Қала әкімі Р.Аюповтың 2019 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасы

Қала  әкімі  Р.Аюповтың  2019 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша Түркістан қаласының  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасы

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айына 50,1 млрд.теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 5,2% артты.

Оның ішінде:  

-   өнеркәсіп саласына 11,7 пайыз (5,9 млрд.теңге),

-   ауылшаруашылық саласына 3,6 пайыз (1,6 млрд.теңге),

-   орындалған құрылыс жұмыстары 23,1 пайыз (11,5 млрд. теңге),

-   тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 61,9 пайызы (31,0 млрд.теңге) тиесілі.

2019 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі жан басына шаққанда 298,1 мың теңгені құрады (2018 жылдың есепті кезеңінде 251,8 мың теңге).


Өнеркәсiп және кәсiпкерлiк саласы

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2019 жылдың қаңтар-шілде айына 5 930,8 млн.теңгенiң өнімі өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 3,4 % құрады.

Өнеркәсіп өнімі бойынша қаланың облыс көлеміндегі үлесі 2,1 пайызды құрап, аудандар бойынша 9 орында.

Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны  11 589,2 млн теңгені құрайтын 16 жоба енгiзiлген. Осы кәсіпорындарда 1002 жұмыс орын ашу көзделген.              

Индустриалды аймақ

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта (40 га) 1040,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Осы аймақта 7737,2 млн.теңге, 21  жоба  жаңа 956 жұмыс орны құрылады.

2015-2019 жылдар аралығында жоба құны 1908,0 млн. теңгені құрайтын 7 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтті. Олардан 349 жұмыс орны ашылып, 1,3 млрд теңге инвестиция тартылды. 2019 жылдың қантар-шілде айларының қорытындысымен  индустриалды аймақтағы  жобалардың өндірілген өнім көлемі 1193,4,0 млн.теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп өнім көлемінде үлесі 20,1  пайызды құрады.

2019 жылы индустриалды аймақтан жоба құны 1000,4 млн.теңгені құрайтын 3 жобаның  жүзеге асырылуы жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орны -92.

Шағын және орта бизнес              

2019 жылдың қаңтар-шілде айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 10 983 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi (2018 ж-13 484 бірлік) субъектiлерiнiң саны 10 513 немесе 95,7 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған адам саны 25 949, (2018 ж- 25 401 адам)  және өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 50,1 млрд. теңге, (2018 ж-35,2 млрд.теңге)  бюджетке төленген салық көлемі 651,6 млн.теңгені құрады.

Инвестиция

Негізгі капиталға тартылған 2019 жылы қаңтар-шілде айына 26 591,4 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2,3 есе артты.

       Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 8 414,1 млн. теңге (54,9 есе), жергілікті бюджет есебінен 4 645,1 млн. теңге (146,8 пайыз), 11 232,5 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен  (146,3 пайыз),басқада қарыз қаражаты 2299,7 млн.теңге (2,8 есе)

  Бұл көрсеткіш бойынша облыстың инвестиция көлемінің 14,8 пайызын немесе басқа аудан мен қалалардың ішінде 4 орында.

Ауыл шаруашылығы

   Ауыл шаруашылығы саласында 1 648,0 млн. теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiлiп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады, немесе көрсеткішінен жоғары  өзге қаламен аудандары көрсеткіштері бойынша 10 орын, облыс (102,3%).  

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі 104,5 пайызға жоспарланған, 2019 жылдың қаңтар-шілде айында жалпы өнім көлемі 1 648,0 млн теңгеге, нақты көлем индексі 103,6  пайызды құрады.

Бiлiм саласы

Білім бөліміне қарасты 35 күндізгі мектепте (2 жекеменшік мектеп) 39052 оқушы білім алуда. 

2019 жылғы оқу жылында Шымкент қаласына 33 мұғалім, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты, педагогикалық шеберлік орталығы базаларында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 493 мұғалім білімдерін жетілдірді.

Қала бойынша 3-6 жас аралығында 787 бала балабақша кезегінде қойылған. Мемлекеттiк 21 балабақшада 4 202 бала, 64 жекеменшiк балабақшада 8 871 бала, 28 шағын орталықтарда 2 969 бала, жалпы 3-6 жас аралығындағы 16 042 бала  мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылып,  бұл  95,3 пайызды құрап отыр.

Денсаулық  сақтау

Бүгінгі таңда қала халқына медициналық көмекті облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 16 медициналық мекеме, оның ішінде 6 емхана, 2 амбулатория, 1 жедел жәрдем стансасы, 7 аурухана көрсетеді.

Балалар өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2019 жылы қаңтар-шілде айында 15 бала шетінеп, көрсеткіш 5,5 болды.  Түркістан қаласы бойынша  2 732 сәби дүниеге келген.  Өткен жылдың тиісті мерзімінде 35 сәби шетінеп,  көрсеткіш  8,3 пайызды құраған (4 199 сәби дүниеге келген).

Әлеуметтiк сала

Қала халқының саны 168 088 адамды құрады, оның iшiнде экономикалық тұрғыдан белсендi халық 53 069 адам.

Жұмыссыздар саны 2 669 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейi 5,0 пайызды құрады. Есептi мерзiмде 2180 адам жұмыспен қамтылды, орындалуы 46,0 пайызды құрап отыр. Оның iшiнде санаттары бойынша:

- Жұмыссыздар – 480 адам.

-Өздiгiмен жұмыспен қамтылғандар – 542 адам.

- Жұмыс iздеушiлер –1158 адам.

Мәдениет, спорт және туризм

Мәдениет 2019 жылдың  7 айында қала көлемінде іс-шараға  88,9 мың адам қатысқан  101   мәдени шаралар өтті.

  Спорт. 2019 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен ұдайы шұғылданушылар саны 49 980 адам, яғни  29,9 пайызын құрап отыр.

2018 жылдың 7 айында 122 спорттық   іс-шара өткізіп, осы спорттық іс-шараларға  12 124 адам қамтылса. 2019 жылдың  7 айының  қорытындысы бойынша  144  спорттық іс-шара өткізіп, осы спорттық іс-шараларға 14 964 адам қамтыды.

  Туризм. 2019 жылы қаңтар-шілде айларында қалаға 827,1 мың зияратшылармен туристер, оның iшiнде 26,0 мың адам алыс-жақын шетел азаматтары келген болса, 2018 жылдың тиісті мерзімінде жалпы 780,4 мың зияратшылар мен туристер келген, оның iшiнде 25,5 мың адам алыс-жақын шетел азаматтары.

    Құрылыс                           

  2019 жыл қаңтар-шілде айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 11 540,0  млн.теңге немесе 75,0 пайызға артты, 2018 жылдың тиісті кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі 6 480,1 млн.теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың құрылыс көлеміндегі үлесі 18,2 пайызын құрайды немесе басқа аудан мен қалалардың ішінде 2 орында.

  2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 86,8 мың ш.м жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілген (жоспар 72,2 мың ш.м.), 2018 жылмен   салыстырғанда 152,2 пайызды  құрады.


Табиғи газбен қамтамасыз ету

Жалпы Түркістан қаласы бойынша бүгінгі таңға 10 518 абонент табиғи газбен қамтылып, жалпы қала халқын газдандыру көрсеткіші 26,4% құрады.

Бүгінгі таңға қала халқын 100% газбен қамту мақсатында ІІ-ІІІ кезеңнің 11 нысанның жобалары әзірленіп, 7 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 4 нысанның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қыркүйегінді басталатын болады. Жалпы магистралды және ішкі жүйелердің сметалық құны – 20,27 млрд теңге қаржыны құрайды.

Нәтижесінде 2019 жылдың соңына дейін 30 587 абонент табиғи газбен толық қамтылады, 2020 жылдың соңына дейін Түркістан қаласындағы 52 037 абонет толық табиғи газды пайдаланатын болады.

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету

Қаланың жалпы тұрғындарының (168,1 мың адам) таза ауыз сумен – 95,0% орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.

Облыс орталығы болуына байланысты 2025 жылға дейін қала халқы 310 мың адамға өскен жағдайда, қолданыстағы 20 мың м3 құрайтын су қоймасынан тәулігіне 39,6 мың м3 берілетін ауыз су жеткіліксіз болады.

Сарқынды су бойынша

Түркістан қаласында жоба бойынша қуаттылығы 20 мың м3/тәулігіне сарқынды су тазарту имараты және 72 шақырым магистральды сарқынды су құбырлары 2014 жылы іске асырылды. 

Бүгінгі таңға 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 11,9 пайызды құрап, 4 600 абонент пайдалануда.

Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 9 нысанға қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы халқының өсуіне орай қуаттылығы – 75,0 мың м3/тәулігіне су тазарту имаратының құрылысын салу үшін 20,0 млн теңге бөлініп жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Электр қуатымен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы бойынша қазіргі уақытта 28 мВт қуаттылығы 9 электр подстанциясы бар.  Қолданыстағы электр подстанциялары арқылы 34,2 мың абонент қамтылған.

Бұл қосалқы станциялар келешекте «Отырар» мөлтек ауданына, яғни көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік және әкімшілік іскерлік орталығындағы нысандарға және қала халқының 350 мыңға өскен жағдайда қажетті электр қуатын бере алмайды. Жеткілісіз электр қуаттылығы 16 мВт.

Сондықтан сапалы және қажетті электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында төрт нысанның жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға  облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінуде.

Орталық жылу қазандығын қатты отыннан, табиғи газға ауыстыру бойынша:  Жылу» МКК-де қатты отыннан табиғи газбен жұмыс жасайтын қазандық орнатуға ЖСҚ дайындалып, сараптамаға жіберілді. Жоба бойынша жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарының құны – 1 336,0 млн.теңгені құрайды.

Автомобиль жолдары

Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 845 шқ құрайтын 875 көше бар. Оның ішінде: Жалпы жолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 8160,6 млн.теңгеге 17,8 шқ. күрделі жөндеу (5 көше), 68,56 шқ. орташа жөндеуден (62 көше) жұмыстары жүргізіледі.        

- Жол жабындысын жүргізу жоспарының жұмыс көлемі 91 % - ға;

- Жиектас (бордюр) жүргізу жоспарының 89 %-ға;

- Аяқ жол салу жоспарының 92 % - ға;

- Суағар жүргізілу жоспарының 89 % - ға орындалды.

Яғни, жалпы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 62 нысанның, 53 жұмыс аяқталған (асфальт салу, аяқ жол мен вело жол және суағар жүргізу).


Тұрғын үй құрылысы бойынша

Әкімшілік-іскерлік орталығында “Нұрлы Жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы басталып 2019 жылға өтпелі  20 тұрғын үй құрылысы (1200 пәтер, 61,5 мың ш.м.) жыл соңына дейін, пайдалануға беріледі.

- арендалық 10 тұрғын үй (600 пәтер, 30,7 мың ш.м.) құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып маусым айында қабылдау актісі жүргізіліп пайдалануға берілді;

- 1 тұрғын үй (60 пәтер, 3,1 мың ш.м.) қазан айында пайдалануға беріледі, 9  тұрғын үй (540 пәтер, 27,7 мың ш.м.) желтоқсан айында пайдалануға беріледі;

Сонымен қатар, 7 қабатты 14 тұрғын үйдің (47,0 мың ш.м., 672 пәтер) құрылысы басталды. Сондай ақ, Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойында орналасқан 7 қабатты 10 тұрғын үйдің (60,0 мың ш.м., 960 пәтер) құрылысы басталды.


Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 13 606 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның ХҚКО арқылы 5624 мемлекеттік қызмет көрсетілді, электронды түрде 5 187, тікелей-1507, егов порталы арқылы -1163,баламалы түрде көрсетуге мүмкіндігі болсада тікелей көрсетілгендер-124 қызмет көрсетілген.

Құжат айналымы

Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2019 жылдың қаңтар-шілде айларына  азаматтардан 3 225 өтініш, 25 шағым келіп түсті. Бұл 2018 жылдың        осы   кезеңімен салыстырғанда 157 өтінішке артып отыр (2018 жылдың есепті кезеңінде 3093 өтініш тіркелген). Оның ішінде:

- жеке тұлғалардан 2569 өтініш;

- заңды тұлғалардан 338 өтініш;

- қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауы 181 өтініш.


  Қоғамдық-саяси ахуал

Түркістан     қалалық Қоғамдық  кеңесі, Түркістан қалалық Қоғамдық келісім кеңесі, т.б.азаматтық қоғам институттары үйлестіріп отырады. Бүгінгі таңда жергілікті          кәсіпорындар мен мекемелерде Түркістан қалалық Қоғамдық кеңестің өкілдері          жұмыс жасайды. Қалада үкіметтік емес ұйымдардың жалпы саны 23, оның 3-і  этно-мәдени орталық, 20-ы қоғамдық бірлестіктер жұмыс атқаруда. Бірнеше этностың өкілдері мекендейтін Түркістан қаласында бүгінде 3 этно-мәдени орталық, яғни     «Түркістан қалалық өзбек мәдени орталығы», «Оңтүстік Қазақстан  облыстық славян мәдени орталығының филиалы», «Ахыска» Түрік мәдени орталығы» жұмыс жасайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған іс-шаралар туралы

Қала әкімімен бекітілген 2019 жылғы қаңтарда «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын Түркістан қаласында іске асыру жөніндегі жылдық жоспар жасалынды. 2019 жылы 12 маусымде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялағанына және қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап бергеніне 2 жыл толды. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай «Рухани жаңғыружарқын жолдар бастауы!» атты  іс – шара болып өтті.

Қоғамдық қауіпсіздік

Жалпы 851 құқық бұзушылықтар тіркеліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 34,9 пайызға азайды.

Оның ішінде: ауыр  137  жағдай тіркелген өткен жылмен салыстырғанда 44,2 пайызға артты және аса ауыр қылмыстар бойынша 3 жағдай тіркелген өткен жылмен салыстырғанда 72,7 пайызға төмендеген. Қылмыстың ашылуы 82,3 пайызды құрады (обл.84,3 пайыз).

Қорыта айтқанда, атқарылған жұмыстардан бөлек алда межеленген жобаларды іске асыру міндеті тұр. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, нәтижелі табыстарға қол жеткізуге күш салатын боламыз.