«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ» 2014 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА МОНИТОРИНГІ БОЙЫНША ЕСЕПТІЛІККЕ ТАЛДАМАЛЫ ХАТ

 

Түркістан қаласының әкімдігінің 27.01.2011 жылғы №4 «Түркістан қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» Түркістан қалалық маслихатының 02.03.2011 жылғы №42/285-IV шешімімен бекітілген.

Түркістан қаласының әкімдігінің 08.12.2014 жылғы №1829 «Түркістан қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен қалалық маслихаттың бектілуіне енгізіліп, Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 19 желтоқсанындағы №38/-205-V «Қалалық маслихаттың 02.03.2011 жылғы «Түркістан қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» №42/285-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) шешімімен бекітілген.

1-ші бағыт Экономика

Өңірлік макроэкономика

Өнеркәсіп

Қалада өнеркәсіп саласында 34 кәсіпорын, оның 9 ірі және орташа, 12 шағын, 13-і қосалқы қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайды.

Жалпы өнеркәсіп өнім көлемі 12 млрд. 552 млн. теңгені құрап, өткен жылмен (10 млрд. 023 млн.теңге) салыстырғанда нақты көлем индексі 9,7 пайызға артты (обл.көрсеткіш 104,5 пайыз).

Тау-кен өнеркәсібі бойынша 408,9 млн.теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 93,4 пайызды құрады. Жер қойнауын пайдалану бойынша 18 келісім-шарт түзілген. Өнім көлемінің кему себебі, ағымдағы жылы «Қызыл шаруа» ЖШС жұмысын тоқтатты. Сұраныстың азаюына байланысты «Бекарыстан» ЖШС -88,4 пайызға, «Сұлтан ЛТД» ЖШС-87,8 пайызға, «Кас-Ай» ЖШС- 70,7 пайызға, «Тас жол» ЖШС -15,4 пайызға өнім көлемін төмендетіп отыр.

Өңдеу өнеркәсібі 10 млрд.808,4 млн.теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 113,1 пайызды құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру 995,9 млн.теңгені, нақты көлем индексі 103,1 пайызды, сумен жабдықтау 338,8 млн.теңгені, нақты көлем индексі 118,8 пайызды құрады.

Өзгеде металл емес минералды өнімдерді өндіру өнеркәсібі бойынша 3144,4 млн теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 103,9 пайызды құрады.

Жиһаз жасау саласында 65,5 млн.теңгеге өнім шығарып, 2013 жылмен салыстырғанда НКИ 110,9 пайызды құрады.

Машина жасау саласы 376,6 млн.теңгеге қызмет көрсетті. 2013 жылмен салыстырғанда (529,5 млн.теңге) НКИ 85,0 пайызды құрады.

Жалпы жеңіл өнеркәсібі бойынша өндірілген өнім 591,6 млн.теңгені (275,4 млн.теңге) құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында "Баянды құрылыс" ЖШС, СДО "Түркістан"ЖШС, "Тұран" ШҚ жұмыс жасайды, оларда 126,9 млн.теңгенің өнімі өндірілді, НКИ 94,5 пайызды құрады.

Тамақ өнімдерін өндіру саласында 6449,6 млн.теңгенің өнімі шығарылып, НКИ 145,3 пайызды құрады.

Инновациялар мен инвестициялар

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция 21694,4 млн.теңгені құраса, сыртқы инвестиция 487,3 млн.теңгені құрап, үлесі 2,2 пайыз болды.

ҮИИДБ аясында іске қосылған кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 1174,4 млн.теңгені құрап, 29,8 есе артты.

Агроөнеркәсіп кешені

2014 жылы жалпы өнім көлемі 25710,1 млн теңгені құрап, НКИ 101,9 пайыз болды. Оның ішінде мал шаруашылығы өнім көлемі 10662,8 млн теңге, НКИ 102,8 пайыз, егін шаруашылығының өнім көлемі 14943 млн теңге және көрсетілген қызмет көлемі 103,4 млн теңге, нақты көлем индексі 101,9% құрады.

2014 жылға 700 га жоспарланған болса, 1115 га жерге тамшылатып суару әдісі орнатылып, тапсырма 159,3%-ға орындалды.

2014 жылы 7,13 га жылыжай салынып, тапсырма (7 га) 101,8% орындалып, қаладағы жалпы жылыжай көлемі 31,3 гектарға жетті.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1537 ірі қара мал аналығы және 75 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынып, тапсырма (600 бас) 2,7 есе, 176 мал бордақылау алаңы іске қосылып, тапсырма (120 бірлік) 146,6%-ға орындалды.

Мал өнімдері: 13781,6 тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға, сүт 59142,4 тонна өндіріліп, 0,5 пайызға, жұмыртқа 9856 мың дана өндіріліп, 3,0 пайызға, қырқылған жүн 718,9 тоннаға жетіп, 0,1 пайызға артты.

Мал басы бойынша ірі қара мал 65,9 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға, қой-ешкі 339,5 мың бас, 4,0 пайызға, жылқы 7,4 мың бас, 0,4 пайызға, құс 95,0 мың бас, 10,1 пайызға артты. Түйенің саны 1889 басты (97,6 %), шошқа 1,3 мың бас немесе 56,3 пайызды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілер саны 11658, жұмыспен қамтылған адам саны 30732 және өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 55,1 млрд.тенге. 2013 жылмен салыстырғанда субъектілер саны 14,3%, жұмысшылар саны 7%-ға және өнім көлемі 10,2 %-ға өсті.

Бөлшек сауда 13168,4 млн.теңгені құрап өткен жылмен салыстырғанда НКИ 27,6 пайызға артты.

2 Бағыт: Әлеуметтік сала

Білім

Жалпыға міндетті білім қорына 99,3 млн.теңге қаржы бөлініп, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының ыстық тамағына, киім-кешектеріне және т.б. жұмсалды (2013 ж.- 77,5 млн.теңге).

Мектеп бітіруші 2288 түлектердің 954-і ҰБТ-ке қатысты, оқушылардың білім сапасының орта баллы – 81,65 құрап (2013 жылы -78,2 балл), облыс көлемінде 2 орынды иемденді.

«Алтын белгі» белгісіне 106 үміткерлер ішінен ақтағаны - 46 оқушы, 35 "Үздік аттестатқа" үміткерлердің ақтағаны - 11 оқушы. 2013 жылы 25 «Алтын белгі», 18 «Үздік аттестат» ақталған болатын.

Инклюзивті білім беруді 19 мектеп, 7 балабақша жүзеге асырды. Бұл мектеп бойынша 25,7 пайызды, ал мектепке дейінгі мекеме бойынша 25,9 пайызды құрайды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 76,5 пайызды құрады. 3-6 жастағы 21255 баладан 41 балабақшаға 6656 бала қамтылса, 63 шағын орталықтарға қамтылған бала саны 9605, жалпы барлық мектепке дейінгі мекемеге қамтылған бала саны 16261.

Түркістан қаласы бойынша 14-24 жас аралығындағы жастардың саны 51915. 2014 жылы техникалық және кәсіптік білім берумен 6959 жас қамтылған, үлесі 13,4%.

2014 жылы оқу орнын бітірген түлектердің жалпы санындағы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектер 850 болса, дипломмен қамтылғаны 2127 жас.

Денсаулық сақтау

2014 жылы Түркістан қаласының халқының өмір сүру ұзақтығы 69,8-ден 70 жасқа өсіп отыр.

2013 жылы 2 ана өлімі тіркеліп 26,2 көрсеткішті құрады. 2014 жылы ана өлімі тіркелген жоқ.

2013 жылы 0-жастан 5 жасқа дейінгі 115 сәби шетінеп 13,4 көрсеткішті құраса, 2014 жылы 93 бала шетінеп, 1000 тірі туылғанға есептегенде көрсеткіш 12,1 құраған.

Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жетім 2013 жылы 267 адам тіркеліп 110,4 көрсеткішті құрады, ал 2014 жылы 212 адам тіркеліп 86,1 көрсеткішті құраған.

Онкологиялық сырқаттанушылықтан өлім-жітім 2013 жылы 110 адам қайтыс болған – 45,5 көрсеткішті құрап отыр, ал 2014 жылда 116 адам тіркеліп көрсеткіші – 47,7 құрады.

2013 жылы туберкулезден болатын өлім-жетім 2,9 (7 адам) көрсеткіші құраса, 2014 жылы туберкулезден болған өлім 1 адамды құрап, 100 мың халыққа шаққанда 0,4 құрады.

Халықты әлеуметтік қорғау

Қала халқының саны 253,1 мың адам. Оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық 85,5 мың адам. Жұмыссыздар 4360 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады.

Жаңадан 3286 жұмыс орны ашылды (2013 жылы-2307), оның ішінде кәсіпкерлік саласында-296, сауда саласы-784, денсаулық - 4, білім - 90, ауыл шаруашылығы-179, «Максимум» АИО арқылы-690, басқа да салаларда-1243.

Түркістан қаласы бойынша 54311 азамат өздігінше жұмыспен қамтылған болса 52611 азамат формалды секторға өткізіліп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі 96,8 пайызды құрады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өнімсіз жұмыспен қамтыған халықтың саны 1700 адамды құрап, үлесі 3,1 пайыз.

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған адамдардың саны 202 азамат, жыл ішінде 202 азамат толығымен қамтылды.

Мәдениет

2014 жылы мәдениет ұйымдарына келушілер саны 725,4 мың адамды құрады.

Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша келушілер саны – 500,6 мың оқырмандарды құрады. 1232 мәдени іс-шара өткізіліп, 224,8 мың көрермен қатысты.

Денешынықтыру және спорт туризм

Қала тұрғындарының жүйелі түрде спортпен шұғылданатындар саны 47,8 мың адамды құрап, 11,4 пайызға артты (2013 жылы 42,9 мың адам). Жалпы қала түрғындарының 19 пайызын құрады.

2 стадион, 3 спорт кешені, 20 тир ату, 240 спорт алаңы, 4 жүзу бассейні, 75 спортзал, 2 теннис алаңы, 1 жасанды спорт залы жұмыс жасайды, 2013 жылмен салыстырғанда 11 спорт алаңдары мен ғимараттарына артты.

Туризм

Түркістан қаласында туризмді дамытуға жан – жақты қолайлы жағдайлар бар. Қалада және қала аумағында тарихи – мәдени жәдігерлер жеткілікті. Осы мүмкіндіктерді толық пайдаланып, туризм саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта «Зияратшылар орталығы» салынып, пайдалануға берілді.

Қ.А.Яссауи кесенесі жанында «Қолөнер орталығы» салынып іске қосылды. Қолөнер орталығында 265 оқушы қолөнер бұйымдарын жасауға оқып үйренуде. Онда 69 сауда қатары жұмыс жасайды.

2013 жылы қалаға 701,6 мың туристер келген болса, 2014 жылы 944,6 мың туристер келді. Оның ішінде сырттан келгендер саны 20,9 мың адамды құрады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

Қалада жалпы 2073 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 17,4 пайызға артты. Қылмыстың ашылуы 72,3 пайызды құрап отыр (2013 ж. 67,6%).

2013 жылы 247 жол-көлік оқиғасы тіркеліп 10 мың автокөлікке шаққанда (28869 автокөлік) 85,6 құраса, 2014 жылы 198 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, (31422 автокөлік) 63-ті құрап, 26,4 пайызға төмендеді.

2014 жылы жалпы 2073 қылмыстар   тіркелсе, оның ішінде көшелерде жасаған қылмыстар саны 232 құрап, үлес салмағы 11,2 пайыз болды.

3 Бағыт: Инфрақұрылым

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14573,1 млн.теңге, 2013 жылмен салыстырғанда 65,4 пайызды құрады.

2013 жылдан өтпелі 80 пәтерлі және 60 пәтерлі бес қабатты 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жолдар және көлік

Түркістан қаласына қарасты 162 шқ аудандық маңызы бар жол бар. Оның ішінде 152,5 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Түркістан қаласына қарасты 35 елді мекен бар, оның ішінде 31 елді мекеніне қоғамдық көліктер қатынайды. 4 елді мекен шалғайда орналасқан, қоғамдық көлікті қажет етпейді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жылу

2014 жылы Түркістан қаласы 1,2 мөлтек аудандардағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуға жоспарланған 314 нысаннан (386369,4м2) 72 көпқабатты үй, 24 бюджеттік мекеме, 41 коммерциялық нысан, 58 жер үй жалпы 195 нысан (239549 м2) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды, 62 пайызды құрайды.

«Жылу» МКК-дағы №1,2 жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу, су айдағыш, түтін сорғыш, ауа үргіш бөлімін, химиялық тазалау бөлімі ағымдағы жөндеу және жылу жүйесіндегі ысырмаларды жөндеуге кәсіпорынның өз есебінен 7100,0 мың теңге қаралып, ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыз су

2014 жыл басында 207565 тұрғын таза ауыз сумен қамтылып, жалпы көрсеткіш 82%-ды құраған. 2014 жылдың 1 желтоқсанында «Түркістан қаласы Оранғай а/о Оранғай ауылын сумен қамтамасыз ету (2-кезек)» құрылыс нысаны пайдалануға беріліп, жоба бойынша қосымша 3773 адам ауыз сумен қамтылып, ауыз сумен қамтылған адамдар саны 211338 жетіп, Түркістан қаласы және елді мекендер бойынша тұрғындардың орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейі 83,5 пайызға жетті.

Түркістан қаласы бойынша 2014 жылы желтоқсан айында «Түркістан қаласын сумен қамтамасыз ету. Шыныпластикалық құбырды полиэтиленге ауыстыру 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8 сақиналы магистральді құбырдың құрылысы. Қайта өңдеу» нысаны пайдалануға беріліп, қала ішіндегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары ауыстырылуда. Осыған орай құбырлардың тозуы 50% төмендеді.

Электрмен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы бойынша 36 елді мекеннің 35 елді мекені толығымен электр қуатымен қамтамасыз етілген. Электрмен қамтылмаған Егізқара елді мекеніне күн сәулесінен электр қуатын өндіретін қондырғылар орнату жоспарлануда. 2014 жылы қала тұрғындарын электрмен жабдықтау көрсеткішін 98,8 пайызға жеткізу көзделген. 2013 жылы бұл көрсеткіш 98,6 пайызға жеткен. 2014 жылдың желтоқсан айында "Түркістан қаласы, Кентау тас жолы бойындағы "Новая" 35/10 кВ қосалқы стансасының құрылысы" нысаны іске қосылып Оралман, Тұран елді мекендерінің 933 абоненті сапалы электрмен қамтамасыз етіліп, жалпы пайыздық көрсеткіші 98,8 % жетті.

Сарқынды су

Түркістан қаласында 2012 жылы 3,2 км сарқынды су жүйесі қабылданды, 2014 жылы 17 - кәріз насос станциялары (КНС), 71,5 шақырым сарқынды су жүйелері және сарқынды су тазалау имараты пайдалануға берілді. 2014 жылы 3472 абонентке артып (2013 жылы 3375), 2,8 пайызға артты.

4 Бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары

Халық саны 253,1 мың адамды құрап, 2013 жылмен (248,4 мың адам) салыстырғанда 101,8 пайызға өсті.

2014 жылы 3589,6 тонна атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттар шығарындылары шығарылды.

2014 жылы қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджеттің кірісі 69,7 млн. теңге, ал санитария, көгалдандыру, «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджетен 219,0 млн. теңге бөлініп, экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың қатынасы 314,2 пайызды құрайды.

2014 жылы 4500 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, оның ішінде 67,5 тоннасы қайта өңдеуге арнайы мекемелерге (олар: темір, шыны, пластик) жіберілді, 1,5 пайызды құрайды.

5 Бағыт: Мемлекеттік қызметтер

Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 100 пайызды құрады.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…