2018 жылдың 5 қазанында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауы жарияланды. Елбасы бұл Жолдауында: «...Қазақстанның Халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі56,0 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 104,3 % артқан. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 13,8 пайыз (7,8 млрд.теңге), ауылшаруашылық саласына 7,6 пайыз (4,1 млрд.теңге), орындалған құрылыс жұмыстары 21,1 пайыз                                     (10,3 млрд. теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне                       57,5 пайызы (33,8 млрд.теңге) тиесілі. 2018 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі жан басына шаққанда 342,1 мың теңгені құрады (2017 жылдың есепті кезеңінде 217,3 мың теңге).

      Бюджет                                                                                     

     Түсімдер бойынша:

   2018 жылғы жалпы түсім жоспары 36 071,8 млн.теңге, ағымдағы жылдың 9 айға жоспары 25 810,3 млн. теңге, нақты түскені 26 265,2 млн.теңге, яғни жоспар 454 млн. 873,1 мың теңгеге артық немесе 101,8 пайызға орындалды.

         Оның ішінде қала бюджеті бойынша өзіндік жергілікті түсімдердің жылдық жоспары 2 602,6 млн.теңгеге, 9-айға жоспар 1 861,8 млн.теңгеге, нақты түскені 2 162,4 млн.теңгеге, яғни жоспар 300,6 млн.теңгеге артық немесе 116,1 %-ға орындалды.

Шығыстар бойынша :

       2018 жылдың 9 айында қала бюджетінің шығыстар бөлігі бойынша төлем жоспары 25 983,6 млн.теңгені құрап, нақты 25 664,8 млн.теңгеге игеріліп, жоспар 98,8 пайызға орындалған.

 

    Өнеркәсiп және кәсiпкерлiк саласы                                        

   Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты  өнеркәсіп саласында 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек  айында 6 810 млн. теңгенiң өнімі өндіріліп,              2017 жылмен салыстырғанда өсім 106,5 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 5 444,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім                     105,8 %-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 1000,4 млн. теңгенi құрап, өсім 119,0 %-ға, сумен жабдықтау 365,2 млн. теңгенi құрап, өсім 105,2 %-ға жеткен.

    Үдемелi индустриалды-инновациялық дамубағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны  11 233,2 млн теңгені құрайтын 15 жоба енгiзiлген. Осы кәсіпорындарда 952 жұмыс орын ашу көзделген. Осыдан 2010-2017 ж.ж. құны 2214 млн. теңгенi құрайтын 10 жоба iске қосылып, 539 жұмыс орны ашылды, өндiрiлген өнiм көлемi 1767,2 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсiп өнiмi көлемiндегi үлесi 22,6 пайызды құрады.               Оның ішінде 2018 жылы 2 жоба «Golden camel group LTD» ЖШС  қазан айында, «Айбек ЛТД» ЖШС мекемесі желтоқсан айында іске қосылу жоспарлануда, 215 жаңа жұмыс орны ашылады.

                                                                          

Шағын және орта бизнес                                                                  

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 10 146 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 9798, немесе 96,5 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған адам саны 25518  және өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 56001,2 млн. теңге, бюджетке төленген салық көлемі 532,0 млн.теңгені құрады.

Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауындағы басты мақсаты - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны  кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% жеткізу. Оны орындау үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру. Қазақстанның азаматтары қалада да, ауылда да               16 миллион теңгеге дейін шағын несие беру, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану және қаржылық сауаттылыққа үйрету.

       2018 жылдың 8  айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 105,1 млн.теңгені құрайтын 19 жоба, ал «Оңтүстік» АИО арқылы 10,0 млн.теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды.

Осы орайда қаламызда Кәсіпкерлер палатасы, жұмыс жасайды.

 

      Түркістан облысының Түркістан қаласындағы «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының филиалының көрсетілген қызметтері.

Көрсетілетін қызмет түрі

       2017 ж

       2018 ж.

%

1

Заң мәселелері бойынша кеңес

150

163

108,7

2

Бухгалтерия

204

242

118,6

3

Мемлекеттік сатып алу

-

154

-

4

Маркетолог

-

105

-

 

Барлығы

354

664

187,6

 Инвестиция                                                                                     

 Негізгі капиталға тартылған инвестиция 16 586,8 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 % пайызға орындалды.

       Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 350,0 млн. теңге 58,6 пайыз, жергілікті бюджет есебінен 2402,3 млн. теңге (48,4 пайыз), 11 663,7 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен  (106,6 пайыз),  банк кредиттері 0,2 млн. теңгесі (15,7 пайыз), қарыз қаражаттары 2170,6 млн.теңге (42,8 есе).

      Облыстың негізгі капиталына салынған жалпы инвестиция                                        163 519,0  млн.тенге, қала инвестицияның үлесі 10,1 пайызды құрады.

 

Сауда -логистикалық орталық

Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басымды бағытының бірі - өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру, көлік инфрақұрылымын басқару, қызмет көрсету және әкімшілік кедергілерді жою.

Осы мақсатта сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы            20,0 гектар жер телімі бөлініп, инфрақұрылым құрылысына 237,0 млн.теңге бөлінген.Онда жобалық құны 4792,0 млн.теңгені құрайтын 10 жоба орналастыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Аймақтық Үйлестіру кеңесінің ұсынуымен логистикалық орталығына жоба құны 162 млн.теңге құрайтын  «Ер-Аман» шаруа қожалығы орналасты.

Түркістан қаласында кәсіпкерлік нысандардың жүзеге асырылуы

2018 жылы 6 нысанның іске қосылуы күтілуде.

Оның ішінде  қалада 547 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін,  жоба құны 9757 млн.теңге құрайтын 5 нысанның іске қосылуы жоспарланып отыр.

Ал, «Түркістан» индустриалды аймақтан 30 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, жоба құны 176,4 млн.теңге құрайтын 1 жобаның ашылуы күтілуде.          

 

Ауыл шаруашылығы                                                                     

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы саласында 4 131,5 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 109,2 пайызға орындалды.

Оның iшiнде, мал шаруашылығы 2414,6 млн. теңгенi құрап, 109,9 пайыз, егін шаруашылығында 1716,9 млн. тенге болып, жалпы нақты көлем индексі 107,0 %-ды құрады.

                                                      

Ағымдағы жылдың 9 айында жалпы үйіргелік жерді қоса алғанда 3157 га жерге егін егілді, оның ішінде дақыл түрлері бойынша: (болжам)

көкөніс                         - 904 га

бақша                           -795 га

картоп                          - 78 га

дәндік жүгері               - 129 га

мақта                                      - 487 га

мал азығы дақылдары  - 764 га

 

          Жылыжай                                                                                     

Қала аумағында бүгінгі таңда жалпы көлемі 8,72 гектарды құрайтын         108 бірлік жылыжайлар бар. Жылыжайдан І айналымда 277,2 тн өнім алынды, оның ішінде қызанақ  108,6 тн, қияр 147,2 тн, тәтті бұрыш 21,4 тн.  Алдағы уақытта «Индустриалды аймақ» аумағынан «Олжа и К» ЖШС-гі 1 гектар жылыжай кешенін салуды жоспарлауда.

 

Қайта өңдеу

Қалада бірнеше қайта өндеу цехтары жұмыс істейді. Атап айтқанда;               ″Ақ жол″ шұжық өңдеу цехында 9 айында 205 тонна ет өңделді. Индустриалды аумағындағы «Golden Camel LTD» ЖШС-ның түйе сүтінен құрғақ таблеткалар дайындау цехы қазан айында іске қосылады. «Мұзды тау» ЖШС-інде                     9 айында 300 тн сүт өңделді.

Түркістан қаласының тұрғындарын өзімізде өндірілетін азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі жылдан-жылға артып келеді.

Мал басы мен мал өнімдері өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда біршама артып отыр. Атап айтқанда,

Мал басы:

- ІҚМ – 12 881 бас болып 106,2 %-ға

- Қой, ешкі – 34 447 бас болып 107,1 %-ға

- Жылқы – 2 001 бас болып 2,4 есеге

- Түйе – 866 бас болып 109,5 %-ға

- Құс – 31 484 бас болып 107,0%-ға артты.

Мал өнімдері:

Есепті кезеңде ет 1231,2 тн өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 122,8 %-ға, сүт 8588,4 тн болып 106,0 %-ға, жұмыртқа 2 762,0 мың дана болып, 102,2 %-ға артты.

Мал өнімдерінің өнімділігі.

Шаруашылықтың барлық санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 1567 кг құраса (100,8 %), ал бір мекиен тауықтан орташа алынған жұмыртқа                132 дана болып, 100 %-ды құрады.

 

Сыбаға″ бағдарламасы бойынша ағымдығы жылдың 9 айында 120 бас ІҚМ алынды.

Бiлiм саласы

         Қалалық білім бөліміне қарасты 35 мектеп, оның ішінде 33 мемлекеттік,               2 жекеменшік білім беру мекемесі жұмыс атқаруда. Жалпы оқушы саны – 39052. өткен оқу жылымен салыстырғанда  105,9 пайызға (2165 бала) өсті.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың                 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылғы оқу жылында 735 мұғалім жаңартылған білім мазмұны аясында біліктілігін арттырса,2018 жылы  жалпы 1003  ұстаз,  оның ішінде мұғалімдердің  біліктілік арттыру курстары бойынша 2 апталық бюджеттік курстан Шымкент қаласында 98 мұғалім, Алматы қаласында 7 оқу ісінің орынбасары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты, Педагогикалық шеберлік орталығы  базаларында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 874 мұғалім білімдерін жетілдірді. Мектептегі мұғалім көшбасшылығы тақырыбындағы деңгейлік курстан 16 мұғалім, өзін-өзі тану пәні бойынша 4 мұғалім білімдерін жетілдірсе, мектеп басшыларының 9 айлық курсынан 1 мектеп директоры, 3 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары білімдерін жетілдірді.

      Есептi мерзiмде, қала бюджетiнiң 54,8 пайызы немесе 14 114,1 млн. теңге қаржы бiлiм беру саласына бағытталды.

2018 жылы маусым айында С.Рахимов мектебiнiң акт залы және асхана құрылысы және Отырар мөлтек ауданынан 280 орынды «Қарлығаш» балабақшасы мемлекетік жекеменшік әріптестік арқылы салынып, пайдалануға берілді.

      2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 276,5млн. теңге қаржы бөлінді («Балауса» балалар лагері, Ә.Науаи атындағы №13 мектеп гимназиясы, Абай атындағы №31 жом), ал ағымдағы жөндеу жұмыстарына 14 білім мекемесіне 102,2 млн.теңге, 9 білім мекемелеріне (С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаты, Қ.Сатпаев атындағы №12 жалпы орта мектеп, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы,  Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп, "Айгүл" б/б, "Өркен" б/б, "Келешек" б/б, "Балапан" б/б, "Балбөбек" б/б) газға қосуға 66,6 млн.теңге қаржы жоспарланды.                                                                                             

2017-2018 оқу жылы 1486 мектеп бiтiрушiлердiң 1109-ы қазақ, орыс, 377-i өзбек сыныбын бiтiрдi. Оның ішінде 1027 оқушы ҰБТ тапсыруға өтiнiш берiп, 1019-ы тест тапсырды. 2017 жылы 1529 оқушының 1055-i ҰБТ қатысқан. Орта балы - 78,8 болды (2017 жылы орта балы 75,81 құрады).

«Алтын белгi» иегерлерiнiң саны 124 құрап, 2017 жылмен салыстырғанда  35 оқушыға артты.

 

Қ/с

Мазмұны

2018 жыл

2017 жыл

%

1.

11сынып оқушылар саны

1486

1529

97,4

2.

ҰБТ-ге қатысқаны

1019

1055

96,6

3.

Орта балл

78,8

75,81

103,9

4.

«Алтын белгі» белгісі

124

89

139,3

                                           

        2018 жылғы мектеп бітіруші 1486 түлектің 879-ы ЖОО-на, 285-і колледжке оқуға түскен, жалпы оқуға түскен түлектер 1164. 157-і бала түрлі жұмыстарға орналасқа, 140-ы жұмысқа орналаспаған жұмыссыз, 20-ы ауруына байланысты оқуға,жұмысқа жарамсыз, 5-і басқа республикаға кеткен, 1-і әскерге шақырылған.  

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 18388 құрайды, оның ішінде 1 сыныптарда 3 392 оқушы, ал мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылуы тиіс бала саны 14 996. Жалпы 67 балабақшада, оның iшiнде мемлекеттiк 21 балабақшада 3 456 бала, 46 жекеменшiк балабақшада 5204 бала, 28 шағын орталықтарда       3 691бала, мектеп алды даярлық топтарда 343 бала, жалпы 3-6 жас аралығындағы 12 694 мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылып,  84,6 пайызды құрап отыр.

 

Жастар саясаты

Бүгінгі таңда  қаламызда 14-29 жас  аралығындағы жастар саны-                     39768, яғни қала тұрғындарының  24,4 пайызын  құрайды.

Түркістан қаласында 1 жоғарғы, 11 орта арнаулы оқу орындары бар. Оның ішінде: жоғарғы оқу орнында 7947 студент, орта арнаулы оқу орындарында 8148 студент, оның ішінде  кәсіптік біліммен қамтылғаны -3348 жас, осыдан ағымдағы жылы 1119 оқуды аяқтап, 877 жұмыспен қамтылған (78,4%).

       Жалпы жастардың жұмыссыздығы (1362 жас) деңгейі 3,4 пайызды құраса, 15-28 жас аралығындағы  NEET көрсеткіші яғни  енжар (909 жас) жастардың үлесі 2,2 пайызды құрап отыр.       

Денсаулық сақтау

      Бүгінгі таңда қала халқына медициналық көмекті облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 16 медициналық мекеме, оның ішінде 6 емхана,                    2 амбулатория, 1 жедел жәрдем стансасы, 7 аурухана көрсетеді.

       Түркiстан қаласында 366 дәрiгер, 1359 орта медицина қызметкерi жұмыс жасайды, дәрiгерлермен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 22,5 (облыс көрсеткiшi - 27,0), орта буын медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 83,4 (облыс көрсеткiшi – 86,4) құрады.        

                                                                            

       Нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда  33 бала шетінеп, көрсеткіш -9,2 болды.  Түркістан қаласы бойынша  3346 сәби дүниеге келген.       Ана өлімі орын алған жоқ.

Әлеуметтiк қамсыздандыру

        Қала халқының саны162 944 адамды құрады, оның iшiнде экономикалық тұрғыдан белсендi халық 53 946 мың адам.

        Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 19677 адамды құрайды.

  Жұмыссыздарсаны 2837 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейi                           5,2 пайызды құрады.

         2018 жылы Кешенді жоспар бойынша  қамтылатын адам саны 3568  оның ішінен 1019 адам жұмыссыздар, 1621 адам нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, 928 адам жұмыс іздеушілер қатарындағы санаттары белгіленген.   

Кешенді жоспарды іске асыру аясында  2018 жылдың 01 қазанына дейін нақты  3117 адам қамтылды,  орындалуы  87,4  пайызды құрап отыр.   

Оның ішінде санаттары бойынша:  

- Жұмыссыздар – жылдық жоспар 1019 адам, қамтылғаны 851 адам.    (Орындалуы 83,5 пайыз).

- Өздігімен  жұмыспен қамтылғандар- жылдық жоспар 1621 адам,  қамтылғаны 1492 адам.  (Орындалуы 92,0 пайыз).

- Жұмыс іздеушілер – жылдық жоспар 928 адам,  қамтылғаны 756 адам. (Орындалуы 81,5 пайыз).

 

 «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы 2018 жылдың 9 айында                               3835 отбасының 20935 адамы қамтылды.  Оның ішінде шартсыз түріндегі                  562 отбасының 2533 адамы,  шартты түріндегі 3273 отбасының 18402 адамы.                                                                                                                                                                                                                  

1-бағыт  «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік

біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету».

       2018 жылы Түркістан қаласы бойынша бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік білімі мен және  қысқа мерзімді қайта даярлауға жалпы  485 азамат жоспарланған. Оның ішінде кәсіби даярлауға 233 азамат, қайта даярлауға қысқа мерзімдік оқуға 252 азамат  жолдану жоспарланған. 2018 жылдың 01 қазанына дейін 6 оқу орындарына 15 мамандық бойынша 470 азаматоқуға жолданып, 445 азамат оқуды аяқтады.

         2-бағыт  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту».

2018 жылы 5 азамат шағын несиелендіруге жоспарланған. Бүгінгі таңда 60 азаматқа шағын несие алуға жолдама беріліп, 3 азамат 38,0 млн.теңге көлемінде шағын несиемен қамтылды.

3-бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»

- 2018 жылы  Әлеуметтік жұмыс орындарына 155 азамат жоспарланған.  Есепті мерзімде, әлеуметтік жұмыс орнына 27 азамат  қамтылды.

- 2018жыл жастар практикасына 246 азамат жоспарланған. 2018 жылдың 01 қазанына дейін 280 жас азамат тартылды.

         - 2018 жылға қоғамдық жұмысқа 196 азамат жоспарланып, 169 азамат жолданды.

-2018 жылы бос орындар арқылы тұрақты жұмысқа 2108 азамат қатыстыру жоспарланып, 1402 азамат  бағдарлама шеңберінде  қатыстырылып жұмыспен қамтылды.

- Жаңа жұмыс орындарына 369 азамат жолдауға жоспарланып, 376 азамат қамтылды.

          Мүгедектерді әлеуметтік шаралармен қамту мәселелері бойынша                        жалпы 6551 мүгедектің 4904 мүгедек азаматы қамтылған.

Атап айтқанда: протез-ортопедиялық құралымен 587, міндетті гигиеналық құралмен 3105,  жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге 635, ымдау тіл маманының әлеуметтік қызметін көрсетумен 58, санаторий-курорттық емдеумен қамтылған 463, сурдо-тифло техникалық құралдарымен 36,                       т.б қамтылды.

Тұрғын үй жәрдемақысыбойынша 2018 жылдың 9 айында   1752 отбасының 10853 адамына тұрғын үй жәрдем ақысы тағайындалып, төленген қаржысы 50,0 млн.теңге.                            

 

Мәдениет, спорт және туризм саласы

Мәдениет

Есепті мерзімде, 199 мәдени іс-шара өткізілді,  Н.Назаровтың «Түркістанға тағзым ет», «Тұңғыш қазақ елшісі» атты кітабының тұсаукесері, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Жас толқын-2018», Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:  Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  өткізіліп отырған  «Сырлы би толқыны», 1 наурыз-«Алғыс айту күні» күні мерекесі,  «Шаңырақ сазы» өнер фестивалі,    Ұлыстың Ұлы күні "Наурыз" мейрамы,  «Түркістан аруы-2018» қыз сыны, «Ақ Дидарлы әжелер» , Жауқазын фестивалі, Ел тірегі – Астана жазба ақындар мүшайрасы, Ақын – Қ.Бегмановпен кездесу, Құрылысшылар күні, Спортшылар күні, «Мектепке жол», Қазақстан Республикасы Конституциясы күні.т.б. өткізіліп,  оған 73 887 адам қатысты.

   

Спорт саласы

      2018 жылдың  9 айында  200 спорттық іс-шара өткізіп, осы спорттық іс-шараларға 19080 адам қамтылды. Өткен жылмен  салыстырғанда 20  спорттық іс-шараға,  922 спортшыға артты.

      Жетістіктері: Хамза Дидар  - дзюдодан  Азия ойындарындарының чемпионы. Жылқыбаева Айжан  -дзюдодан  Азия ойындарындарының қола жүлдегері,  Мырзабаев Нұрлан -  таэквондодан   Азия ойындарындарының қола жүлдегері, Нұрмағанбет Бек - бокстан Н.Ә.Назарбаев  кубогінің күміс жүлдегері.

 

Туризм саласы

Есепті мерзімде қаламызға келген зияратшылар мен туристер саны 1054,2 мың адам, оның ішінде алыс-жақыншетелден келген 33,2 мың турист келді. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандакелген туристер мен зияратшылар саны 5,2 %-ға немесе 44,6 мың (2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында келген туристер саны 854,0 мың адам) адамға артып отыр.                                                                

Келген туристер мен зияратшыларға көрсетілген түрлі қызметтер көлемі 3936,0 млн.теңгені құрап, қаладағы ЖӨӨ-нің 4,9 %-ды құрап отыр. 

Қалада қазіргі таңда 21 қонақ үй жұмыс істеп тұрған болса, қазан айының аяғында заманауи үлгіде салынған «Royal Grand hotel» қонақ үй кешені іске қосылады деп күтілуде.

 

Тұрғын үй-коммуналдық жаңғырту бойынша

        Таза ауыз сумен қамту

Бүгүнгі таңда қала тұрғындарының (162,9 мың адам) таза ауыз сумен 94,1% қамтамасыз етілген.                  

2018 жылы төмендегі нысандарға құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінді, атап айтқанда:

         1.«Түркістан қаласы, Балтакөл тас жолы бойындағы тұрғын үй массивін сумен қамтамасыз ету». Жалпы сметалық құны – 88 828,0 мың теңге.

         2.«Түркістан қаласы, Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын үй массивін сумен қамтамасыз ету (2 кезен)». Жалпы сметалық құны –  608 059,0 мың теңге.

         2 нысан құжаттары облыстық бюджеттен қаржы бөлдіруге«Облыстықэнергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» тапсырылды. Атап айтқанда:

         1.«Түркістан қаласы, Түркістан-Қызылорда тас жолы бағытындағы Сауран және Иассы м/а ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» нысаны. Жоба құны428 886,7 мың теңге.

         2.«Түркістан қаласы ХҚТУ-дың тұрғын үй массивін сумен жабдықтау құрылысы»нысаны. Жоба құны75 007,0 мың теңге.

Сарқынды су

  Түркістан қаласында жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазартатын имарат бар. Бүгінгі таңға пайдаланып жатқан, яғни қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3. Толық қуатында жұмыс істеген жағдайда тәулігіне 10 мың м3су тазартады.

Сонымен қатар 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 11,9%.

         Электрмен қамтамасыз ету

Қала аумағында жаңа тұрғын үй массивтерін сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы  жылы  2 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізу үшін қаржы бөлініп қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде;

        1.«ОҚО, Түркістан қаласы «Отырар» мөлтек ауданы Түркістан Шәуілдір тас жолы бағытындағы тұрғын алапты электрмен қамтамасыз ету құрылысы» жалпы сметалық құны – 637 ,5 млн. теңге. Абонент саны -1230.

         Бүгінгі таңда құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде, игерілген қаржы 140,0 млн.теңге.  Нысан 2019 жылға өтпелі.

         2.«ОҚО, Түркістан қаласы «Сауран» мөлтек ауданы Түркістан Қызылорда тас жолы бағытындағы тұрғын алапты электрмен қамтамасыз ету құрылысы» жалпы сметалық құны – 569,0 млн. теңге. Бүгінгі таңда құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде, игерілген қаржы 140,0 млн.теңге.  Нысан 2019 жылға өтпелі.

Тұрғындарды сапалы электрмен жабдықтау көрсеткіші 99,8 пайызға жеткізілді.

 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің тарапынан 2018 жылы «Инвест бағдарлама» аясында тозығы жеткен жоғары және төменгі кернеулі электр желілеріне, трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары              жүргізілді, атап айтқанда:

1.     Төменгі кернеулі (0,4 кВ) электр желілері -  3 шақырым.

3.     Трансформатор қондырғылары (ТП,КТП) – 4 дана.

 

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Жалпы Түркістан қаласы және елді мекендерін 3 АГТС арқылы газдандыру жоспарланған (АГТС №14, №15, 16).

Түркістан қаласын газдандыру ІІІ-кезеңмен жүргізу жоспарланған.                      І-кезең бойынша Түркістан қаласын газдандыру 2013 жылы «КазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық жобасының аясында №15 АГТС-тің (қуаттылығы 100 мың м3/сағат) және квартал ішілік 126 км газ жүйесі                     3018 абонентке және 2015-2016 жылдары«Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету (І-кезең)» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары                          7500 абонентке жүргізіліп, жалпы 10518 абонент, яғни 42918 ден астам қала тұрғыны табиғи газбен қамтылып, жалпы қала халқын газдандыру көрсеткіші 26,4% құрады.

Бүгінгі таңға қала халқын 100% газбен қамту мақсатында ІІ-ІІІ кезеңнің жобалары әзірленіп, магистралды және ішкі жүйелерге қаржы жоспарланды. Мердігер анықталған нысандар бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жалпы қала аумағын газдандыру бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын                2020 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Отырар» мөлтек ауданына, яғни жаңадан бой көтеретін көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік және әкімшілік іскерлік орталығындағы нысандарға қажетті табиғи газ алу үшін «Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету»                 (ІІ-ІІІ кезең) магистралды жүйесінен қосылу нүктесі қарастырылған. Жалпы осы жобаның құрылыс жұмыстарына болжамды қажетті қаржы көлемі                    20,4 млрд.теңгені құрайды.

 

Жылумен қамтамасыз ету

Түркістан қаласында қолданыста  КВ-Р-23, 26 маркалы 2 қазандық, 17 454 метр магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйесі бар. Бұл қазандықтан 1-ші және 2-ші мөлтек аудандардағы 75 көп қабатты тұрғын үйлердегі 12524 тұрғындар, 30 бюджеттік мекеме, 58 заңды тұлға  және 56 жеке тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде.

Тұрғын үй қатынастары бойынша

Кезекте тіркелген құжаттардың саны 8286, оның ішінде: соғыс ардагерлеріне теңестірілген адамдар-жоқ, әлсіз топтар-6045, жетімдер-186, бюджеттік сала қызметкерлері-2048, жалғыз үйі апатты деп танылғаны-7.

 

Автокөлiк жолдары

         Түркістан қаласы ішінде 875 көше, 764 шақырым жол бар. Оның                          199 шақырымы асфальтты (26%), 262,5 шақырымы тас жол (34,3%),                        302,5 шақырым топырақ (39,6%) жол болып саналады.

    2018 жылы жол саласын дамыту және қала көшелеріне күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджет есебінен 1 172,4 млн теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде: 2 көшені күрделі жөндеу жұмыстарына 610,8 млн теңге, 23 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 397,1 млн теңге, 39 көшеге тас төсеуге 125,5 млн теңге, 21 көшенi ағымдағы жөндеуге 39,0 млн теңге қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

23 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен  397,1 млн теңге қаралған болатын. Қазіргі таңда 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 көшеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

   21 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Барыс Строй мекемесі жеңімпаз болып танылған. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстарының 90 пайызы орындалды.

   39 көшеге тас төсеуге 146,1 млн теңге бөлініп, оның ішіндегі 4 көшеге (Қазандық 1-бұрылыс, Юсупов 1-тұйық, Юсупов 2-тұйық, Қарашық көшелеріне) жеңімпаз болып анықталған мердігер мекемелер («UKO Эксперт» ЖШС-гі,  ИП «АЛИБАЙ А.М», «KANSELL-ГРУПП» ЖШС-гі)жұмысты белгіленген мерзімде орандамауына байланысты, Түркістан облысының экономикалық сотына тапсырыс беруші тарапынан  мердігер мекемелер үстіне талап арыздар жолданды.«UKO Эксперт»  ЖШС-гі мен «АЛИБАЙ А.М» ЖК-рі  сот шешімімен жосық мердігер болып табыда.

 Тоқтаров, Ұлықбек Шорнақ, Спатаев, Н.Абдиров, Иассы а/о Абай көшелерін алдағы сессияға қысқартуға ұсыныс жасалынып, мәслихат сессиясында қысқартылды. 11 көшеге мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурсы жарияланды.  Қалған 26 көшеге тас төсеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталында конкурс аяқталып, «Болашақ Строй Инвест» ЖШС-гі жеңімпаз болып табылды. Қазіргі таңда тас төсеу жұмыстарын жүргізілуде.

Сонымен қатар, МКТУ аумағынан Отырар мөлтек ауданына баратын жолды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу келісім шартта көрсетілген мерзімінен кешігуіне байланысты мердігер «Санкт-Астана» ЖШС-не жұмыстарын бастаулары бойынша ескерту хаттары жолданып, Түркістан облыстық сотына талап арыз жолданды.

Майкотов көшесін күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу порталында «Санкт-Астана» ЖШС-гі мен түзілген келісім шарты мемлекеттiк сатып алу туралыҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗЗаң талаптарына қайшы келетіндіктен Түркістан облысының экономикалық сотына шешім шығару мақсатында талап арыз жолданды.

     

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Барлық 36 188 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, электрондық үкімет порталы арқылы 17 997 қызметтің түрі ұсынылды.

 Құжат айналымы                                                                             

                        

      Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2018 жылдың  9 йында азаматтардан 4458 өтініштер  келіптүсті.Бұл   2017жылдың     осы   кезеңімен салыстырғанда 403 өтінішке артып отыр (2017 жылдың есепті кезеңінде 4055 өтініш тіркелген).

 

Оның ішінде:

 

  • жеке тұлғалардан 4078өтініш (2017 жылдың есепті кезеңінде 3283 өтініш, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 795өтінішке артып отыр);

 

  • заңды тұлғалардан 213өтініш (2017 жылдың есепті кезеңінде 229 өтініш, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 өтінішке азайып отыр);

 

  • қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауы 91өтініш (2017 жылдың есепті кезеңінде 175 өтініш, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 84 өтінішке азайып отыр);

 

  • қала әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы 76 өтініш (2017 жылдың есепті кезеңінде 193 өтініш, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117 өтінішке азайып отыр);

 

 

2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін салалар бойынша талдау жасайтын болсақ: (Көптеген өтініштер тұрғын үйіне мемлекеттік акт алуға қаулы сұраған)

 

Өтініштер бойынша көтерілген мәселелер;

  • 3501 немесе 81,6%-ауыл шаруашылығы мен жер мәселелері бойынша
  • 246     немесе 5,7%-тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ауыз су, табиғи газ көлік, жол, мәселелері
  • 101 немесе 2,4% - баспана мәселесі туралы
  • 83 немесе 2% -әлеуметтік сала бойынша
  • 61 немесе 1,4%– өнеркәсіп және кәсіпкерлік бойынша
  • 56 немесе 1,3% - жұмыс мәселесі бойынша
  • 49 немесе 1,1% - білім беру мәселелері бойынша
  • 42 немесе 1% - қаланың экологиялық аймаққа жататындығы туралы
  • 6 немесе 0,1% - денсаулық саласы бойынша
  • 145 немесе 3,4% - түрлі мәселелер

 

 

 

Қала әкімінің жеке қабылдауы бойынша:

2018 жылдың 9 айында, қала әкімінің жеке қабылдауында 91 азамат болған. Қала әкімінің жеке қабылдауында болған азаматтардың өтініштерін салалар бойынша талдау жасайтын болсақ:

 

Қала әкімінің жеке қабылдауы барысында  көтерілген  мәселелер;

 

  • 28 немесе 30,7%- баспана мәселесі бойынша
  • 22 немесе 24,1% - коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ауыз су,
  • табиғи газ мәселелері бойыша
  • 15 немесе 16,5%- ауыл шаруашылығы мен жер мәселелері бойынша
  • 13 немесе 14,3% - жұмысқа орналасу сипаттағы мәселелерге қатысты
  • 5 немесе 5,5% - әлеуметтік сала бойынша
  • 3 немесе 3,3% - денсаулық саласы бойынша
  • 3 немесе 3,3%– өнеркәсіп және кәсіпкерлік бойынша
  • 1 немесе 1,1% - білім беру мәселелері бойынша
  • 1 немесе 1,1% - басқа да мәселелер бойынша

 

Түркістан қаласы әкімі аппаратына есепті кезеңде қала әкімінің жеке қабылдауы бойынша тіркелген 91 өтініштердің қорытындысы бойынша; 11 өтініш (12%) қанағаттандырылған, 80 өтінішке (88%) түсіндірме жауап берілген.

Қоғамдық-саяси ахуал

Қала бойынша атқарылып отырған экономикалық-құқықтық, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстар жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылып келеді.

Бүгінгі таңда қалада үкіметтік емес ұйымдардың  жалпы саны 23, оның  ішінде 3-і этно-мәдени орталық («Түркістан қалалық өзбек мәдени орталығы», «Оңтүстік Қазақстан облыстық славян мәдени орталығының филиалы», «Ахыска» Түрік мәдени орталығы»), 20 қоғамдық бірлестіктер жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, қала әкімдігі жанындағы «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы ел арасындағы қордаланған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, ұлтаралық ынтымақты нығайту және қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әр ауылдық округтер мен елді-мекендерде тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. 

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Жалпы 1533 құқық бұзушылықтар тіркеліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 11,3 пайызға азайды.

Оның ішінде: ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 107 жағдай тіркеліп,  17,1 пайызға азайған.

Қасақана кісі өлтіру7 жағдай тіркеліп,  2,5 есеге көбейген, бұзақылық 78 жағдайды құрап, 18,2 пайызға көбейген, ұрлық 956 жағдайды құрап 12,9 пайызға азайған, пәтер тонау 263 жағдай 18,8 пайызға азайған, мал ұрлығы 87 жағдай 6,1 пайызға көбейген, алаяқтық 138 жағдай 10,4 пайызға азайған, есірткі 31 жағдайды құрап 40,4 пайызға азайған.

Қылмыстың ашылуы 80,4 пайызды құрады (обл.85,9 пайыз).

Қоғамдық орындарда400 құқық бұзушылықтар тіркеліп 24,7 пайызға,   көшелерде 212  жағдай тіркеліп 19,8 пайызға  өсіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…