынылады.

      11. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ның орындалуы не орындалмауы жөніндегі деректерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      12. Құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтініш берушіге санаторий-курорттық емделу ұсынуға құжаттар рәсімдеу туралы хабарламаны еркін нысанда жібереді.

      13. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтiнiш берген, ОЖБ-ға сәйкес санаторий-курорттық емделу ұсынылған мүгедектер мен мүгедек балалардың тiзiмдерiн қалыптастырады.

      14. Өтінiштердi тiркеудi қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі олардың келiп түсу тәртiбiмен жүзеге асырады.

      15. Жұмыспен қамту бөлімі қалыптастырған тiзiмдер жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей облыстық басқармаға ұсынылады.

      16. Облыстық басқарма ұсынылған тiзiмдерге сәйкес жолдамаларды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыспен қамту бөлімдері арасында бөледi.

      17. Санаторий-курорттық жолдамалар мүгедектерге және мүгедек балаларға мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған санаторий-курорттық ұйымдарға беріледі.

      18. Жолдаманы қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің қолына бередi.

      19. Жолдама беруден бас тартылған жағдайда қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бас тарту жауабын береді.

      20. Жолдаманы белгілі бiр себептермен (қайтыс болу, сырқаттану және қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі дәлелдi деп таныған басқа да) пайдалануға мүмкiндiк болмаған жағдайда, ол қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне қайтарылуға және кезектiлік тәртiбiмен басқа адамға берiлуге тиiс.

      Жолдаманы қайтару журналда белгiленедi.

      21. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама мүмкiндігінше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға жататын жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейiн үш күннен кешiктiрiлмей ауыстырылады.

      22. Жолдамалар күнтiзбелiк жылда бiр рет, облыстық басқарма (қалалық басқарма) белгiлейтін мерзiмге беріледi.

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

      1. Жіті сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы немесе жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емдеуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.

      2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.

      3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.

      4. Қатерлі жаңа өскіндер.

      5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.

      6. Психикалық аурулар. Нашақорлық пен созылмалы маскүнемдіктің барлық түрлері.

      7. Құрысу талмалары және олардың эквиваленті, ақыл-ес кемістігі, мінез-құлықтың және әлеуметтік бейімделуінің айқын байқалатын бұзылыстары бар адамның патологиялық дамуы.

      8. Синкопалдық жай-күйі.

      9. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.

      10. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.

      11. Акушерлік паталогия болған жағдайда барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторий-курорттық емделуге жіберу сәтінде).

      12. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).

      13. Кез келген текті кахексия.

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

Өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналы

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мүгедектiгi

Үйінің мекенжайы және телефоны

Өтiнiштi қабылдау күні

Өтiнiштi кім берді

1

2

3

4

5

6

1.

2.

3.

      (кестенің жалғасы)

Емдеушi дәрiгерлер ұсынған санаторий

Жолдама берілген санаторийдiң атауы

Жолдама берілген кезең

Өтiнiш берушiнiң не жолдама алған адамның қолы

Жолдаманың қайтарылған күнi және себептерi

7

8

9

10

11

      Ескертпе: Журнал өтiнiштердiң келiп түсу шегіне қарай қатаң дәйектiлiкпен толтырылады.

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

      Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың

      және облыстық маңызы бар қалалардың

      жергілікті атқарушы органының басшысына

      ____________________________

      ____________________________