ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ

         

Қала әкімінің 2011 жылғы
08 шілдедегі № 126 өкіміне қосымша

Түркістан қаласы әкімі аппаратының жұмыс регламенті

                    

      1.Жалпы ережелер

1.1. Түркістан қаласы әкімінің аппараты /әрі қарай аппарат/ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қала әкімі қызметтерінің ұйымдық, ақпараттық талдау, құқықтық, материалдық – техникалық және басқалай жағынан қамтамасыз етілуін, оның облыс әкім аппаратымен, аумақтық органдармен, ауылдық округ әкімдерімен, қалалық мәслихатпен, қала аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан өзге де ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара бірлескен іс – қимылын жүзеге асырады. Қала әкімі, оның орынбасарлары, аппарат жетекшісі, кеңесшілері арасындағы міндеттерді бөлу қала әкімі өкімімен бекітіледі, соған қарай қала әкімдігіне қарасты бөлімдердің тиісті қала әкімінің орынбасарларына бағыныштылығы анықталады.
1.2. Қала әкімі аппаратының бөлімдерінде істерді қалыптастыру қала әкімі аппаратының жетекшісі жыл сайын бекітетін істердің номенклатурасына сәйкес жүзеге асыралады.

2. Аппаратбөлімдерініңқұқықтарыменміндеттері

2.1. Аппаратқызметкерлерітікелейқалаәкіміне, орынбасарларынажәнеаппаратжетекшісінебағынады.

2.2. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерін қала әкімі Қазақстан Республикасындағы заңдылықтарына сәйкес жұмысқа қабылдайды және босатады;

2.3. Аппарат қызметкерлері қала әкімдігіне қарасты мекемелердің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, қала әкімі тапсырмаларын орындауына талдау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою және тиісті қызметкерлерге шаралар қабылдауды қала әкіміне ұсынады;

2.4. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексінің орындалуы жөнінде қадағалайды және Кодекс талаптарының бұзылу фактілері бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттарды жинақтайды;

2.5. Қала әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауылдық округ әкімі аппараттарының кадрлық саясатын үйлестіреді;

2.6. Қалалық мәслихатпен ұйымдастыру-атқару істері жөнінде жұмыстар жүргізеді;
2.7. Ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім меңгерушілерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.

2.8. Қала әкімі аппаратын келіп түскен хат құжаттардың айналымын рәсімдейді;
2.9. Құпия құжаттармен жұмыс жүргізеді;

2.10. Қала әкімінің жеке қабылдауларын ұйымдастырады;

2.11. 1 ОЛ бағдарламасының орындалуын бақылайды;

2.12. Қала әкімі аппаратының, дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарындағы заң талаптарының сақталуын қадағалайды. 

2.13. Қаладағы мәдени іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады. 
2.14. Қала әкімі аппаратын тексеруге құзырлы мекемелер жалпы бөлімде орналасқан арнайы кітапқа қашан келгендігі және тексеруді мақсаты туралы жазба енгізеді. 

2.15. Құқық қорғау органдары мен құзырлы органдардың тарапынан шақыру немесе мәлімет сұрату тек қана қала әкімін немесе аппарат жетекшісін хабардар ету арқылы ғана жүзеге асырылады. 

2.16. Қала әкімі аппаратының қызметшілеріне еңбек демалысы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес және бекітілген демалыстар кестесі негізінде беріледі.
2.17. Аппарат қызметшілерінің іс-сапар ақысы қызметтік іс сапарларына сәйкес төленеді. 

3. Аппаратың жұмыс уақыты

3.1. Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызыметшілері үшін жұмыс уақытының ұзақтығы 9.00-19.00-ге дейін түскі үзіліс 13.00-15.00-ге дейін. 

4. Жұмысты жоспарлау

4.1. Қала әкімі аппараты өз қызметін, бір тоқсанға арналып жасалатын және қала әкімі аппаратының жетекшісімен бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 

4.2. Аппарат жұмысының жоспарлары аппарат бөлімдерінің ұсыныстары негізінде жасалады.

4.3. Аппарат бөлімдерінің жұмысы бір айға немесе тоқсанға жасалған жоспар негізінде жүзеге асырылады.

4.4. Аппараттың жұмыс жоспарларын аппарат жетекшісі бекітеді.
4.5. Әр тоқсанның соңғы айының 25-нен кешіктірмей қала әкімі аппаратының бөлімдері, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдер, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары келесі тоқсанда өткізуге көзделген негізгі жұмыс жоспарларын тапсырады.

4.6. Аппараттың әрбір жауапты қызметкері тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын өзінің бөлім меңгерушісімен келісе отырып жоспарлайды және бөлім меңгерушісі жұмыс жоспарын бекітуге аппарат жетекшісіне ұсынады.
5. Қала әкімі қабылдайтын актілердің дайындалу тәртібі және олардың орындалуын ұйымдастыру

5.1. Қала әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын және өзге де құжаттарын дайындауды қала әкімі аппаратының тиісті бөлімдері өз саласы бойынша мәселелерге сәйкес жүзеге асырады.

5.2. Шешімдер мен өкімдерді дайындаудағы міндетті талаптар дұрыстық, құзырлылық заңдылық болып табылады. Шешімдер мен өкімдердің құжаттың мәнін білдіретін дәл жазылған тақырыбы болуы және қолданыстағы заңдарға сәйкес келуі керек, осы актілердің орындалуына жауаптылар айқындалып, көрсету тиіс. Шешімдер мен өкімдерде қала әкімі мен әкімдікке бағынысты емес органдарға қатысты тапсырмалар ұсынымдық сипатта немесе олармен келісілген түрде жазылады. 

5.3. Шешімдер мен өкімдердің жобалары мемлекеттік тілде ұсынылады. Жобалар міндетті түрде: 

- құзыреттеріне қарай қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мүдделі бөлімдермен немесе министрліктер мен ведомстволардың аумақтық органдарымен; 
- Жобаның қаржылық тұрғыда мақсатқа сай болуы және қамтамасыз етілуі мәселері бойынша экономика және қаржы бөлімімен; 

- Осы мәселенің қаралуына жауапты қала әкімінің тиісті сала бойынша орынбасарымен келісіледі; 

Жобаға орындаушы, тиісті бөлім басшысы, тиісті сала бойынша қала әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі сондай-ақ жобаға заңдылық сараптама жүргізілгендігі және оның Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Үкімет қаулыларына және өзге де нормативтік - құқықтық актілерге сәйкестігінің қамтамасыз етілгендігі туралы қала әкімі аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі бұрыштама қояды және актілер белгіленген үлгідегі фирмалық бланклерде басылады. Бұрыштамалар әкімнің қолы қойылған құжат парағының артына қойылады. 

5.4. Өкімдер әкімшілік-өкімдік, шұғыл және жеке сипаттағы мәселелер бойынша қабылданады. Өкімдер қала әкімінің шешімдері дайындалатын тәртіпте дайындалып, құзырландырылады. 

5.5. Шешімдер мен өкімдер жобаларының және оларға тіркелетін жобалардың баяндалған мәселенің мәнің ашатын бірыңғай тақырыбы болуы тиіс. Жобаларға оның мәтінінде аталған барлық анықтамалық және тиісті түрде бұрыштама қойылған өзге де материалдар қоса беріледі. 

5.6. Қала әкімі аппаратының жетекшісі қала әкімі аппаратының қаржыға байланысты құжаттарға қол қоюға және мекеменің басшысы ретінде жеке келісім шарт негізінде жұмысқа қабыладанатын қызметкерлерді өз бұйрығымен қызметке қабылдауға, іссапарға жіберуге және еңбек демалысына шығаруға тағы да басқа іс-әрекеттер жүргізуге құқылы. Құжаттың жобасы мұқият тексерліп, мемлекеттік тілде түзетілусіз, дақсыз басылуы және оларды көлемі екі - үш А-4 парағынан аспауы керек. 

5.7. Құжаттардың жобалары, егер оларды қала әкімдігіне қарасты бөлімдер дайындаса, онда бұл құжаттар қала әкімі аппаратының тиісті бөліміне тапсырлады және әрі қарай осы Регламентке сәйкес рәсімделеді.

5.8. Шешімдер мен өкімдердін жобалары барлық келісулерден өтіп, құзырландырулар қойылып болғаннан кейін қала әкімінің қарауына енгізу үшін аппарат жетекшісіне ұсынылады. 

5.9. Қол қойылған шешімдер мен өкімдерді түпнұсқалық данасы мұрағатқа өткізілгенге дейін жалпы бөлімде сақталады. 

5.10. Құжаттардың орындалуың ұйымдастыру шешімдер мен өкімдерде көрсетілген лауазым иелеріне, сондай-ақ сол жұмыс бөлігіне жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктеледі. Құжаттың орындалуына бақылау жасау мерзімі құжаттың өзінде көрсетіледі немесе қала әкімінің орынбасарымен келесі отырып, орындаушы бөлім белгілейді. 

5.11. Әкімдік пен әкімнің жалпыға бірдей міндетті мәнге ие, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және міндеттеріне қатысты барлық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі және ресми жарияланымдар үшін белгіленген газеттер мен өзге де мерзімді баспасөз құралдарында міндетті түрде жариялануы тиіс. 

6. Қала әкімінің қалалық мәслихаттың сессиясына енгізетін құжаттарын дайындау

6.1. Қала әкімінің қалалық мәслихаттың сесиясына енгізетін құжаттарының жобаларын дайындауды белгіленген тәртіпке сәйкес аппарат, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдер, ауылдық округ әкімдері, министрліктер мен ведомстволардың аумақтық органдары жүзеге асырады және барлық келісулерден өткеннен кейін қала әкімі аппаратың ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөліміне тапсырылады. 

6.2. Аппараттың ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісінің тапсырмасы бойынша тиісті қызметкер қала әкімі қалалық мәслихат сесиясына енгізетін барлық мәселелер бойынша шешімдердің жобаларына қажетті құжаттарды дайындап, оларды қала әкіміне қол қойдыру үшін аппарат жетекшісіне тапсырады. 

7. Құжаттың орындалуын бақылау және тексеруді ұйымдастыру
7.1. Қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің, орындалуына жауаптылық олардың орындалуына жолдаған қала әкімі аппаратының бөлім башыларына, ауылдық округ әкімдеріне және аумақтық органдардың басшыларына жүктеледі. 
7.2. Қала әкімінің шешімдерінің, өкімдер мен тапсырмаларының орындалу мерзіміне бақылау жүргізу аппараттың ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімі жүзеге асырады. 

7.3. ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмалары егер сол тапсырмаларда өзге мерзім көрсетілмесе, сондай-ақ жеке, заңды тұлғалардың өтініштері ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаралып, заңда көзделген мерзімде орындалады. 

7.4. Құжаттар онда көрсетілген мәселелер толық шешімін тапқан соң қала әкімінің және оның орынбасарларының бұрыштамасы арқылы заң талаптарына сәйкес бақылаудан алынады.

7.5. Құжат белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес басшының рұқсаты арқылы арызды қарау мерзімі созылады. 
7.6. Жоғарғы органдардан келіп түскен құжаттардың орындалу барысына тандамалық бақылау және талдау жасауды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімі жүзеге асырады. 

8. Мәжілістер және басқа іс-шараларды өткізу

8.1. Қала әкімі мен орынбасарлары қатысатын барлық іс-шаралар мен мәжілістер қала әкімінің апталық регламентінде белгіленеді. Апталық регламент қала әкімінің тапсырмасымен, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат жетекшісі және кеңесшілерінің ұсыныстары ескеріле отырып ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі тарапынан түзіледі. 

8.2. Кеңестерді және семинар-кеңестерді қала әкімі және оның орынбасарлары өткізеді. 

8.3. Қала әкімінің апталық мәжілістері мен лездемелері аптасына бір мәрте өткізіледі.
8.4. Кеңестер мен мәжілістерді дайындау және өткізу, хаттамаларын рәсімдеу аппарат бөлімдеріне жүктеледі. Қала әкімі өткізетін актив мәжілістерінің және кеңестердің хатамалары мәжіліс өткізілгеннен кейін 3 күн ішінде түзіледі. Хатамаға төрағалық етуші қойған соң, аппарат жетекшісі бұрыштама қояды. Хаттамада қатысушылардың құрамы, талқыланған мәселелер мен олар бойынша қабылданған шешімдер, баяндамашылар және шығып сөйлеушілер сондай-ақ берілген тапсырмалар көрсетіледі. Қажет жағдайда хаттамаға аудио және видео кассеталар тіркеледі. Мәжілістерге тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат жетекшісі бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. 

8.5. Кеңеске, мәжіліске талқылауға мәселе енгізген құрлымдық бөлімше хаттамада көрсетілген сын-ескертпелер, ұсыныстар және ұсынымдар негізінде іс-шаралар жасайды, оларды қала әкімінің орынбасарымен келіседі және орындалуы туралы кейіннен қала әкіміне хабарлай отырып, оларды орындалуын ұйымдастырады. 

8.6. Қала әкімінің тапсырмасымен және қала әкімінің тікелей қатысуымен өтетін мәжілістердің және өзге де іс-шаралардың дайындауын қала әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімі үйлестіріп отырады. Мәжілістердің техникалық жағынан қамтамасыз етілуін (мәжіліс өтікізілетін орынды, дыбыстандыру және дыбыстық жазба жүйелерін дайындау, ілеспе және мағыналық аударманы) қала әкімі аппаратын жалпы бөлімі жүзеге асырады. Мәжілістер мен кеңестердің стенографиялық және үнтаспаға жазып алуын қала әкімі аппараты жалпы бөлімі жүргізеді.
8.7. Мәжілістерде, кеңестерде қаралған мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қала әкімі аппараты баспасөз хатшысына жүктеледі.
8.8. Кеңестердің, мәжілістердің, семинарлардың және өзге де іс-шаралардың материалдары белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізіледі. 

8.9. Қала әкімі өткізетін кеңестердің қатысушыларын кеңестің өткізілу орны және уақыты туралы хабардар етуді қала әкімінің бас мамандары мен инспекторлары немесе қала әкімі орынбасарының тапсыруымен басқа дербес бөлімдер жүзеге асырады.

9. Кіріс және шығыс корреспонденциялармен жұмыс істеу

9.1. Қала әкімі аппаратындағы құжаттардың есепке алынуына, сақталуына және дер кезінде өтуіне жауаптылық іс жүргізу туралы нұсқаулығына сәйкес – жалпы бөлімге, ал бөлімдер мен қызметтерде олардың басшыларына жүктеледі. Бұл ретте барлық қызметкерлер құпиялық режимін қамтамасыз ету, құпия құжаттармен және қызмет бабында пайдалану үшін «құпия» деген грифі бар құжаттармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің талаптарын сақтауға міндетті.

9.2. Қала әкіміне және оның аппаратына түсетін барлық корреспонденцияларды жалпы бөлімі қабылдап алады және бөлімдерден, қызметтерден жіберілетін барлық құжаттар да жалпы бөлімі арқылы жіберіледі. 
9.3. Мемлекеттік органдар аппаратында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу тәртібіне сәйкес қала әкімі аппаратында құпия емес құжаттарды есепке алу және сақтау басқа құжаттардан бөлек жүргізіледі. Бұл құжаттарға тіркеуменен бір мезгілде белгіленген тәртіп бойынша таныстыру парағы енгізіледі. Бұл құжаттар басқа құжаттардан бөлек сүргі салынған металл шкафта сақталуы тиіс. 
9.4. Кіріс корреспонденциялар функционалдық міндеттерге сәйкес қаралу үшін қала әкіміне немесе оның орынбасарларына беріледі, ал кейбір жағдайларда жалпы бөлімінің меңгерушісі аппарат бөлімдеріне беруі мүмкін. «Шұғыл» және «Тез арада» деген грифі бар шұғыл корреспонденцияларды жалпы бөлімі тез арада тікелей қала әкімінің немесе оның орынбасарларының қарауына береді. 9.5. Қала әкімі және оның орынбасарлары бұрыштама қойған құжаттар орындалу үшін бөлімдер мен қызметтерге қол қойдырылып жіберіледі. Бұрыштамада тәртіп бойынша тапсырма мазмұны, мерзімі және орындауға жауаптылар белгіленеді. Бұрыштаманың мерзімі бойынша орындалуына бақылау жасауды жалпы бөлімі жүзеге асырады. 
9.6. Орындаушыларға берілетін, бақылауға алуға және жалпы бөлімі мен бақылау қызметіне қайтаруға жататын құжаттарға «Бақылау», «Қайтарылуға тиісті» деген мөртабан қойылады.

9.7. Құқық мәселелері бойынша құжатта заң бөлімінің меңгерушісінің бұрыштамасы болуы тиіс.

9.8. Министрліктер мен облыс әкіміне, оның орынбасарларына жіберілетін құжаттар ісқұжаттарын жүргізу нұсқаулығына сәйкес интервалмен басылады және көлемі үш беттен, ал ірі мәселелер бойынша бес беттен аспауы керек. Оған қала әкімі, ал ол жоқ кезде қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы орынбасары қол қояды.

9.10. Бөлімдер, қызметкерлер дайындаған шығыс құжаттарға қала әкімінің қол қоюына аппарат жетекшісі және жалпы бөлім арқылы беріледі. 
10. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау

10.1. Аппаратта азаматтардың арыз-өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

10.2. Аппаратқа азаматтардан келіп түскен хаттар жалпы бөлімде тіркеледі. Берілген нөмір әрі шығыс, әрі кіріс нөмірі болып есептеледі және осы хат бойынша келіп түскен барлық материалдар, хатқа берілген жауаптар осы нөмірмен тіркеледі.

10.3. Қазақстан Республикасының ұлттық және кәсіби мерекесіне орай және еңбектегі жетістектері үшін марапаттауға ұсынылған жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ұсыныстар қала әкімі аппаратында құрылған арнайы комиссиямен қаралады. 

10.4. Лауазым иелеріне қатысты келіп түскен арыздарды қарау үшін сол лауазым иелеріне жіберуге тыйым салынады. 

10.5. Қала әкімінің және оның аппаратының құзыретіне жатпайтын азаматтардың ұсыныстары, арыздары және шағымдары тиісті мекемелерге 3 күннің ішінде жіберіледі және бұл жөнінде арыз иесіне хабарланады.
10.6. Шешілу тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық заңдары, қылмыстық – процессуалдық, азаматтық – процессуалдық кодекстер, басқа да заңдар арқылы белгіленген азаматтардың арыз – шағымдары, сондай- ақ аты – жөні, тегі көрсетілмеген, қол қойылмаған, тұратын мекен – жайы, жұмыс немесе оқу орны жазылмаған арыз – шағымдар қаралуға жатпайды.

10.7. - Азаматтардың өтініштері жалпы бөлімге түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде, ал қосымша зерделеу мен тексеру талап етілмейтіндері 15 күннен кешіктірілмей қаралып, солар бойынша шешімдер қабылданады. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда қала әкімі немесе сала бойынша қала әкімінің орынбасары өтініштің қаралу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс, бұл жөнінде арыз иесі хабардар етіледі.

10.8. Хаттар бақылаудан, тәртіп бойынша, қала әкімінің, оның орынбасарының бұрыштамасымен алынады.

10.9. Қала әкімі, әкім орынбасарлары, азаматтарды жеке мәселелері бойынша кестеде белгіленген күндері және сағатта қабылдайды. 

10.10. Жалпы бөлім азаматтарды қала әкімінің қабылдауына алдын-ала жазады.

10.11. Азаматтарды қабылдау барысында келушілерді тіркеу карточкасы арналады және онда көтерілген мәселе бойынша міндетті түрде белгі қойылады. Карточкалар жалпы бөлімге өткізіледі, карточкалар орындалуы туралы белгі жоқ болса, онда карточкада жазылған тапсырмаға сәйкес бақылауға алынғаны туралы белгі қойылады және бақылауға алынады. 
10.12. ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 19-бабына сәйкес егер арызды немесе шағымды лауазымды адам қабылдау кезiнде шеше алмайтын болса, олар жазбаша нысанда баяндалады және олармен жазбаша өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледі. 

11. Құжаттарды іске тігу, оларды мұрағатқа өткізу 

11.1. Аппарат бөлімдеріндегі құжаттар істерді жинақталған номенклатурасына сәйкес істерге салынып, жинақталады. Істердің жинақталған номенклатурасын жалпы бөлім жыл сайын (желтоқсанда) мұрағат мекемесімен және аппарат бөлімдерімен келісе отырып қалыптастырады. 
11.2. Құжаттарды істерге тігу және оларды мұрағат өткізуге дайындау мемлекеттік мұрағат органдардының нұсқаулықтары мен ұсынымдарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…