ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ОРЫНДАЛУЫНА ТАЛДАМАЛЫ ХАТ

 

2013 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларының қорытындысы бойынша қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 9852,2 млн. теңгенің өнімі өндірілді. 2012 жылмен салыстырғанда өнімнің нақты  көлемі    107,5 пайызға өсіп отыр.

 2013 жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының (ФИИР) Индустриаландыру картасына 3 жоба  336 млн теңгеге 3 жоба іске қосылды  атап көрсеткенде:

- «Тұран» ШШ, өсімдік май шығару. Жоба құны 109,0 млн теңге. Ашылған жұмыс орындар саны 35. Қуаттылығы жылына 50 млн теңге, өнім шығару көлемі 152 тн.

- «Тұран» ШШ-на қарасты тамшылатып суғаруға арналған полиэтилен құбырларын шығару. Жоба құны 125,0 млн теңге. Ашылған жұмыс орындар саны 27. Қуаттылығы жылына 65,0 млн теңге, өнім шығару көлемі 200 тн.

- Жеке кәсіпкер Ф.Құдайбергенов жиһаз жасайтын құны 102,0 млн теңгені құрайтын инвестициялық жобасы  маусым айында іске қосылып, 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен бірге  ЖК Ф.Құдайбергенов жоба құны  15,0 млн.теңгені құрайтын  ағаш қалдықтарынан брикет шығаратын цехты іске қосты.

 ЖК У.Кабулов - тротуар плиталарын және кірпіш бұйымдарын жасайтын шағын зауыты іске қосылды,  жоба құны  6,0 млн теңге, ашылған жұмыс орны 16 адам.

ЖК И.Якубовтың нан өнімін шығаратын жоба құны 15,0 млн.теңге, цех  іске қосылды жаңа 12 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар 8 жоба 2 млрд 44,2 млн теңгеге Индустрияландыру картасына ұсынылып,  облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды.

Сапа менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар мен мекемелердің саны 9-ға жетті.

Сондай-ақ «CT-KZ»  нысанды тауардың қазақстанда  шығарылуы туралы сертификатын 10 кәсіпорын  алды. «Экспортер 2020» бағдарламасы бойынша  СТ 1 сертификатын  4  кәсіпорын иеленді. Атап көрсеткенде: «СП Достлик» ЖШС, «Дүйт» ЖШС, «Кәусар нұр» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС.

Агроөнеркәсіп кешені

2013 жылы 23954,8 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 14203,5  млн теңге, мал шаруашылығы бойынша 9751,3 млн теңге, нақты көлем индексі 98,2 пайызды құрады.

38,5 мың гектарға әр-түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілуі жоспарланған.   Түркістан қаласы бойынша  егістік жұмыстарының көлемі  38,917 мың гектарды құрап, жоспар  101 % болып орындалды.

Мал басы және оның өнімділігі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда барлық түрінен артып отыр. Ет 13187,3  тн (104,2%), сүт 58851,3 тн (104,7%), жұмыртқа 9 млн 569 мың дана (97,6%) өндірілді.

2013 жылы  1 етті   қайта өңдеу цехын іске қосу жоспарланған.  «Сайтмұрат» шаруа қожалығы -  қуаты тәулігіне 3 тн етті  өңдейтін цехы іске қосылды. 

8 га жылыжай салуға тапсырма берілсе, 8,04 га жылыжай салынды (100,5 %).

Түркістан қаласы бойынша  700 га жерге тамшылатып суару технологиясын ендіру жоспарланған. Бұлар негізінен жеміс және жүзім, мақта алқаптарына қолданылады.   860 га жерге тамшылатып суару жүйесі қолданылды. 

90  ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру жоспарланып, 116 ұсақ шаруашылық іріленіп, жылдық тапсырма 128,9 пайызға орындалды.

Шағын және орта бизнес

Жүргізіліп отырған мониторинг бойынша 2013 жылы:

- іс әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10200, 2012 жылмен (9981) салыстырғанда 2,2 пайызға өскен;

- шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 29053, 2012 жылмен  салыстырғанда 2,6 пайызға өскен;

- шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнімінің көлемі 43,0 млрд теңге, 2012 жылмен (41,6 млрд тг) салыстырғанда 3,4 пайызға өскен;

- шағын және орта бизнес субъектілерімен төленген салық көлемі 803,0 млн теңге, 2012 жылмен (787,0 млн тг) салыстырғанда 1,9 пайызға өскен;

Жыл сайын өтетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсына қаладан 2 кәсіпорынның қатысуы қамтамасыз етілді, атап айтқанда: «Фараб комбинаты» ЖШС және «ШТФ Түркістан» ЖШС.

Білім

Бiлiм беру саласына 2013 жылы 11 млрд.197 млн. теңге қаржы қаралып, 2012 жылмен салыстырғанда 5%-ға артты.

Сала бойынша даму бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен 1 млрд. 609 млн. теңге бөлініп, 3 мектеп, 1 балабақша құрылысы аяқталып,  iске қосылды. 1 нысан өтпелі, 2014 жылы құрылысы аяқталады.

Есепті мерзімде 603 млн.теңгеге 20 мекемеге күрделі және 8 мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда республикалық бюджет есебінен 6 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 163 млн. теңге, 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына 182 млн. теңге және жергілікті бюджет есебінен 14 мекемеге 258 млн. теңге қаржы бөлінді.

Түркістан қаласы білім бөлімі  2013 жылы білім мекемелерін  жаңа технологиялық жабдықтармен қамту  бойынша  негізгі  орта және  жалпы орта білім  беретін мемлекеттік мекемелерде  заманауи материалдық техникалық  базаны құру, негізгі  орта  және жалпы орта  білім беретін  мемлекеттік  мекемелердегі  оқу үрдісінің  негізгі  орта және жалпы орта  білім  бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттар негізінде  жүргізілуін  қамтамасыз  ету  мақсатында  Иззатуллаев мектебі, № 12 Сәтбаев мектебі ,№25, Қарашық мектебі химия кабинеттерімен жабдықталды.

Білім саласы бойынша өткізілетін әдістемелік іс-шараларға жергілікті бюджеттен 3804,0 мың теңге қаралып, игерілді.

 2013 жылдың соңына дейін барлық балабақшалар мен шағын орталықтарға қамтылған бала саны 13898 бала, оның ішіндегі; 25 мемлекеттік балабақшадағы қамтылған бала саны - 4735, 2 мектеп-балабақшадағы қамтылған бала саны -600,     5 жекеменшік балабақшадағы қамтылған бала саны 503 бала, шағын орталықтағы бала саны – 8060.

 Білім бөліміне қарасты мектептердегі оқушылардың спорттық секциялармен  қамтылуы 55% немесе 23730 оқушыны құрап отыр.

Сапалы және нормаға сай ыстық тамақтандырумен қамту мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан  2739 бала сапалы және теңгерімді тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Жалпы орта негізгі орта бастауыш білім беру ұйымдарын оқу әдістемелік құралдармен оқу бағдарламасының оқулықтарымен қамтамасыз ету үшін 82104 теңгесіне кітаптар мен және өзін-өзі тану пәні бойынша кітаптармен қамтылып, тасымалдауына 560,0 мың теңге қаралды.

Лагерге әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын жіберуге жолдама беруге - 2250,0 мың теңге, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 68674,0 мың теңге, жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға бірмезгіл киіммен қамтуға 6400,0 мың теңге және мектеп бітіруші жетім балаларға 220,0 мың теңге, барлығы: 77544,0 мың теңге игерілген.

Күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру түрінде әлуметтік қолдау мақсатында 0-4 класс оқушыларын мектепке дейін алып  бару және кері алып келу қызметіне  10741,0 мың теңге қаралып, толығымен жаратылды.

Білім мекемелерінде 2013 жылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесі 0,27%- құрайды.

2013 жылы Білім бөліміне қарасты  білім беру ұйымдарынан  жоғары және бірінші санатқа 2265 педагог қызметкер ие  болып, үлесі 44,7 пайыз болды.

 Кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырыстың үлесі 0,25 пайызға ұлғайды.

 Түркістан қаласының білім бөлімі ММ-не қарасты білім мекемелерінің барлығы Интернет жүйесімен 100% қамтылып отыр.

Денсаулық сақтау

Қала тұрғындарына медициналық-санитарлық көмек көрсету барысында 12 аурухана, 6 емхана, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 медициналық пункт, 17 дәрігерлік амбулатория жұмыс атқарып жатыр.  Тұрғындарға 438 дәрігерлер, 1356 орта буын мейірбикелер қызмет етеді.

Есепті мерзімде, ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана құрылысы аяқталып, іске қосылды (Жоба құны 1 млрд. 34 млн.теңге).

Одан бөлек, 200 төсектік көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы жүргізіліп жатыр (Жоба құны 5 млрд. 402 млн.теңге).

Облыстық бюджеттен 107 млн. теңгеге 3 елді мекенге фельдшерлік акушерлік бекетінің құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

2012 жылы  2 ана өлімі  тіркеліп, 27,2  көрсеткішті құраса, 2013 жылы 2 ана өлімі тіркеліп 26,2 көрсеткішті құрады.

2012 жылы 1 жасқа дейінгі 138 сәби шетінеп, 17,4 көрсеткішті құраса, 2013 жылы   102 сәби шетінеген, көрсеткіш 13,4 құраған.

Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімі 2012 жылы 276 адам тіркеліп 114,2 көрсеткішті құрады, ал 2013 жылы 267 адам тіркеліп -110,4 көрсеткішті құраған.

100 мың адамға шаққанда онкологиялық сырқаттанушылықтан өлім-жітім 2012 жылы 113 адам қайтыс болған - 47,3 көрсеткішті құраса,  2013 жылда 110 адам тіркеліп  көрсеткіші – 45,5 құрады.

   Халықты әлеуметтік қорғау

   Қала халықының саны 248,5 мың адам.Оның ішінде экономикалық тұрғыдан халық саны 85,5 мың адам. Жұмыссыздар саны 4706 адам. Өздігінше жұмыспен қамтылған халық саны 22,9 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады.

Жұмыс іздеуші ретінде өтініш жасаған 4428 азаматттың /бағдарлама 2100 адам/ /16-29 аралығындағы жастар саны -2211 адам/  1553 –і «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ-2020» арқылы тіркеліп 782 әлеуметтік келісім шарт жасалынып, жұмыс орындарына жіберілді.

 Оның ішінде жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен 2045 азамат тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына 782 азамат, жастар практикасына 747 азамат, әлеуметтік қолдау шараларымен орталық арқылы 725 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

 Жұмыссыздарға  уақытша қоғамға пайдалы  ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып 640 азамат жіберілді. Бағдарлама 100 пайыз орындалды.

 Жалпы  жұмыспен қамтылғандардың саны 4299 адам. Жұмысқа орналасқандардың үлесі 97 пайызды құрады.

 Қала бойынша жыл басынан 2307 жаңа жұмыс орны ашылды.

 Ашылған жұмыс орындарына 341 азамат  жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа орналасты.

Нәтижесінде ресми жұмыссыздық деңгейі  2012 жылы  0.45 пайыз болса, 2013 жылы 0,44 пайызды құрады.

Атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін 90 отбасының 571 мүшесіне 4336,9 мың теңге төленді.

 18 жасқа толмаған баласы бар  7875 отбасының 28897 балаға 469017,0 мың теңге төленді.

  Тұрғын үй көмегі жыл басынан 2670 отбасының 16631 адамға 28286,0 мың  теңге  төленді.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Түркістан қалалық мәдениет үйінде халық шығармашылығы мәдени жұмыстар бөлімі, жылжымалы мәдени қызмет көрсету бөлімі, техникалық құрал жабдықтарды пайдалану бөлімі, жастармен  жұмыс жасау бөлімі, шаруашылық техникалық қызметкерлер бөлімі мен 5 халықтық ұжым, 1 мөлтек аудан клубы, 12 ауылдық клубтар, 4 ауылдық мәдениет үйлері жұмыс атқарып келеді.

2013 жылы мәдени ошақтардың материалдық базасын нығайтуға және мәдени жұмыстардың сапасын арттыруда біршама жұмыстар атқарылуда. Республикалық бюджеттен «Өңірлік даму бағдарламасы» бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарына 40 876,0 мың.теңге қаралып, жөндеу жүргізіліп, толық игерілді.

Мәдени ошақтардың материалдық базасын нығайтуға  4000,0 мың теңге қаржы қаралып жұмсалды.Мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге  2100,0  мың теңге игерілді.

   Мәдени демалыс жұмыстарын қолдау бойынша қала, аудан көлемінде, 1102- іс-шара өткізіліп, 220600 адам қатысты, соның ішінде іс – шараның 868 – і ауылдық жерлерде өтіп, 138600 адам қатысты. Ақылы қызметтен 2941,0 мың теңге түссе, оның 1275,0 мың теңгесін ауылдық мәдениет ошақтары түсірді. 

Қалада 42 кітапхана бар. Оның ішінде: 1 қалалық орталық кітапхана,  1 орталық балалар кітапханасы,  11 қалалық кітапхана,    29 ауылдық кітапхана.

 Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2013 жылы барлық кітап қоры  - 600 931 дана, оның  ішінде  мемлекеттік тілдегі кітаптар саны – 262 229 дана.

Кітап берілімі -  783 869 дана, оқырмандар саны – 48 220 адам.

Денешынықтыру және спорт, туризм

Жалпы 2012 жылы   әр түрлі дәрежедегі 128 жарыс өткізілсе, 2013 жылы 188 жарыс өткізіліп, 60 жарысқа артып отыр. Қалада спортпен тұрақты шұғылданушылар 42914 болса бұл қала халқының 17,3% пайызын  құрайды. Қалада бөлімге қарасты  Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, волейбол,  жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, №2 балалар мен жасөспірімдер cпорт мектебі жұмыс атқаруда. Спорт мектептерінде  2012 жылы 2494 бала спортпен шұғылданса, 2013 жылы спортпен шұғылданатындар  саны 2814 болып,  320 адамға өсіп отыр.

Б.Шолақ стадионы ішінен салынатын «Жабық жүзу бассейнінің» құрылысына  260,4 млн.  теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

2013-2014 ж.ж.  Хамза мектебінің аумағынан жеке инвесторлар   есебінен жалпы құны 221,9 млн. теңге құрайтын спорт сауықтыру кешені салынуда.

Жалпы 2013 жылы  дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты  4 спорт мектептеріне  Ұлттық және бұқаралық  спорт түрлерін дамытуға 86967,0 мың.теңге қаржы игерілді.

«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайының берген мәліметтеріне сәйкес 2012 жылы Түркістан қаласына туризм мақсатымен келген адамдардың саны 701362 құрады, оның ішінде 23820 шетелдік туристер.

Түркістан қаласындағы «Алматы» алаңының бойынан халық қолөнері шеберлері ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жерде жергілікті қолөнер шеберлері орналастырылып, отандық естелік бұйымдар жасауға ыңғайлы шеберханалар, өнімдерді сататын арнайы сауда орындары мен өзге де қажетті орындар белгіленген. Қолөнер орталығында балалар қолөнер мектебі ашылып, онда мектеп жасындағы жасөспірімдер ұлттық өнерге баулу жұмыстары жүргізіледі. 

Бұдан бөлек, Қ.А.Яссауи кесенесіне жақын маңнан 200 орындық туристерге қызмет көрсету орталығы салынуда. Мұнда келушілердің мақсатына сай жатын орын, асхана, кино зал, намазхана, автотұрақ секілді қажетті жабдықтардың барлығы қарастырылған.

Түркістан қаласында туристерге арналған бес жұлдызды қонақ үй салуға арналған арнайы жер көлемі белгіленіп, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Ішкі саясат

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға жастар саясаты бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға жергілікті бюджеттен 2,0 млн ал, жастар саясаты бағдарламасы аясында іс-шаралар өткізу үшін  500 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерлерде  жүзеге асыру мақсатында бөлінген қаржы 1 жасқа шаққанда  35 теңгені құрайды.

        

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

2013 жыл жалпы қылмыс саны 1711 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға артты. Оның ішінде ауыр қылмыстар 161 құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға азайды. Қылмыстың ашылуы 67,6 пайызды құрады, 2012 жылы 58 пайызды құраған.

Осы уақытқа дейін қала көлемінде 68 учаскелік полиция инспекторына 1 ғана учаскелік полиция пункті  қызмет еткен болса, олардың саны қазіргі таңда 13-ке жетіп отыр. Оның ішінде 26,5 млн.теңгеге 5 учаскелік полиция  пункті өткен жылы  сатып алынған болса, 3 учаскелік полиция пункті 2013 жылы сатып алынып іске қосылды.  Одан басқа жергілікті бюджет есебінен 5,0 млн.теңгеге 2 учаскелік полиция пункттері салынды. Сонымен қатар 8 млн. 400 мың теңгеге қала ішіндегі көпшілік шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылап отыратын 18 бейнекамерадан тұратын полицияның 2 тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел бақылау бекеттері орнатылды, қажетті техникалық жабдықтармен, компьютермен, бейне бақылау камераларымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіліп қылмыстың алдын алуда және жолын кесу бағытында тәулік бойы қызмет атқарып, оң нәтиже көрсетуде. Осы бейне-бақылау камералары  орнатылғаннан бері 2 тонаушылық және 306 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 90 құқық бұзушылық бойынша 154 мың теңге өндірілді, 212-сі сотқа жолданды, 4-не ескерту берілді.

Автокөлік паркі де біршама жаңартылып, 14 автокөлікпен толықтырылды, 36 техникалық жабдықтар алынды.

  Құрылыс

Негізгі капиталға 21 млрд. 289 млн. теңге инвестиция тартылып, оның ішінде 5 млрд. 549 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен, 3 млрд. 991 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 3 млрд. 618 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен, 8 млрд. 131 млн. теңгесі қарыз қаражаттары есебінен тартылды.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15863,0 мың теңгені құрап 2012 жылмен салыстырғанда 11,9 пайызға артты.

Қалада 34 мың 990 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға артық.

Жолдар және көлік

Қала бойынша 654 млн.теңгеге 45,5 шақырымды құрайтын 32 көше орташа жөндеуден өтті.

Атап айтқанда: Облыстық бюджеттен 10 көшеге 184 млн. теңге,

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 21 көшеге 461 млн. теңге, сондай-ақ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1 көшеге 9 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Түркістан қаласында республикалық және жергілікті бюджеттерден 80 пәтерлік және 60 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысына 88 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыстары өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғырту мен дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша

 Түркістан қаласында жалпы 105 көпқабатты үйлер бар.

 2013 жылы 120 млн. теңгеге Түркістан қаласындағы 11 көпқабатты үйлерге (Т.Бокин көшесіндегі 10 үй және 1 мөлтек аудандағы 1 көпқабатты үй) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Ауыз сумен қамтамасыз ету                                                                                                                 

Жыл басында 36 елді мекеннің 27-сі немесе 169 мың адам орталықтандырылған таза сумен қамтылып, 69,4% құрады.

2013 жылы жаңадан жүргізіліп жатқан 4 нысанның құрылысына 1 млрд.965 млн. теңге бөлініп, игерілді. Нәтижесінде таза ауызсумен 198 мың тұрғын қамтылып, қамту  жобамен 82 пайызға жетті.

                                                                                       

Сарқынды су                                                                           

Түркістан  қаласы  канализация  тазарту  имараттарының құрылысына 354 млн.теңге, «Түркістан  қаласының  канализациялық  жүйелері» құрылысына 248 млн. теңге  қаржы  бөлініп, игерілді. Құрылысы биыл аяқталады.

Электрмен қамтамасыз ету

Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін электрлендіру  нысанына 294 млн.теңге бөлініп, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қарашық ауылындағы Қарашық көшесін жарықтандыруға 7 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.

Сонымен бірге, Орталық тұрғын үйлер массиві және Айтеке би көшесіндегі тұрғын үйлердің электр жүйелері құрылысының  ЖСҚ-на 5 млн. 940 мың теңге қаралып, игерілді.

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

2013 жылы  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға 1333,0 мың теңге: оның ішінде  4 денсаулық сақтау саласы, 7 білім беру саласы мамандары 121170 теңгеден көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй алу үшін 12 млн 619,7 мың теңге бюджеттік кредит қаржысы 3 денсаулық сақтау саласы, 2 білім беру саласының мамандарына  берілді.

«Жасыл аймақ» бағадарламасы бойынша    

2013 жылы 532 гектар жерге 223000 түп көшет егу жоспарланған, қазіргі таңда 407 гектар жерге 171264  түп көшет егілді. 2013 жылы егілген көшеттердің  көнімділігі 76,8 пайыз құрады.   Түркістан қаласы «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша  жалпы 3 жылдың  көнімділігі 73 пайызды құрады.  Сонымен қатар Сауран елді мекеніне 475 гектар жерге 2013 жылдың күз айында сексаул егу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласының әкімі                                                                                                     Б.Әшірбеков

Түркістан қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы                               М.Таңғатаров

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…