ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ЖАЛПЫ БӨЛІМІНІҢ 2016 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДА ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2016 жылдың 8 айында азаматтардан 4468 өтініштер келіп түсті. Бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2015 жылдың есепті кезеңінде2751)яғни 1717 өтінішке көбейіп отыр. (2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61,5% артып отыр)

Оның ішінде:

  • жеке тұлғалардан 3790 өтініш (2015 жылдың есепті кезеңінде 2263 өтініш, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1527 (59,7%) өтінішке артқан);
  • заңды тұлғалардан 167 өтініш (2015 жылдың есепті кезеңінде 108 өтініш, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59 (64,6%) өтінішке артқан);
  • қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауы 197 өтініш (2015 жылдың есепті кезеңінде 217 өтініш, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 өтінішке азайған);
  • қала әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы 314 өтініш (2015 жылдың есепті кезеңінде 163 өтініш, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 151 (51,9%) өтінішке артқан);
 

2015

2016

+,-

Жеке тұлға

2263

3790

+1527

Заңды тұлға

108

167

+59

Қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы

217

197

-20

Қала әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы

163

314

+151

Барлығы

2751

4468

+1717

 

2016 жылдың 8 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қала әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында болған азаматтардың өтініштерін салалар бойынша талдау жасайтын болсақ: (Көптеген өтініштер тұрғын үй салу үшін жер телімін беруді сұраған)

Өтініштер бойынша көтерілген мәселелер;

  • 3011 немесе 70,5% -ауыл шаруашылығы мен жер мәселелері бойынша
  • 244 немесе 6,0% - тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ауыз су, табиғи газ көлік, жол, мәселелері
  • 63 немесе 1,5% - білім беру мәселелері бойынша
  • 347 немесе 8,1% - әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша
  • 164 немесе 3,7% - жұмыс мәселесі бойынша
  • 14 немесе 0,3% - өнеркәсіп және кәсіпкерлік бойынша
  • 165 немесе 3,8% - баспана мәселесі туралы  
  • 263 немесе 6,1% - түрлі мәселелер

Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2016 жылдың 8 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 4271 өтініштер тіркелсе (Қала әкімінің жеке қабылдауын қоспағанда),  оның ішінде 54 өтініш (2015 жылдың есепті кезеңінде 80 өтініш, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26 өтінішке азайған) жоғары тұрған органдар арқылы келген. Оның ішінде; ҚР Президент Әкімшілігінен –17 (2015 жылдың есепті кезеңінде 26 өтініш,), ҚР Премьер Министрі Кеңсесінен –6 (2015 жылдың есепті кезеңінде 8 өтініш), Республикалық Нұр Отан партиясынан 7 (2015 жылдың есепті кезеңінде 4 өтініш, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 өтінішке артқан), Облыс әкімдігінен –22 (2015 жылдың есепті кезеңінде 35өтініш), әр түрлі министрліктен келіп түскен -2(2015 жылдың есепті кезеңінде 4 өтініш, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 өтінішке артқан) (2015 жылдың 8 айында ҚР Парламент Мәжлісінен 3 өтініш келіп түскен).

Жоғарғы органдар

2015

2016

+,-

ҚазақстанРеспубликасы Президент әкімшілігіне

26

17

-9

ҚР Премьер–Министр кеңсесіне, министрлікке, парламентке

8

6

-2

ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатына

3

-

-3

«Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне

4

7

        +3

Әр түрлі министрліктерге

4

2

-2

Оңтүстік Қазақстан облыс әкіміне

35

22

-13

Барлығы

80

54

-26

Жоғары тұрған органдар арқылы келген өтініштердің қорытындысы бойынша; 6 өтініш (11,0%) қанағаттандырылған, 48 өтінішке (89%) түсіндірме жауап берілген

2016 жылдың 8 айында тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қорытындысы бойынша (Қала әкімінің жеке қабылдауын қоспағанда); 2016 жылдың 8 айында 4271 өтініш тіркелген,  оның ішінде 2013 өтініш (47,1%) қанағаттандырылған, 2258 өтінішке (52,9%) түсіндірме жауап берілген

Қала әкімінің жеке қабылдауы бойынша:

2016 жылдың 8 айында, қала әкімінің жеке қабылдауы 197 азамат болған. Қала әкімінің жеке қабылдауында болған азаматтардың өтініштерін салалар бойынша талдау жасайтын болсақ:

Қала әкімінің жеке қабылдауы барысында  көтерілген  мәселелер;

  • 20 немесе 10,15% - ауыл шаруашылығы мен жер мәселелері бойынша
  • 29 немесе 14,7% - баспана мәселесі бойынша
  • 14 немесе 7,1% - коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ауыз су, табиғи газ мәселелері бойыша
  • 8 немесе 4,06% - әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша
  • 1 немесе 0,5% - білім саласы бойынша
  • 107 немесе 54,3% - жұмысқа орналасу сипаттағы мәселелерге қатысты  (оның ішінде 33 азамат(ша) тұрақты жұмысқа орналасқан, 74 азаматқа мамандықтары бойынша жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуге алынып, жүйелі түрде бақылануда.)
  • 18 немесе 9,1% - басқа да мәселелер бойынша

Түркістан қаласы әкімі аппаратына есепті кезеңде қала әкімінің жеке қабылдауы бойынша тіркелген 197 өтініштердің қорытындысы бойынша; 69 өтініш (35,0%) қанағаттандырылған, 128 өтінішке (65,0%) түсіндірме жауап берілген.

Жалпы Түркістан қаласы әкімі аппаратына есепті кезеңде тіркелген 4468 өтініштердің қорытындысы бойынша; 2082 өтініш (46,6%) қанағаттандырылған, 2386 өтінішке (53,4%) түсіндірме жауап берілген.

Қала әкімі аппаратының

жалпы бөлімінің басшысы                                      Б.Сүлейменова

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…