ҚАЛАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында және Үкімет мәжілістерінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін үнемі пысықтап отырады. 1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13 ақпан 2008 жылғы №46 қаулысына сәйкес Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысымен қала әкімдігі жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, ережесі бекітілді. Қазіргі таңда, қала әкімдігінің 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары және қала әкімі аппаратының жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қала әкімдігі Заң талаптарын орындау мақсатында халыққа тиісті жағдайлар жасауда. Атап айқанда, Түркістан қалалық Жер қатынастары бөлімінде жер алуға өтініш білдірген азаматтардың кезегі арнайы тақтаға ілінген. Бұл кезек туралы мағлұматты әрбір азамат веб-сайтта көруге болады.

            Түркістан қаласы әкімдігінің веб-сайты арқылы қала әкіміне кез-келген азамат өз сұрағын қоюға толық мүмкіндігі бар. Қызметкерлердің жыл сайынғы декларациялары заң талабына сай тапсырылуда. Қала әкімі аппаратына, қала әкімдігіне қарасты бөлімдерге және ауылдық округтерге әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің және басқа да норматвитік құқықтық актілердің талабы қатаң сақталынуда.

Қалалық «Түркістан» газетінің «Заң және заман» айдарында мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және басқа да құқықтық тақырыптарда мақалалары жарияланып тұруда. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес әр жыл сайын 12 ауылдық округтерде және Түркістан қаласының халқы алдында есеп беру кезінде әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндалып сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жұмыстар туралы хабардар етілуде. Бұл іс-шара 2015 жылдың басында да өз жалғасын тауып, есеп беру барысында айтылған халықтың ұсыныстары бойынша жұмыс жасау мақсатында арнайы кесте бекітіліп, ауылдық жерлердегі жер, жол және электр тағы басқа да мәселелер өз шешімдерін табуда.

Қала әкімдігінің апталық және әкімдік мәжілістерінде қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округтерде және басқа да аумақтық мекемелердің жұмыстарының қорытындысы тыңдалып, соның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының орындалу деңгейі қаралуда.

Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мақсатында халық көп шоғырланатын мекемелердің яғни, қала әкімі аппаратының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Жер қатынастары және бірқатар ұйымдардың ғимараттарының алдында сенім жәшіктері орнатылған. Ай сайын жергілікті «Түркістан» газетінде халықтың назарына қала әкімдігінің барлық дербес бөлімдері мен ауылдық округтердің сенім телефондарының номерлері жариялануда.

Түркістан қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Білім бөлімінің, Жер қатынастары, Тұрғын үй-коммуналдық коммуналдық шаруашылық бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Сәулет және қаоа құрылысы бөлімдері көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтер Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қалалық филиалы арқылы жүргізілуде. Бұл дегеніміз жеке азамат пен мемлекетттік қызметшілер арасындағы тікелей байланысқа тосқауыл болып табылады.

Түркістан қаласының әкімдігі құрылтайшы болып табылатын «Түркістан» газетінде «Заң және заман» заңгерлік тақырыпта арнайы ашылған айдарда қала әкімдігінің және басқа да мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және басқа да құқықтық тақырыптарда мақалалары жарияланып тұруда.

Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер арасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, жалпы 2014 жылы 125, 2015 жылы 104 мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, жеңімпаздар анықталып, заңға сәйкес тиісті келісім-шарттар түзілген. Конкурстар өту барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды өткізу Ережесін бекіту туралы» 27.12.2007ж. №1301 қаулысы басшылыққа алынып, жалпы мемлекеттік сатып алу конкурстары заңға сәйкес ашық әркімге қол жетімді өтуде.

Бұған дәлел, қала әкімдігіне қарасты конкурс ұйымдастырушыларына мемлекеттік сатып алу және облыс әкімінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджет заңнамасының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» №459 қаулысын түсіндіру туралы мастер класс семинарлар өткізілген. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражатты жұмсаудың оңтайлық және тиімділік принциптерін сақтау, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті, мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығын қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады.

Сондай-ақ, 2015 жылдың 24 қаңтарында қала әкімі және Түркістан аймағы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Х.Маматаевтың және «Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалының мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты» тақырыбында қала әкімдігінде мәжіліс болып өтті.

Мәжіліс барысында Х.Маматаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Респупликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығының негізгі бағыттары туралы баяндады.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…