2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ

 

Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №10/56-V «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет   туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №19/166-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №9/71-V «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  туралы»  Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу тізілімінде №2388 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы     №10/56-V«2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2177 нөмірімен тіркелген,                  2013 жылғы 12 қаңтардағы «Түркістан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан қаласының 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 18 009 708 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 181 586 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 8 187 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 64 022 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi – 15 755 913 мың теңге;

2) шығындар – 18 034 652 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 10 464 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 12 982 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –  2 518 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)–  -35 408 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                              35 408 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 12 982 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 2 518 мың теңге;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 24 944 мың теңге.».

            Аталған шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                               Е.Тәңірбергенов                                                                                                                                   

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                                                          Ғ. Рысбеков

                                                                                     Түркістан қалалық мәслихатының    
                                                                                  2013  жылғы  12  желтоқсандағы  
                                                                                      № 20/117-V шешіміне №1 қосымша  
           
                                                                                     Түркістан қалалық мәслихатының    
                                                                                2012  жылғы 20 желтоқсандағы  
                                                                                     № 10/56-V шешіміне №1 қосымша  
      2013 жылға арналған калалық бюджет    
Санаты   мың теңге  
  Сыныбы Атауы  
    Ішкі сыныбы  
      1.Кірістер 18 009 708  
1     Салықтық түсімдер 2 181 586  
  1   Табыс  салығы 902 000  
    2 Жеке табыс салығы 902 000 509716
  3   Әлеуметтік салық 720 570  
    1 Әлеуметтік салық 720 570  
  4   Меншікке салынатын салықтар 473 166  
    1 Мүлікке салынатын салықтар 213 349  
    3 Жер  салығы 86 612  
    4 Көлiк құралдарына салынатын салық 167 152  
    5 Бiрыңғай жер салығы 6 053  
  5   Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 59 919  
    2 Акциздер 19 203  
    3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 10 212  
    4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 28 945  
    5 Ойын бизнесiне салық 1 559  
  7   Басқа да салықтар 4 656  
    1 Басқа да салықтар 4 656  
  8   Заңдық мәндi iс-әрекеттердi жасағаны және (немесе) оған уәкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлемдер 21 275  
    1 Мемлекеттiк баж 21 275  
2     Салықтық емес түсiмдер 8 187  
  1   Мемлекеттiк меншiктен түсетiн кiрiстер 6 374  
    1 Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсi бөлiгiнiң түсiмдерi 815  
    5 Мемлекет меншiгiндегi мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер 5 559  
  4   Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар 182  
    1 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар 182  
  6   Басқа да салықтық емес түсiмдер 1 631  
    1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 1 631  
3     Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 64 022  
  3   Жердi және материалдық емес активтердi сату 64 022  
    1 Жердi сату 64 022  
4     Трансферттердiң түсiмi 15 755 913  
  2   Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 15 755 913  
    2 Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер 15 755 913  
 
 
 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…