ТЕНДЕР ҚҰЖАТТАМАСЫ

 

 

«БЕКІТЕМІН» Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары ___________________З. Бимбетова «____»_______________2015 жыл Тендер құжаттамасы 1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Иассы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі тік ұңғымалар. Ло т № Теңгерім ұстаушы жылы тік ұңғыма аты балансты қ құны, теңге қалдық құны төленеті н кепілдік жарна сомасы, 3 пайыз Мүлікті сенімгерлік басқару мерзімі 1 Иассы ауылдық округі 2006 №33/22 1312741 577606,04 39382,2 5 жыл 2 Иассы ауылдық округі 2006 №33/24 1597236 702783,84 47917,1 5 жыл 3 Иассы ауылдық округі 2006 №33/25 1459000 641960 43770,0 5 жыл 4 Иассы ауылдық округі 2006 №33/29 1002475 441089 30074,3 5 жыл 5 Иассы ауылдық округі 2006 №33/15 1059619 466232,36 31788,6 5 жыл 6 Иассы ауылдық округі 2006 К-4 897525 394911 26925,8 5 жыл 7 Иассы ауылдық округі 2006 33-1А-№ 2 1321583 581496,52 39647,5 5 жыл 8 Иассы ауылдық округі 2006 №33/1 1087742 478606,48 32632,3 5 жыл 9 Иассы ауылдық округі 2014 Д-4 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 10 Иассы ауылдық округі 2014 Д-8 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 11 Иассы ауылдық округі 2014 Д-9 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 12 Иассы ауылдық округі 2014 Д-10 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 13 Иассы ауылдық округі 2014 №33/40 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 14 Иассы ауылдық округі 2014 №33/45 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 15 Иассы ауылдық округі 2014 №33/47 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 16 Иассы ауылдық округі 2014 №33/37 А 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 17 Иассы ауылдық округі 2014 №33/3А 5497520 5497520 164925,6 5 жыл 18 Иассы ауылдық округі 2014 №33/12 А 5497520 5497520 164925,6 5 жыл2 2. Қатысушы тендерге қатысу үшiн сенімгерлік басқару құрылтайшысы белгiлеген мерзiмде: 1) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға өтінімді (1-қосымшаға сәйкес); 2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды; 3) тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (электронды цифрлық қолтаңба) анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін; 5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы; 6) жарғының нотариат куәландырылған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, жарғы көшірмесін ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады; 7) тендер жарияланған күннен кейін берілген, үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) тиісті салық органының қол қойылған және мөрі (электронды цифрлық қолтаңбасы) бар анықтамасының түпнұсқасын немесе электронды көшірмесін; 8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозиттік шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртегінің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын; 9) тендерге әлеуетті қатысушы өкілінің, оның ішінде кепілдік жарнаны енгізген өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдік паспортты (шетелдіктер үшін) немесе уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды). Жеке тұлға болып табылатын тендерге әлеуетті қатысушы осы 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ: 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктің, шетелдік паспорттың (шетелдіктер үшін) немесе уақытша жеке куәліктің көшірмесін; 2) дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы3 куәліктің көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады. 3.Тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ заңды тұлға; 2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған алдыңғы тендерлердің жеңімпазы тендерге қатысушы болып табылмайды. Тендерге қатысушылар конкурстық құжаттамада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарнаны енгізеді. Кепілдік жарнаны қатысушының өзі немесе оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы кепілдік жарнаны алушы болып табылады. Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, СТН 582000216851, БИК KKMFKZ2A, ИИК KZ470705034593505001, БСН 100240000750, ММ Коды 4593505, КНП 171, Түркістан қалалық қазынашылық басқармасы, Түркістан қаласы. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының (объектіні сатып алу құқығымен берген жағдайда) немесе баланстық құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) үш пайызы мөлшерінде жеке белгіленеді. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерді қамтамасыз етуінің кепілі ретінде енгізіледі: 1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою; 2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысымен шарт жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етуі болып табылады. Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғаларға осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тендерге қатысушы кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінім берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей кепілдік жарналар қайтарылады. Тендерге қатысушылар тендердің өткізілуіне кемінде үш күнтiзбелiк күн қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы оларға кепілдік жарнаны қайтармайды. Тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде өзі енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады. Тендерге қатысушы, осы қатысушының деректемелері көрсетіле отырып, берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінішті тапсырған күнінен бастап он4 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініштері мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының шотына жарналар түскеннен кейін қабылданады. Тендерге әлеуетті қатысушылардың құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерді ашады және жеңімпазды анықтау критерийіне (критерийлеріне) сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің қарапайым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған кезде, тендерлік комиссия дауыстардың тең санын алған қатысушыларды келіссөзге шақырады және тендерлік комиссияның пікірі бойынша, объектінің жұмысын жақсартуға бағытталған ең жақсы қосымша ұсыныстарды қарауға енгізген тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады. Тендерлік комиссияның шешімі 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі Тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы, хатшысы және тендер жеңімпазы қол қояды. Ерекше пікірі болған кезде, тендерлік комиссияның мүшесі оны жазбаша баяндайды және хаттамаға қоса береді. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының тендер шарттары және тендер жеңімпазының ұсыныстары негізінде шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Тендер нәтижелері туралы хаттаманы тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы бекітеді. Мынадай жағдайларда, егер: 1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді деп таныса; 2) тіркелген қатысушылардың саны екінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, екеуден кем болса; 3) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады. Тендерге тіркелген қатысушылар екеуден аз болған жағдайда, тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады. Тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты екінші және кейінгі тендерлер өткізілмеді деп танылған жағдайда, тендерлік комиссия тендер5 шарттарын, объектіні сатып алу құнын өзгертеді және жаңа тендер жариялайды. Объектіні сенімгерлік басқару 3-қосымшаға сай үлгі шартқа сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады). Жылжымайтын мүлікке арналған сенімгерлік басқару шарты мемлекеттік тіркеуге жатады. Шарттарды мемлекеттік тіркеу сенімгерлік басқарушы қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздейді. Қажет болған жағдайда мыналарға: 1) Тендерге қатысушы үміткер міндетті түрде ауыл шаруашылық өнімін өндіруші болуы керек; 2) Суды уақытылы ауылшаруашылық мақсатында пайдалану; 3) Суды пайдаланатын шаруашылықтарға уақытылы су беріп отыру; 4) Материалдық техникалық құндылықтарын жауапкершілігіне алу; 5) Кірістер басқармасымен, электр энергиясын беруші мекемемен, су пайдаланушымен және т.б. мекемелермен кақытылы есеп айырысу; 6) Экологиялық, табиғи климаттық талап нормативтерін сақтау; 7) Атқарылатын жұмыстарға жауапты мамандар тағайындау; 8) Жаңа жұмыс орындарын ашу. Мемлекеттік мүлікті Сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 1-қосымша нысан Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ 1. _____ мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен/құқығынсыз) ___ ____________________________________________________________________ _ (объектінің атауы) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы ________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) толығымен, заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________ атынан (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі) тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы «___» _______________ ____________________________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын. 2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында6 (сомасы теңгемен, сондай-ақ жазумен көрсетіледі) тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Комитет) депозиттік шотына немесе жергілікті атқарушы органның(бұдан әрі – ЖАО) депозиттік шотына: ____________________________________________________________________ ЖСН (БСН) төлемді тағайындау коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім). 3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін. 4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін, күнтізбелік он күннен кешіктірмей, ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз. 5. Мына: тендер өткізілгенге дейін үш күн бұрын тендерге қатысудан бас тартылған; тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған; біздің (менің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда, енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін (міз). 6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие. 7. Өтінімге: 1) ____________________________________________________________ 2) ____________________________________________________________ 3) ____________________________________________________________ қоса беріліп отыр. 8. Төлем деректемелері: _______________________________________________________________ (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, ЖСН (БСН) ____________________________________________________________________ (алушының деректемелері: атауы, ЖСН (БСН), Кбе, ағымдағы шот) 9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________7 (қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда). 20__ жылғы «___» ___________________ М.О. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 2-қосымша Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер нәтижелері туралы хаттама ________ жыл мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен/құқығынсыз) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (объектінің атауы) Тендер өткізілетін күн: _______________________________________ Тендер өткізілетін жер: _______________________________________ Сенімгерлік басқару құрылтайшысы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Сенімгерлік басқару объектісі: ________________________________ (объектінің толық сипаттамасы: ____________________________________________________________________ акциялардың мемлекеттік пакеті, қатысу үлестері, мүліктік кешені, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі) Сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері: _____________ (мекенжайы, телефон, факс, т.б.) Объектінің құны: ______________________________________________ (баланстық/ағымдағы) Тендерге ____________________ (_____________) қатысушы қатысты. (саны, оның ішінде жазумен) Тендер нәтижелері: 1. Тендердің жеңімпазы: _______________________________________ (тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушы көрсетіледі) 2. Тендер шарттары және Тендер жеңімпазының ұсыныстары: 1) ____________________________________________________________ 2) ____________________________________________________________ 3) ____________________________________________________________ 4) ____________________________________________________________ Тендердің нәтижелері туралы осы хаттама тендер аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Тендер жеңімпазы мен Сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады. ____________________________________________________________________ (тендердің нәтижелерімен және тендер жеңімпазының міндеттемелерімен танысу туралы тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушының уәкілетті8 тұлғасының өз қолымен қойған белгісі көрсетіледі) _________________ __________________ ________________________________ (күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) Осы хаттама Сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен Тендер жеңімпазы үшін бір-бірден екі данада жасалған. Комиссия төрағасы: __________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) Комиссия төрағасының орынбасары: ______ _________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) Комиссия мүшелері: __________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) __________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) __________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) Комиссия хатшысы: __________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 3-қосымша Сенімгерлік басқарудың үлгі шарты ____________________________________________________________________ (объектінің атауы) _____________ қ. № _____ 20__ жылғы «___» ___________________________9 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы «___» _________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__ жылғы «___» __________ № _____________ бұйрығымен бекітілген _______________________________________________ (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) туралы ереженің немесе жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________________ (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық ___________________ бөлімшесінің атауы) немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық меншікті басқаруға жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген) атынан бұдан әрі «Құрылтайшы» деп аталатын басшы ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі «Сенімгерлік басқарушы» деп аталатын, ____________________________________________________________________ (20__ жылғы «___» _________ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың) негізінде әрекет ететін _____________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты. 1. Шарттың мәні 1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға, бұдан әрі «Объект» деп аталатын __________________________________________________ (мүліктің атауы) сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы осы Шарт бойынша пайда алушы болатын Құрылтайшының мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. 2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі. 3. Сенімгерлік басқарушы Объектіні сенімгерлік басқаруды иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады. 4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады. 5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің: 1) кепілде тұрмағанын; 2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;10 3) сатуға қойылмағанын растайды. 6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды. 7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 2. Тараптардың құқықтары 8. Құрылтайшының: 1) жазбаша сұрау бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға; 2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар. 9. Сенімгерлік басқарушының: 1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға; 2) Мемлекеттік меншікті сенімгерлік басқару шартында және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында бекітілген тәртіппен мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде мемлекеттік мүлікті басқарудағы өзі шығарған қажетті шығыстарды өтеуге; 3) осы Шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыйақыны алу құқығын қоспағанда, өзге де құқықтарды жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар. 3. Тараптардың міндеттері 10. Құрылтайшы: 1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімде сенімгерлік басқаруға беруге; 2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге; 3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға; 4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен11 ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті. 11. Сенімгерлік басқарушы: 1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға; 2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге; 3) өзінің сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, Сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға; 5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін орындауға; 6) Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға; 7) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруға; 8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға; 9) Құрылтайшыға _____________________ өз қызметі туралы жазбаша (ұсыну мерзімдері) түрде есеп беруге; 10) Осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда); 11) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге; 12) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті. 4. Тараптардың жауапкершілігі 12. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады. 13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 5. Форс-мажор 14. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады. 15. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін12 күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады. 16. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті. 17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады. 18. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы. 6. Құпиялылық 19. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. 20. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ. 7. Дауларды шешу 21. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. 22. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қарауға жатады. 8. Шарттың қолданылу мерзімі 23. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________ дейін қолданылады. 9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау 24. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады. Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс. 10. Өзге де талаптар 25. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 26. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар13 енгізуге құқылы. 27. Барлық қосымша келісімдер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды. 28. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды. 29. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша күнтізбелік он күн ішінде объектіні Құрылтайшыға қайтарады. 30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды. 11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Тараптардың қолдары: ________ ___________________________ ______ ________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) құжатта болған жағдайда) м.о. м.о

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…