Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1, 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1,2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар 

мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие

Жылдың басынан Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 485 рет сапарға шығып,  700 астам мемлекеттік қызмет түрі үйге бара отырып көрсетілді.

Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз. ХҚКО-ларға «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған. 1, 2 – топтағы мүгедектерге үйлеріне барып қызмет көрсетудеміз. Сонымен қатар, мүгедектердің компьютерлік сауатын ашып, көрсетілетін қызметті өз ыңғайына қарай пайдалана алуы үшін электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретудеміз.

        «Үйде көрсетілетін қызметтердің ішінде мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүлкінің жоқ/бар екендігі туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар көп сұранымға ие. Сол сияқты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу және кезекке қою, төлқұжаттар мен жеке куәліктер ресімдеу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу сияқты қызметтерге де сұраныстар түседі», - дейді «ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Серік Авганбайев.

      ХҚКО- ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414»  бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.  

«ХҚКО» РМК ОҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі