Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қаулы

                                                                                                              ЖОБА

Түркістан облысы

Түркістан қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ


 2019 жылғы «_____»  желтоқсан                                                      №_______ 

Қалалық коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін
аудару нормативін белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қалалық коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Базарқұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімі                                          Р.Аюпов




                                                                             Түркістан қаласы әкімдігінің  

                                                                             2019 жылғы «    » желтоқсандағы   

                                                                             қаулысына қосымша



Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі

1.     Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

2.     Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.