ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІНЕН ӨТУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12684 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!

      2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      «Құрылыс салудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10523 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

   «Жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеудің және берудің, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді (ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өтудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 293 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10633 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

       3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

       2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;

       3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

       4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      Ә. Исекешев ______________

      2015 жылғы 30 қараша

  Қазақстан Республикасы  

Ұлттық экономика министрінің

 2015 жылғы 30 қарашадағы 

 № 750 бұйрығымен     

 бекітілген         

   Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру

және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер учаскелерін пайдалану, елді мекендер мен қала маңындағы аймақтар аумағын жобалау мен салу жөніндегі шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа объектілер салуға және орналастыруға, қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгертуге (қайта бейімдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, реконструкциялау, кеңейту), үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға беруге бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алу тәртібін белгілейді, сондай-ақ елді мекендер мен қала маңындағы аймақтар аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты өзге де қатынастарды реттейді.

       2. Осы Қағидалар жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлердің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс салу және/немесе реконструкциялау объектілеріне меншік нысанына қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектілері меншік иелерінің оларды пайдалану және ұстау бөлігінде, оның ішінде қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезінде қолдануы үшін міндетті.

       3. Жеке және заңды тұлғалар елді мекеннің аумағында құрылыс салуды осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      Құрылыс салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен айқындалады.

       4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бастапқы материалдар – қазіргі ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге қажетті материалдар;

      2) жеке тұрғын үй құрылысы – белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы;

      3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;

      4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

       5) қайта жабдықтау – үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатының өзгеруіне, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету, қандай да бір өнімдер шығару, пайдалану, қызметтер көрсету және тағы басқалар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;

       6) қайта жоспарлау – осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;

      7) құрылыс – жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;

       8) құрылыс алаңы – салынатын объектіні, уақытша құрылғылар мен құрылыстарды, техникаларды, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарын жинап қою, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ;

      9) «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының шешімімен құрылған заңды тұлға;

      10) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы – құрылыс объектілерінің қауіпсіздігіне, сапасына, беріктілігі мен орнықтылығына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      11) мердігер – тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс саласында тапсырыс берушімен немесе инжинирингтік ұйыммен жасалған мердігерлік шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс саласында мердігерлік жұмысты орындайтын заңды және жеке тұлға;

      12) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) – ғимараттар, сондай-ақ көлемдік, жазықтық және желілік құрылыстар:

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;

      инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;

      автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары;

      әуе және су көлігі;

      көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;

      телекоммуникациялық және ғарыштық байланыс;

      атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;

      кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіп;

      ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;

      қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктеріндегі, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндірістік және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;

      әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегі құрылыстар.

       Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізу межеленіп отырған үй-жайлары (жекелеген бөліктері) да объектілерге жатқызылады;

      13) өтініш беруші – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын немесе жекелеген бөліктеріне реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);

      14) реконструкциялау – әдетте өзгеретін объектіні жаңарту мен жаңғырту қажеттігіне байланысты жалпы жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе ғимаратты өзгерту;

      15) рұқсат беру құжаттары – өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар, олар мыналарды қамтиды:

      жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

      қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларына (жекелеген бөліктеріне) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргізуге арналған тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі;

      16) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы – жобаланатын және қолданыстағы инженерлік желілерде орналасқан, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес әзірленген схема;

       17) тапсырыс беруші (құрылыс салушы) – жеке меншік немесе мемлекеттік мұқтаждар үшін не коммерциялық мақсаттарда кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар салу жөніндегі жобаны іске асыруды жүзеге асыратын инвестор (не өзі инвестор болып табылатын) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

       18) техникалық жоба – қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау мақсатында әзірленетін жобалау алдындағы құжаттама түрі;

       19) топографиялық түсірілім – жергілікті жердің масштабпен, жергілікті координаттар жүйесінде, Балтық биіктік жүйесінде орындалған және қолданыстағы жер үстіндегі және жер астындағы желілер мен құрылыстарды көрсететін электрондық не графикалық моделі;

      20) эскиз (эскиздік жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструктивтік, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмнiң, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн оңайлатылған түрi.

   2. Қала құрылысы талаптары

        5. Елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейді.

      6. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оларға қала құрылысының бекiтiлген жобалары негiзiнде жүзеге асырылады.

      Елді мекеннің бекітілген бас жоспары елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

       7. Жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу, қала құрылысы аймақтарына бөлу жобаларының, сондай-ақ осы Қағидалардың негізінде белгіленеді.

      8. Жеке және заңды тұлғалардың елді мекеннің аумағында жер учаскелерiн құрылыс салу үшін (коммуникациялар жүргізуді, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негізінде және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс салу мен оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Жер учаскесіне құқық белгілейтін және (немесе) сәйкестендіру  құжаттарында көрсетілген нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікпен жер учаскелерінде құрылыс салуға және оларды пайдалануға жол беріледі.

       10. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстық маңызы бар қалалардың аумағында құрылыс салудың жай-күйі туралы өзекті ақпарат қалыптастыру мақсатында жаңартылуы және өзгертілуі тұрақты негізде жүзеге асырылатын кезекші топографиялық жоспар (коммуникациялар, топографиялық түсірілімдер, үйлер мен ғимараттар) жүргізеді.

       11. Кезекші топографиялық жоспардың ақпараты және (немесе) мәліметтері жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады, не интернет-портал арқылы кезекші топографиялық жоспарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      12. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес бау-бақша және саяжай серіктестіктерінің аумақтары резервтік аумақтардың шегінен тыс елді мекендердің және көршілес кәсіпорындардың санитариялық қорғану аймақтарының перспективалық дамуын ескере отырып, қоғамдық көлікпен жететін қашықтықта, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына сәйкес орналастырылады.

       13. Қала маңы аймағына кіретін елді мекендердің қала құрылысы жобалары қаланың ЖАО-ымен келісіледі.

      Қала маңындағы аймақтар қала жерінің шекарасымен (шегімен) іргелес, аталған қаланың, қала маңының аумағына кіретін басқа да елді мекендердің аумағын дамытуға, сондай-ақ санитариялық-қорғау функцияларын орындауға, халықтың демалыс орындарын, бау-бақша және саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған жерлерді қамтиды.

       14. Қала маңындағы аймақтардың шекарасын белгiлеу бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде жүзеге асырылады.

       15. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды және елді мекендерді абаттандыру кезінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының қол жетікізуі қамтамасыз етіледі.

      Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың аумағында орналасатын автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының жеке автокөлік құралдары үшін орындар көзделеді.

       16. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда (аудандарда) жобалау және құрылыс салу көрсетілген мәселелерді реттейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

       17. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалаған кезде жерасты кеңістігі құрылыстық, экологиялық, санитариялық және өртке қарсы талаптарға сәйкес құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын есепке ала отырып, автопаркингтер, гараждар мен инженерлік жабдықтау құрылыстарын орналастыру үшін пайдаланылады.

      18. Объектілерді пайдаланған кезде мыналарға:

      ғимаратты немесе құрылысты күрделі жөндеу мен реконструкциялау жөніндегі іс-шара сәйкестендірілген құрылыс материалдарын қолдана отырып, қасбетті бірыңғай стильде кешендік безендіруді көздейтін жағдайларды қоспағанда, ғимараттың, құрылыс сәулет стилін бұзуға;

      көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбет бөлігінде спутниктік немесе эфирлік сигналын қабылдау үшін Қазақстан Республикасы аумағында телерадиоканалдарды таратуға лицензиясы жоқ, байланыс және (немесе) телерадиохабарларын тарату операторларының спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       19. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, оның ішінде ұлттық спутниктік телеарналардың немесе сандық эфирлік телерадиохабарлар таратудың кабель желілерін, ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Уақытша қондырғылар мен құрылыстарды (сауда палаткаларын (павильондарды), киоскiлердi, жарнама құрылғыларын және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыру Жер кодексінің 109-бабына және Заңның 21-бабының 4) тармақшасына және 22-бабының 1-1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес бекітілетін қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Үйлер мен ғимараттарды бөлшектеу және бұзу (кәдеге жаратудан кейін) әзірленген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

   3. Жобалау алдындағы рәсімдер және жобалау

   1-параграф. Жалпы ережелер

        22. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

       1) жер учаскесіне құқық алу;

       2) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;

      3) эскизді (эскиздік жобаны) келісу;

       4) құрылыс жобаларын жобалау және сараптау;

       5) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

       6) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

      Инженерлік желілермен құрылыстарды жобалаған кезде олардың эскизін (эскиздік жобасын) келісу талап етілмейді.

      23. Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектілерді салу бойынша өз қызметін (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

       24. Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

      1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

      2) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);

       3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

       4) тік жоспарлау белгілері;

       5) түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

      6) құрылыс алаңын инженерлік іздестіру материалдары (жер учаскесінің және коммуникация төселген трассаның шекарасында);

       7) жобалауға арналған бекітілген тапсырма.

      Реконструкциялау, қайта жоспарлау және қайта жабдықтау жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдардың тізбесі осы Қағидалардың 3-бөлімінің 5-параграфында келтірілген.

      25. СЖТ мен техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімі ішінде қолданылады.

      26. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      27. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырыс беруші берген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес СЖТ-ның негізгі талаптары мен ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 21-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің құрылыс салу бас жоспарларының, курорттық аймақтар жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді жүзеге асырады.

      29. Жол құрылысының жобалары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      30. Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Заңның 9-1-тарауына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

   2-параграф. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы

материалдарды беру тәртібі мен мерзімдері

      31. Бастапқы материалдарды беру туралы өтініш ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атына «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:

       1) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;

       2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);

       4) топографиялық түсірілім;

      5) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат.

       Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      31-1. СЖТ және техникалық шарттар ұсыну туралы өтініш ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атына «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:

      1) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;

      2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат немесе реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның шешімі;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);

      4) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

      Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса:

      заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша;

      жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       32. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы тіркейді және оны ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

       33. Жоспарланған құрылыс бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмеген жағдайда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тарту жібереді. Мұндай жағдайда өтінішке құрылыс салу ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме қоса беріледі.

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір мезгілде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парағын жібереді.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сауалнама парағын және топографиялық түсірілімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасымен бірге техникалық шарттарды дайындайды және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

       34. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жоспарланған құрылыс бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келген жағдайда, мынадай материалдарды дайындайды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;

       2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

       3) тік жоспарлау белгілері;

       4) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

       5) сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары.

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған материалдарды және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді немесе «электрондық үкімет» веб-порталына орналастырады.

      34-1. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жоспарланған құрылыс бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ дайындайды.

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі дайындалған материалдарды және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді немесе «электрондық үкімет» веб-порталына орналастырады.

      Ескерту. 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       35. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге мынадай құжаттарды береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;

       2) техникалық шарттар;

       3) сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

       4) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі;

       5) тік жоспарлау белгілері;

       6) жолдар мен көшелердің көлденең қималары.

      35-1. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге мынадай құжаттарды береді:

      1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша СЖТ;

      2) техникалық шарттар.

      Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға берілген өтініштерді қарау мерзімі:

      СЖТ және техникалық шарттарды беруге өтінішті берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 6 (алты) жұмыс күнінен аспайды;

      бастапқы беру материалдарын (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі:

      СЖТ және техникалық шарттарды беруге өтінішті берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды;

      бастапқы беру материалдарын (СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Өтініш беруші бас тарту алған жағдайда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ескертулерін жойғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияға қайта өтініш береді. Мұндай жағдайда бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша қайталап бас тартуға жол берілмейді.

   3-параграф. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу

      38. Бастапқы материалдарды және эскизді (эскиздік жобаны) алғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне өтініш беру арқылы келісуді жүзеге асырады.

      Өтінішке мыналар қоса беріледі:

       1) эскиз (эскиздік жоба);

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ көшірмесі;

      3) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

       Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін - өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін - нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

       39. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша эскиздерді (эскиздік жобаларды) ЖАО-ның жанындағы тиісті консультативтік-кеңесші орган қарайды және ЖАО келіседі.

       40. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер бойынша эскиздерді (эскиздік жобаларды) ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қарайды және келіседі.

       41. Мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешенінен ауытқулар эскизді (эскиздік жобаны) келісуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

       42. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге жою үшін нақты ескертулер мен себептері көрсетілген дәлелді бас тарту туралы шешім беріледі.

      Өтініш беруші ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш береді.

      Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

       43. Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

       44. Эскизді (эскиздік жобаны) келіскеннен кейін ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі келісілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуді және деректер базасына енгізуді жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушіге келісілген эскизді (эскиздік жобаны) береді.

   4-параграф. Елді мекеннің аумағындағы инженерлік желілер мен

құрылыстарды жобалау ерекшеліктері

      45. Объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың ішкі желілерін жобалауды, ұзақтығына қарамастан, елді мекеннің инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлердің техникалық шарттарына және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі берген СЖТ-ға сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

       46. Инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары барлық сатыларда және барлық түрлерінде толыққанды және жергілікті координаттар жүйесінде, Балтық биіктік жүйесінде түзетілген топографиялық түсірілімде (қолданылу мерзімі 1 жылдан аспайды) орындалады.

       47. Жобалау құжаттамасын әзірлеу, магистральдық коммуникацияларды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын салу, пайдалану және кейін кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде шекаралас аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумақ пен онда тұратын халыққа қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шешімдер қабылдануы тиіс.

      48. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген және ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстардың жобалары инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлермен қосымша келісуге жатпайды.

      49. Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне сыртқы желілер мен құрылыстардың жобаларын бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жобаланатын инженерлік желілер мен құрылыстар туралы мәліметтерді ұсынуы арқылы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына енгізіледі.

   5-параграф. Реконструкциялау, қайта жабдықтау және қайта

жоспарлау кезінде бастапқы материалдар, рұқсат беру

құжаттарын беру және эскизді (эскиздік жобаны)

келісу тәртібі мен мерзімдері

      50. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алуға арналған өтініш ЖАО-ға, «электрондық үкімет» веб-порталына немесе Мемлекеттік корпорацияға, беріледі, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;

      2) өтінішті қарайтын мемлекеттік органның құжаттардың түпнұсқалылығын салыстырып тексеруі үшін түпнұсқаларды бере отырып, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, не оның көшірмесі;

      3) объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

      4) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

      5) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеруі үшін ұсынылады);

      6) техникалық жоба;

      7) сауалнама парағы мен топографиялық түсірілім (қосымша инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      8) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшін ұсынады);

      9) жеке басын куәландыратын құжат.

      Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша ұсыну қажет.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Үй-жайларды қайта жоспарлау кезінде бастапқы материалдарды (СЖТ, техникалық шарттар және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары) алу талап етілмейді.

       52. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ дайындайды.

      Өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі оны техникалық шарттар алу үшін инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жібереді.

      Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер сауалнама парағы мен топографиялық түсірілімді алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар бірге техникалық шарттарды дайындайды және ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

      ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер берген техникалық шарттар мен сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасының негізінде сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасын дайындайды.

       53. Өтінішті қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Дәлелді бас тартуда жоюға арналған нақты ескертулер мен себептер көрсетіледі.

      Бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар үй-жайларының (жекелеген бөліктерінің) мақсатты тағайындалуына қойылатын талаптар кешенінен, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарынан ауытқулар;

      қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайлары (жекелеген бөліктері) конструкциясының тіреу қабілетінің жоғалуына алып келетін өзгерістер.

      Тапсырыс беруші ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш береді.

      Кейіннен бас тарту бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша берілмейді.

      54. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін ЖАО-ның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімін дайындайды және құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді, не «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырады.

       55. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге мынадай құжаттарды береді:

       1) ЖАО-ның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ;

       3) техникалық шарттар және сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде).

       56. Қолданыстағы объектінің сыртқы келбеті (қасбеттері) өзгерген жағдайда, өтініш беруші бастапқы-рұқсат беру құжаттарын алғаннан кейін ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы эскизді (эскиздік жобаны) келісуді жүзеге асырады.

       Өтінішке мыналар қоса беріледі:

       1) эскиз (эскиздік жоба);

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТкөшірмесі;

      3) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

       Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

       57. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер бойынша эскиздерді (эскиздік жобаларды) ЖАО, ал қажет болған жағдайда ЖАО-ның жанындағы тиісті консультативтік-кеңесші орган қарайды және келіседі.

       58. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер бойынша эскиздерді (эскиздік жобаларды) ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі қарайды және келіседі.

       59. Мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түстік шешімге қойылатын талаптар кешенінен ауытқу эскизді (эскиздік жобаны) келісуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

       60. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден бас тартылған жағдайда тапсырыс берушіге жою үшін нақты ескертулер көрсетілген дәлелді бас тарту туралы шешім беріледі.

      Тапсырыс беруші ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш береді.

      Кейіннен бас тарту бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша жол берілмейді.

       61. Өтінішті қарау және эскизді (эскиздік жобаны) келісу мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, олар ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      62. Эскизді (эскиздік жобаны) келіскеннен кейін ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі келісілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуді және деректер базасына енгізуді жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушіге келісілген эскизді (эскиздік жобаны) береді.

      63. Тіреу конструкцияларын қозғамайтын жағдайларды қоспағанда, реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) жобалары бойынша міндетті сараптамаға жататын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.

      Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алған кейін ғана жүзеге асырылады.

      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің алдында тапсырыс беруші аттестатталған сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы үй-жай, ғимарат немесе құрылыс конструкцияларының физикалық жай-күйіне, сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық зерттеп тексеру жүргізіледі.

   4. Жеке тұрғын үй құрылысы

      64. Жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі - ЖТҚ) үшін жер учаскесін беру нормалары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабына сәйкес белгіленеді.

       65. ЖТҚ үшін бөлінген алаңдар, елді мекеннің бекітілген бас жоспарына, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және елді мекеннің құрылыс салу жобасына сәйкес орналастырылады.

      66. ЖТҚ аумақтарын жоспарлау және құрылысын салу Заңға сәйкес жүргізіледі.

       Жеке тұрғын үй құрылысының аудандары мен орамдарын жобалау және салу қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарын орналастыра, қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, кешенді түрде жүзеге асырылады.

       67. Жеке тұрғын үйлерді жобалау және салу қала құрылысы құжаттамасына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

       68. Жеке тұрғын үй құрылысы Қазақстан Республикасының астанасында, сондай-ақ сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтардағы құрылыс салуды қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.

      Астананың аумағында және сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандарда ЖТҚ міндетті сараптамадан өтуге жататын жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

      69. Белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскесінде орналасқан, тұрғын үйдің және басқа да құрылыстардың көлемін олардың сыртқы габариттері (оның ішінде биіктігі) осы құрылыстар, сондай-ақ шектес жер учаскелеріндегі құрылыстар арасында белгіленген міндетті нормативтік, санитариялық, өртке қарсы және техникалық айырмашылықтарды қамтамасыз еткен жағдайда жеке құрылыс салушы дербес белгілейді.

   5. Құрылыс салу

      70. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз құрылыс салуға жол берілмейді.

      71. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудің басталғаны жөнінде хабардар етеді.

      72. Заңның 33-бабына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешікпей объектілер мен кешендерге барады.

      73. Объектілердің құрылысы, Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда:

      авторлық және техникалық қадағалаулардың міндетті сүйемелденуімен;

      белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      74. Заңның 60-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының қала құрылысы регламенттеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігін бақылауды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау тексерулер түрінде және өзге де түрлерде жүзеге асырылады. Тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      75. Құрылыс алаңында дайындық жұмыстарын жүзеге асырған кезде құрылыс объектісінің паспорты бар маңдайша жазу орнатылады, онда тапсырыс берушілер, мердігерлер, жоба авторлары, авторлық қадағалау мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат, жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы (оның ішінде құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы) мәліметтер көрсетіледі. Осы талап ЖТҚ құрылысын салу жағдайларына қолданылмайды.

   6. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау

      76. Салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және Заңмен реттеледі.

      77. Салынған объектi бекiтiлген жобаға сәйкес толық әзiр болған жағдайда және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды болған және орындалған жұмыстар бекітілген жобаға сәйкес келген жағдайда тапсырыс беруші оны пайдалануға қабылдауды жүргiзедi.

      78. Қолданыстағы заңнамаға және бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, сондай-ақ, егер шартта немесе қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі өзге де жұмыстар орындалып салынған объектілердің (кешендердің) жай-күйі толық әзірлік деп түсініледі.

      Бұл ретте ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған объектілердің жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық әзірлігі деп түсініледі.

      Егер бекітілген жобада осылар көзделген жағдайларда, кейін сатып алушылардың мүмкіндіктері мен тілектері ескеріле отырып орындалатын ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру, таза едендер салу, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды және электрлі ас үй плиталарын, пәтерішілік есік блоктарын орнату жұмыстарынсыз қоғамдық ғимараттар толық әзір объектілерге жатқызылады.

      Бұл ретте объект (кешен) бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын үй-жайлардағы (ғимарат бөліктеріндегі) ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстары осы талаптарға сәйкес толық көлемде орындалады.

       79. Объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітпей объектіні пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

      80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      81. Объект жылжымайтын мүлікке құқықтарды иеленуге тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелгенге дейін ЖАО-ның сәулет, қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне есепке алу және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу журналына енгізу үшін объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылады.

      Салыстырып тексеру үшін, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің түпнұсқасы қоса беріледі, оған бір жұмыс күні ішінде ЖАО-ның сәулет, қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынғаны туралы тиісті белгі қойылады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

   7. Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік

      82. Осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Құрылыс саласындағы құрылыс

 салуды ұйымдастыру және

 рұқсат беру рәсімдерінен

 өту қағидаларына    

 1-қосымша        

нысан          

_______________________________

_______________________________

_______________________________

 Бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ)

және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 № 224 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтініш берушінің аты: _________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның

                                атауы)

      Мекенжайы: ____________________________________________________

      Телефоны: _____________________________________________________

      Тапсырыс беруші: ______________________________________________

      Жобалаушы № ГСЛ, санаты: ______________________________________

      Атауы _________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:

      _______________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:

_____________________________________________________________________

      Сізден

       1-пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды)

       2-пакет (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тік жоспарлау

белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар

мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды, сыртқы

инженерлік желілер трассасының схемаларын)

      беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      күні: 20__ ж. «_____»_______________

      Тапсырды: __________________________

                    қолы

Құрылыс саласындағы құрылыс

 салуды ұйымдастыру және 

 рұқсат беру рәсімдерінен 

 өту қағидаларына      

 2-қосымша          

нысан            

 Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу

үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы

Тапсырыс беруші

-

Объектінің атауы

-

Нормалар бойынша құрылыс салу мерзімі

-

Объектіге (реконструкциялауға) құқық белгілейтін құжаттар

-

Қабаттылығы

-

Ғимараттың алаңы

-

Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны

-

Электрмен жабдықтау 

 

 

 

 

Кезек бойынша құрылыс салу барысында қосымша

 

 

 

 

 

 

 

Реконструкциялау барысында

Талап етілетін қуаты, кВт

-

Жүктеме сипаты (фаза)

Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Сенімділігі бойынша санаты

I санат___кВт (кВА), II санат ___кВт (кВА), III санат___кВт (кВА)

Пайдалануға берілгеннен кейін жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып үдемелі қорытындымен)



 

20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт

көрсетілген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады:



 

I санат___кВт (кВА), II санат___кВт (кВА), III санат___кВт (кВА)

Электр қазандарын, электрокалориферлерді, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттісінің астын сызыңыз)

саны ___ дана, бірліктік қуаты _____ кВт (кВА)

Қолданыстағы ең жоғарғы жүктеме

-

Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етілген қуаты

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА

№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА

Сумен жабдықтау

Судың жалпы қажеттілігі

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.

ауыз суы

____

л/сек. ең жоғарғы

оның ішінде



 



 



 



 



 



 

Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

____

м3/тәулік

____

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өндірістік қажеттіліктерге



 

м3/тәулік



 

м3/сағ.

____

л/сек. ең жоғарғы

Өрт сөндіруге қажетті шығыстар

____

л/сек.

Кәріз

Сарқынды сулардың жалпы мөлшері

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

оның ішінде



 



 



 



 

Нәжіспен ластанған



 

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы

Өндірістік ластанған



 

м3/тәулік



 

м3/сағ. ең жоғарғы

Қала кәрізіне шығарылатын шартты таза сулар

____

м3/тәулік

____

м3/сағ. ең жоғарғы



 

Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, радиактивтік жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ)

Жылумен жабықтау

Жалпы жылу жүктемесі

____Гкал/сағ.



 

оның ішінде:

Жылыту

____ Гкал/сағ.

Желдету

____ Гкал/сағ.

Ыстық сумен жабдықтау

____ Гкал/сағ.

Технологиялық қажеттіліктер (бу)

____ т/сағ.

Жүктемені тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу

-

Энергия үнемдеу іс-шарасы

-

Нөсерлік кәріз

Тапсырыс берушінің қалауы

-

Телефон орнату

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны

-

Телефон сыйымдылығы

-

Жоспарланатын телефон арнасы

-

Тапсырыс берушінің қалауы (жабдықтың түрі, кабель түрі және т.б.)

-

Газбен жабдықтау

Жалпы қажеттілік

____м3/сағ.



 

оның ішінде:

Тамақ әзірлеуге

____м3/сағ.

Жылытуға

____м3/сағ.

Желдетуге

____м3/сағ.

Ауа баптауға

____м3/сағ.

Көп қабатты үйлерге газ орнату кезінде ыстық сумен жабдықтау

____м3/сағ.

                     

Ескертпе *

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

* Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды).

Тапсырыс беруші: ______________________

20___ ж. «___» ________________

Құрылыс саласындағы құрылыс

 салуды ұйымдастыру және 

 рұқсат беру рәсімдерінен 

 өту қағидаларына      

 3-қосымша          

нысан            

 Қазақстан Республикасы

_____________________________________________________________________

    (республикалық маңыздағы қаланың, астананың, облыстық маңыздағы

  қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы органының атауы)

_____________________________________________________________________

            (орналасқан жері, электрондық мекенжайы, телефоны)

Бекітемін:           

(қаланың, ауданның) бас сәулетшісі

 __________________________ 

 (Т.А.Ә. – болған жағдайда) 

 Жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)

№_______ 20____ жылғы «____»_____________

Объектінің атауы:____________________________________________________

_____________________________________________________________________

Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):

___________________________________________________

Қала (елді мекен), жыл

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу негізі

Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы №_______ _________ (күні, айы, жылы)

Кезеңділігі

Эскиздіқ жоба толық көлемде, оның ішінде:

- қабылданған шешімдердің негіздемесімен қоса қысқаша түсіндірме жазба;

- ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес техникалық-экономикалық көрсеткіштер;

- М 1:2000 ситуациялық схема;

- М 1:500 бас жоспар топографиялық негізде (абаттандыру және көгалдандыру жобасы);

- шағын сәулет нысандары;

- қасбеттер (түсте), тапсырыс берушімен келісілген сыртқы әрлеу кестесімен қоса, қасбеттердің фрагменттері (декоративтік элементтер және т.б.);

- қабаттардың жоспарлары, шатыр жоспары, бөліністер.

Жұмыс жобасы

1. Учаскенің сипаттамасы

1. Учаскенің орналасқан жері

Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам

2. Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен имараттар, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалары)

Қысқаша сипаттамасы

3. Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары)

Қысқаша сипаттамасы

4. Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары)

Қысқаша сипаттамасы

2. Жобаланатын объектінің сипаттамасы

1. Объектінің функционалдық мәні

Қысқаша сипаттамасы

2. Қабаттылығы

Қысқаша сипаттамасы

3. Жоспарлау жүйесі

Объектінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша

4. Конструктивті схема

Жоба бойынша

5. Инженерлік қамтамасыз ету

Қысқаша сипаттамасы

6. Энергия тиімділік сыныбы

Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік

3. Қала құрылысы талаптары

1. Көлемдік-кеңістіктік шешім

Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру

2. Бас жоспар жобасы

Жанасатын көшелердің тік жоспарлау белгілерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

2-1 тік жоспарлау

Іргелес аумақтардың жоғары белгілерімен байланыстыру

2-2 абаттандыру және көгалдандыру

Қысқаша сипаттамасы бар нормативтік

2-3 автомобильдер тұрағы

Қысқаша сипаттамасы бар нормативтік

2-4 топырақтың құнарлы қабатын пайдалану

Қысқаша сипаттамасы

2-5 шағын сәулет нысандары

Қысқаша сипаттамасы

2-6 жарықтандыру

Қысқаша сипаттамасы

4. Сәулет талаптары

1. Сәулеттік келбетінің стилистикасы

Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру

2. Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты

Объектінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес

3. Түсіне қатысты шешім

Келісілген эскиздік жобаға сәйкес

4. Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде:

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

4-1 түнгі жарықпен безендіру

Қысқаша сипаттамасы

5. Кіреберіс тораптар

Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну

6. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау

Іс-шараларды ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектердің ғимаратқа қолжетімділігін көздеу, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу

7. Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау

ҚР құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес

5. Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар

1. Цоколь

Қысқаша сипаттамасы

2. Қасбет

Қоршау конструкциялары

Қысқаша сипаттамасы

6. Инженерлік желілерге қойылатын талаптар

1. Жылумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

2. Сумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

3. Кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

4. Электрмен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

5. Газбен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6. Телекоммуникациялар және телерадиохабар

Техникалық шарттарға (ТШ №__ және берілген күні) және нормативтік құжаттарға сәйкес

7. Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

8. Стационарлы суғару жүйелері

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

7. Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер

1. Инженерлік іздестірулер бойынша

Жер учаскесін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен және жер жұмыстарын жүргізуге ордер алынғаннан кейін кірісу

2. Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшіру) бойынша

Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

3. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша

Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желілер мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу

4. Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша

Қысқаша сипаттамасы

5. Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша

Қысқаша сипаттамасы

8. Қосымша талаптар

1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобамен орталықтандырылған салқын сумен жабдықтау және ауа баптау көзделген жағдайда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет.

 2. Ресурс үнемдеу және қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологиялары бойынша материалдарды қолдану.

9. Жалпы талаптар

1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын басшылыққа алуы қажет.

2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу:

- эскиздік жоба.

Ескертпелер:

      1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.

       2. СТЖ шарттарын қайта қарауды талап ететін мән-жайлар туындаған кезде, оған өзгерістер тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.

      3. СЖТ-да көрсетілген талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті. СЖТ тапсырыс берушінің немесе жергілікті сәулет және қала құрылысы органының өтініші бойынша қала құрылыстық кеңестің, сәулеттік жұртшылықтың талқылау нысанасы ретінде, тәуелсіз сараптамада қарала алады.

      4. Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.

СЖТ жасаған

_______________________________

(лауазымы, Т.А.Ә. – болған жағдайда)

_______________________________

(қолы)

СЖТ қабылдаған

_____________________________

(күні, айы, жылы)

_____________________________

(қолы)

Құрылыс саласындағы құрылыс

 салуды ұйымдастыру және 

 рұқсат беру рәсімдерінен 

 өту қағидаларына      

 4-қосымша          

нысан            

_______________________________

_______________________________

_______________________________

 Өтініш

Өтініш берушінің аты: _______________________________________________

(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)

Мекенжайы: __________________________________________________________

Телефоны:____________________________________________________________

Тапсырыс беруші: ____________________________________________________

Жобалаушы № ГСЛ, санаты: ____________________________________________

                                             Атауы

_____________________________________________________________________

Жобаланатын объектінің атауы:________________________________________

Жобаланатын объектінің мекенжайы:____________________________________

Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын

Мыналар қоса беріледі:

      Эскиз (эскиздік жоба)

      Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) (көшірмесі) 

      Жеке куәлігі (көшірмесі) 

      Сенім білдірілген өкілдің жеке куәлігі (көшірмесі) 

      Сенімхат (көшірмесі)

Қабылдады ___________________

                 қолы

күні: 20__ ж. «___» ____________

Тапсырды: __________________________

                     қолы

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…