ӘКІМДІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Түркістан қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің 
атқаратын міндеттері мен құқықтары

 

Инспекторлық бөлім

1. Негізгі міндеттері:
1.1. Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің және қала әкімінің құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 
1.2. Қала әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауылдық округ әкімі аппараттарының кадрлық саясатын үйлестіреді, жұмыс жоспарына сәйкес құқықтық үйлестіру жұмыстарын жүргізеді;
1.3. Қала әкімінің барлық мәжілістерін, қала әкімдігінің мәжілісін ұйымдастырады және өткізілуіне жауапты болып саналады; 
1.4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді Ар-намыс кодексіне сай бақылайды;
1.5. Қала әкімінің регламентін және жұмыс жоспарларын ұйымдастырады;
1.6. Қалалық мәслихатпен ұйымдастыру-атқару істері жөнінде жұмыстар жүргізеді;
1.7. Облыс әкімінің тапсырмаларын орындалуы жөнінде өз құзыры шегінде бақылау жасайды, орындалуы туралы аппарат жетекшісіне қызмет хат дайындайды;
1.8. Барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өткізу жөнінде жұмыстарын үйлестіреді;
1.9. Ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім меңгерушілерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды;
1.10. Барлық аймақтық комиссиялар мен бағдарламалардың орындалуын бақылайды және орындалуы туралы мәліметті жолдайды;
1.11. Бөлімдегі комиссиялардың жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне жауапты болады; 
1.12. Бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарын түзеді және қала әкімі аппараты жетекшісінің бекітуіне ұсынады, жоспардың орындалуы туралы мәліметтерді жинақтайды;
2. Бөлімнің құқықтары:
2.1. Өз құзыры шегінде ауылдық округ әкімі аппараты және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат алады, сондай-ақ оларды орындауға міндетті тапсырмалар береді;
2.2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, қала әкімі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, анықталған кемшіліктерді жоюды, оларды орындалмаудың себептері мен жағдайлары бойынша шаралар көруді қала әкіміне ұсынады;
2.3. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексінің орындалуы жөнінде қадағалайды және Кодекс талаптарының бұзылу фактілері бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттарды жинақтайды;
2.4. Қала әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауылдық округ әкімі аппараттарының кадрлық саясатын үйлестіреді;
2.5. Қалалық мәслихатпен ұйымдастыру-атқару істері жөнінде жұмыстар жүргізеді;
2.6. Ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім меңгерушілерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.

Заң бөлімі 

1. Негізгі міндеттері:
1.1. Қалалық прокуратураның ұсыныстарын, наразылықтарын қарап, жауап береді және олар бойынша талдау жүргізеді;
1.2. Азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарап, жауап береді;
1.3. Облыс әкімдігінен келіп түскен тапсырмаларды өз мерзімінде орындайды; 1.4. Қала әкімдігі талапкер және жауапкер болып табылатын сот процестеріне қатысып, қала әкімдігінің мүддесін қорғайды және маңызды істер бойынша талдау жасап отырады;
1.5. Қала әкімдігіне қарасты мекемелер мен ауылдық округтерге қатысты қабылданған қаулылардың заңдылығын тексереді;
1.6.Қала әкімдігіне қарасты мекемелердің, әкім аппаратының және ауыл округ әкімдерінің жауапты қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, олардың қабылдайтын актілерінің заңға сәйкес қабылдануына көмектеседі;
1.7.Қала әкімдігіне қарасты мекемелердің және ауылдық округтерінде қабылданған актілерінде заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды түзету мақсатында тиісті шаралар қабылдайды;
1.8.Қала әкімі аппараты қатысатын мемлекеттік сатып алу конкурстарының заңдылығын қамтамасыз етеді;
1.9.Сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы қала әкімі аппаратының жетекшісіне апталық есеп ұсынады;
1.10. Сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқсан сайын талдау жасап, қала 
2. Бөлімнің құқықтары:
2.1. Өз құзыры шегінде ауылдық округ әкімі аппараты және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат алады, сондай-ақ оларды орындауға міндетті тапсырмалар береді;
2.2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, қала әкімі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, анықталған кемшіліктерді жоюды, оларды орындалмаудың себептері мен жағдайлары бойынша шаралар көруді қала әкіміне ұсынады;
2.3.Мемлекеттік мекемелердегі заң талаптарының сақталуын қадағалайды. 
2.4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының жұмысын үйлестіреді, құқықтық оқыту жұмыстарын үйлестіреді. 
2.5.Сот мәжілістерінде қала әкімінің, қала әкімі аппаратының атынан өкілдік етеді. 

Жалпы бөлімі


1. Негізгі міндеттері: 
1.1. Жедел есепке алу, қызмет бабында пайдалану үшін құпия емес хат-хабарлардың өтуі мен мерзіміндеқаралауы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, түскен құжаттардың сипатын талдайды;
1.2. Қала әкімінің лездемелерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет жинақтайды; 
1.3. Қала әкімінің апталық мәжілістерінің хаттамаларын жүргізеді және тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет жинақтайды; 
1.4. Қала әкімдігінің мәжілістерінің материалдары мен қаулыларының жобаларын әзірлейді және хаттамасын жүргізеді; 1.5. Қала әкімінің шешімдері, қаулылары және өкімдерінің жобаларын дайындау мәселелері бойынша аппарат қызметкерлеріне кеңес береді, қабылданған шешімдерді, қаулыларды және өкімдерді тіркеп, шығарады және орындаушыларға дейін жеткізеді;
1.6. Қала әкімінің мәжілістері өтетін орындардың тазалығының сақталуын қамтамасыз етеді және дыбыс күшейткіштермен қамтамасыз етеді; 
1.7.Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекітілген ережелердің іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу бөлігін аппарат бөлімдерінің орындауын қамтамасыз етеді;
1.8.Аппараттық-құрылымдылық бөлімшелердің тапсырмасы бойынша құжаттарды жедел бастыруды және материалдарды көбейтуді іске асырады; 
1.9.Аппарат бөлімшелерінің құрылымдық буындарының индексін анықтайды және қала әкімі аппаратының номенклатуралық істерінің жиынтық тізімін, корреспонденттердің тізбесін жасайды, белгіленген тәртіп бойынша құжаттардың көшірмесін береді;
1.10.Қала әкімі аппаратының ғимаратында кезекшілік кестесінің жүргізілуін ұйымдастыру мен бақылау, ауылдық округ әкімі аппараттары ғимараттарында кезекшілік кестесінің ұйымдастырылуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын қадағалайды.
1.11.Күнделікті кезекшілік туралы бақылап қала әкімі аппаратының жетекшісіне жазбаша түрде мәлімет береді.
1.12.Жүйелі түрде қала әкімі аппаратының ғимаратындағы қызметшілердің жұмыс тәртібін сақтауын қадағалайды, қала әкімі аппаратының жетекшісіне мәлімет тапсырады. 
1.13.Азаматтардың қала әкімі аппаратының ғимаратына рұқсатнамасыз кірмеуін қамтамасыз етіп тұрақты бақылау. 
1.14.Бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарын түзеді және қала әкімі аппараты жетекшісінің бекітуіне ұсынады.
1.15.Апта сайын атқарған жұмыстары жөнінде қала әкімі аппаратының жетекшісіне мәлімет ұсынады. 
2. Бөлімнің құқықтары:
2.1. Қала әкімі аппаратының құрылымдылық бөлімшелерінде құжаттарды сақтауды жұмыс ресімдеуді тексереді;
2.2. Басқармалардан, комитеттерден, департаменттерден, ауыл әкімдерінің аппараттарынан, олардан құжаттардың айналуы жағдайы туралы ақпараттар сұрайды;
2.3. Қала әкімі аппаратының басшысының келісімі бойынша қала әкімі аппараты мен ауыл әкімдерінің аппараттарында іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзу фактілері бойынша құжаттарды жолдайды;
2.4. Азаматтардың өтініштерін, келген және жіберілген хат-хабарларды, қызметтік жазбаларға байланысты материалдарды, қала әкімшілігінде қабылданган құжаттарды көбейтуге рұқсат береді.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…