Кітапхана оқу залында "Қара сөзбен Сарасөздің Дарабозы" атты кездесу кеш ұйымдастырылды

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақала аясында Туған жер бағдарламасы бойынша жергілікті жазушы, әдебиет сыншысы Құлбек  Ергөбекпен    мектеп оқушылары арасында кездесу кеші ұйымдастырылды.. Мектеп оқушыларын кітапханашы Гүлжамал Абдуллаева  Құлбек Ергөбектің  еңбектері және  өмірбаянымен таныстырып өтті. Құлбек Ергөбек өзінің демеуімен ашылған "Түрік халықтар галереясы" және ұстазы Бейсенбай Кенжебаевқа арнап ашкан музейімен таныстырып өтті". Кездесу кешіне қатысқан оқушыларға Құлбек Ергөбек  өзінің  жазған  кітаптарын  сыйға  тарту  етті.