БАСТЫ КЕДЕРГI - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ

Демократиялық даму процесiн тежеп жатқан себептердi жою жолында Елбасымыз Н.Назарбаев өз Жолдауында көпшiлiкке әсiресе, басшыларға жауапты мiндеттер жүктедi. Оның бастысы сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық - қауiптi iндет. Сондықтан онымен күрес - ұлттық қауiпсiздiкке төнiп тұрған қауiп-қатермен күрес деп бағалады. Жемқорлық - тұтастай мемлекеттердiң экономикасын күйретiп қана қоймай, мемлекет туралы терiс пiкiр туғызады.Сол үшiн жемқорлықпен күрес науқандық шара болмауы керек. Сондай-ақ, ол тек құзырлы мекемелердiң ғана мiндетiне жатпайды. Онымен бүкiл қоғам болып күрескенде ғана оң нәтижеге жетуге болады. Жемқорлықпен күрес жөнiндегi нақты, әрi кешендi шараларды жүргiзу мәлiметтермен алмасу, сыбайлас жемқорлық әрекеттерiнiң алдын алу үшiн бiрлескен түрде жұмыс iстеу, насихат жұмысына ден қойып, баспасөз құралдарымен тығыз байланыста болу өз нәтижесiн бермек. Мұны айтып отырғаным осы бағытта әлi де жариялылық кемшiн және науқандық сипат алуда. Яғни, «Көзе мың күнде емес, бiр күнде сынады» демекшi, насихаттыңкемшiндiгiнен оқыс басып, өкiнiшке ұрынып жататындарды да естiп, бiлiп жүрмiз. Сондықтан бұл орайда пендешiлiктен сырт айналып, малым жанымның, жаным арымның садағасы деп арға жүгiнгенге не жетсiн. Осы бағытта бiз Бабайқорған ауыл округiнде жүйелi түрде халықты жинап, жиын өткiзiп, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау жөнiнде түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзiп келемiз. Оның үстiне жергiлiктi «Түркiстан» газетiнде Ар-намыс Кодексi талаптарының сақталмау фактiлерi болған жағдайда хабарласатын сенiм телефоны берiледi.

Осы шараның барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның қауiптi iндет екендiгiн санаға сiңдiру, әрбiр азаматтың iргесiн аулақ салуына ықпал ету болып табылады. Елбасы Жолдауында Ікiметке үш айдың iшiнде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешендi бағдарлама дайындап, ұсынуды тапсырды. Осының өзi бұл iндеттiң тамыры тереңдеп бара жатқандығын аңғартса керек.

Б.БУКЕБАЕВ,

Iшкi саясат бөлiмiнiң бастығы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес –ортақ парызымыз.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерiлуiне үлкен кедергi келтiрiп отырған қоғамымыздың ең басты қауiп-қатерлерiнi бiрi болып табылады. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елiмiзде көптеген iс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Бүгiнгi таңда, мемлекеттiң ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерiнiң басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиiмдi жолдарына, iшкi өзiн-өзi бақылау жүйесiн құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиiс. Сонымен бiрге, сыбайлас жемқорлықпен күрестiң басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептерi мен шарттарына ықпал жасау болуы керектiгiн ескерген жөн деп есептеймiн.

1998 жылдың 2 шiлдесiнде Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбiр мемлекеттiк органдар басшыларының, ел азаматтарының мiндетi екендiгi атап көрсетiлдi. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп енiп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделiлердi жауапқа тарту бүгiнгi күннiң ең басты мiндеттерiнiң бiрi.

Осындай келеңсiз құбылыстармен бiтiспес күрес жүргiзу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттiк органдардың мiндетi емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Өйткенi халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiмдiлiк жетiспейдi. Сол себептi де мұндай ауыр кеселдi тек мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының күшiмен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресудi бүкiл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Мақсат Таңғатаров

Ымырасыз күрес қана жемқорлықтың жолын кеспек.

Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында өткiр айтылған мәселенiң бiрi ол сыбайлас жемқорлық жайлы. Ол жайлы Елбасы: «Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерiнiң бiрi - сыбайлас жемқорлықпен кесiмдi күрес” деп атап көрсеттi. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрестiң жаңа стратегиясын жасау қажет.

Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткiлiксiз.

Жаңа құқықтық тетiктердi, ақпараттық мүмкiндiктердi пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртiп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңiнен тарту керек.

Басқа елдердiң тәжiрибесiн зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттiк қызметшiлердiң кiрiстерiн ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет. Осы мәселе бойынша заң қабылдау керектiгiн тапсырды.

Жолдаудың осы пәрмендi тұсын өзiмiздiң ұжымда да яғни, қалалық құрылыс бөлiмi мемлекеттiк мекемесiнде зор жауапкершiлiкпен сезiнiп, ой елегiнен өткiздiк. Жалпы - iндеттiң алдын алу, оны болдырмау бағытында кешендi iстердi жалғастыра беретiн боламыз. Жалпы, сыбайлас жемқорлықтың үлкен-кiшiсi болмайды. Былайша айтқанда, «Бiр құмалақ, бiр қарын майды шiрiтедi» дегендi де естен шығармаған абзал. Сонда ғана Президенттiң Жолдауында алға қойылған мiндеттердi орындау бағытында барлық жұртшылықтың сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз әрi қатаң күресiнiң нәтижесi болмақ.

Ә.Алдамұратов,

Қалалық құрылыс бөлiмi мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…