ӘКІМ АППАРАТЫ

2016 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

2016 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Бюджет

Қала бойынша 2016 жыл бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердің жоспары 101,0 пайызға орындалды немесе 270,6 млн. теңгеге  (жоспар –27985,3 млн. теңге, нақты- 28255,8 млн. теңге), 2015 жылмен салыстырғанда 6299,7 млн.теңгеге артық.

Оның ішінде  өзіндік жергілікті түсімдер 2534,8 млн. теңгеге жоспарланып,  2805,4 млн. теңгеге немесе 270,6 млн. теңгеге артығымен орындалып, 110,7 пайызды құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 769,5 млн.теңгеге артты.

Өнеркәсіп

Қала бойынша 56 кәсіпорын, оның ішінде 8 ірі-орта, 36 шағын, 12-і қосалқы  қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайды. Оларда ағымдағы жылы 13677,8 млн. теңгенің (2015 жылы 11701,7 млн.теңге)  өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,0 пайызды құрады  (обл.104,4 пайыз).

Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі 489,2 млн.теңгеге (2015 жылы 351,9 млн.теңге) орындалып, нақты көлем индексі 105,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 11373,5 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 103,9 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 1309,4 млн.теңгені, 119,4 пайызды, сумен жабдықтау 505,7 млн.теңгені, 118,0 пайызды құрады.                                                           

Үдемелі индустриалды-инновациялық дамубағдарламасы аясында  2010-2016 жж жалпы құны 4465,7  млн.теңгеге 18 жоба енгізілді. Оларда 885 жұмыс орын ашу жоспарланған. Осыдан 2010-2016 жж құны 2493,0 млн.теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 574 жұмыс орны ашылды, өндірілген өнім көлемі 1610,2 млн.теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі 11,8 пайызды құрады.                                                                                              

Оның ішінде, 2017 жылы 311 жаңа жұмыс орынды құрайтын жоба құны 1972,7 млн.теңгеге 5 жоба іске қосылады.

Индустриалды  аймақ

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта (40 га) 847,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Жалпы аймақта 11028,2 млн.теңге, 14  жоба, 720 жұмыс орны құрылады. (Индустриалды аймақтың  34,4 гектарында  14 жоба орналастырылған болса, 5,6 га   инфрақұрылым  жүйесі  құрап отыр.)

Бүгінгі таңға 4 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтті («Түркістан трасса» ЖШС, «Азрет жол құрылыс» ЖШС, «Kadiris» ЖШС, «Гранд микс» ЖК), 128 жұмыс орны ашылып, 610,0  млн. теңге инвестиция тартылды.

Сауда -логистикалық орталық

Сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20,0 гектар жер телімі бөлініп, орталықтың құрылысына 237,0 млн.теңге бөлінген.Онда жобалық құны 4792,0 млн. теңгені құрайтын 10 жоба орналастыру жоспарланып отыр. Үстіміздегі жылы 3 жоба іске асырылып, 60 жаңа жұмыс орындары  құрылады.

  Шағын және орта бизнес                                                     

Белсенді шағын және орта бизнес субъектілері саны  12700 бірлік (2015 жылы 12868 бірлік), жұмыспен қамтылған адам саны 33308 (32654) құрап 2,0 пайызға, өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 87,2 млрд.теңгені құрап, 2,1 пайызға, бюджетке төленген салық 1657,1 млн.теңгені құрап, 4,2 пайызға артты.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2016 жылы 3317 азаматқа қызметтер көрсетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 23,1 пайызға артқан (2015 жылы - 2695). Оның ішінде, рұқсат беру құжаттары бойынша - 1005, кәсіпкерлік кеңес беру - 1495, бизнес жоспар жасау - 91, заңгерлік қызмет - 260, даярлау курстарын  оқыту – 467 қызмет көрсетілген.

Ауыл  шаруашылығы

2016 жылы қаланың ауылшаруашылығы саласында 37186,3 млн. теңгенің (2015 жылы 24991,8 млн.теңге) ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артық (104,9 пайыз). Оның ішінде, мал шаруашылығы 15555,6 млн.теңгені құрап, 102,0 пайыз, егін шаруашылығы 21630,7 млн.теңгені құрап, 109,6 пайыз болды.

2016 жылы жалпы 43660 га жерге егін егіліп, егіс көлемі 106,2%-ға игерілді (жоспар 41100 га).

Көп жылдық екпелерді (1934,55 га жеміс, жүзім) қоса есептегенде 45429,0 га суармалы жер игеріліп, тапсырма (42000 га) 108,1%-ға орындалды.

Жаңадан жайылым жерлердің санатын суармалыға ауыстыру арқылы 533,5 га жер айналымға қосылып, тапсырма (300 га) 177,8%-ға орындалды.

2016 ж. терең қопсыту технологиясын 6634,5 га жерге ендіріп, тапсырма 102,1%-ға орындалды (6500 га).

         Қала аумағында 2017 жылдың 1 қаңтарына көлемі 47,46 гектар болатын                533 дана жылыжайлар бар.

Тамшылатып суару әдісін 700 гектар жерге енгізу жоспарланса, 2433,5 гектар жерге енгізіліп, жоспар 347,6 пайызға орындалды.

94 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жоспарланып, тапсырма 102,2 пайызға орындалды. Жалпы ауылшаруашылығы техникаларының  саны 3604 бірлікті құрап, жыл сайын артуда.

Мал өнімдері: ет 14,7 мың тн 102,9%-ға, сүт 62,4 мың тн 100,9%-ға, жұмыртқа 10,2 млн. дана 101,0%-ға өсті.

«Сыбаға» бағдарламасыбойынша 7132 бас ірі қара мал алынып, тапсырма  (2000 бас) 356,6 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы («Казагронесие» АҚ, «Түркістан несие», «Яссы несие» серіктестіктері) 45 жоба 430,9 млн. теңгеге қаржыландырылып, 2343 ІҚМ аналығы, 124 бұқа сатып алынды.

 «Құлан» бағдарламасыбойынша 206 бас жылқы аналығы сатып алынып, жылдық жоспар (100 бас)  2 есе орындалды. Қаржы институттары арқылы 6 жоба 58,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, 191 жылқы аналығы, 14 айғыр сатып алынды. Өз қаржысы арқылы 15 бас бие, 1 бас айғыр сатып алынды.

 «Алтын асық» бағдарламасыбойынша 8663 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 2100 бас), тапсырма 4,1 есе орындалды. Қаржы институттары арқылы 23 жоба 171,45 млн теңгеге қаржыландырылып, 6331 қой аналығы, 357 қошқар  сатып алынды.

 «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мал шаруашылығын дамыту іс-шараларының 2014-2016 жылдарға арналған жоспары» аясында 245 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жылдық тапсырма (230 бірлік),  106,5  пайызға орындалды. Жалпы 629 бірлікті құрап,тірі салмақта 5275 тн ет өндірілді.

2016 жылы 39 шағын жанұялық сүт аулаларын ашу жоспарланып,  44 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылды, тапсырма 112,8 пайызға орындалды. Жалпы 114 бірлікті құрап, 1778 тн сүт өндірілді.

«Жұртшылық табынға (падаға) асыл тұқымды бұқа алу»бойынша 50 бас бұқа сатып алуға тапсырма беріліп, 95 бас бұқа сатып алынды, 190,0 пайызға орындалды. Жайылым жерлерден 61 бірлік құдық қазылып, тапсырма (15 бірлік)   406,7 пайызға орындалды.

Түркістан қаласы бойынша тұқымдық түрлендіруге 14309 бас ІҚМ аналықтары қатысуда, ол жалпы ІҚМ аналықтарының (27443 бас) 52,1%-н құрайды.

Білім саласы

Есепті мерзімде, қала бюджетінің 61,4 пайызы  немесе 17153,7 млн. теңгесі білім беру саласына бағытталды.

Білім беру саласының құрылыстарына 674,2 млн.теңге, атап айтқанда,  Төреқұлов  атындағы мектеп құрылысына 202,0 млн.теңге, 120 орынды Шорнақ ауыл округіндегі балабақша құрылысына 210,7 млн.теңге, Жүйнек ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Қарашық ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Сатыпалды көшесіндегі 280 орынды балабақша құрылысына 146,1 млн.теңге игерілді.

Сонымен қатар, 397,5 млн.теңгеге 7 мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Одан бөлек, «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2 балабақшаны  ағымдағы жөндеуге 12,5 млн.теңге жаратылды.

Қала бойынша барлығы  73 мектеп, оның ішінде  ауылдық жерлерде 40 (20 аралас, 20 қазақ), қалада 33 (17 аралас, 16 қазақ) мектеп орналасқан. Оларда 53810 оқушы білім алуда.

2015-2016 оқу жылында мектеп бітіруші 2631 түлектердің  1493-і  немесе 56,7 пайызы (1148 қазақ, орыс, 345 өзбек) ҰБТ тапсырды. Жалпы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша  орташа білім көрсеткіші – 81,59 баллды құрап, (85,0 балл).

145 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер ішінен 66 оқушы (45,5%),  59 «Үздік» аттестат алуға үміткерлер ішінен өз білімін 40 оқушы (67,8%) растады. Өткен жылы 70 оқушы «Алтын белгі», 29 оқушы «Үздік» аттестат алған болатын.

2015-2016 жылы бітіруші түлектердің 449-ы грантқа, 132-сі «Серпін» бағдарламасы  бойынша жоғары оқу орнына түсті.

 «Балапан» бағдарламасы

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 21664 құрайды. Жалпы 54 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 32 балабақшада 6145 бала, 22 жекеменшік балабақшада 2555 бала, 63 шағын орталықтарда 9209 бала, барлығы 17909 бала балабақшамен қамтылып, 82,7%  құрап отыр.

 Денсаулық сақтау

2016 жылы денсаулық сақтау саласында Шорнақ ауыл округінде ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана құрылысына 100,0 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сметалық құны 247,0 млн теңге, нысан өтпелі.

Одан бөлек, «Бекзат» мөлтек ауданындағы №3 ересектер емханасының филалына 33,7 млн.теңгеге, Үшқайық ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке 18,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Психоневрологиялық интернаттың жатын корпусының құрылысын аяқтауға 199,4 млн.теңге қаржы жаратылып іске қосылды.

Сондай-ақ, «№3 облыстық перинаталдық орталықтың»  150 койкалық қосымша құрылысының ЖСҚ дайындауға  15,0 млн.теңге қаржы игерілді.

 Әлеуметтік сала

Қалада халық саны 258,7 мың адамды, оның ішінде экономикалық  тұрғыдан белсенді халық саны 89,6 мың адамды құрады. Ресми жұмыссыздарсаны 327 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 53 адамға кеміп, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрады.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында 4280 адамды қамту жоспарланса, нақты 5013 адам қамтылды, немесе 117,1 пайызға орындалды.

Бағдарламаның 1 бағыты«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету». Бұл бағытты ұйымдастыру мақсатында жалпы 35 жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен  666, 7 млн.теңге бөлінді. Жобаны жүзеге асыру барысында 233 жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оның  124 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланса, мекеме арқылы 276 адам, орталық арқылы 176 адам жолданды.   

Бағдарламаның 2 бағыты«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»

Жалпы бағдарламаға қатысушы 193 азамат 540,6 млн. теңге несиемен қаржыландырылды. Оның ішінде 88-і өз ісін ашуға, қалған 105 азамат өз ісін кеңейтуге алған.

Бағдарламаның 3 бағыты«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу»

 -90 азамат қайта даярлау курсына жіберілді.

 - 533( жоспар 500) нысаналы топтағы азаматтар әлеуметтік жұмысқа жолданды, 106,6%. 116 мекемеде 533 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 

-394( жоспар350) адам жастар практикасына жолданды, 112,6%. 95 мекемеде 160 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

-443 (жоспар 650) жұмыссыз азаматтар  16 мекемеге ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.

-3299 (2504 адам) адам тұрақты жұмысқа орналасты,131,7 %.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты 2 компоненті «еңбек күші жетіспейтін өңірлерге еңбек күші мол өңірлерден ерікті түрде қоныс аударту».

   Түркістан қаласы бойынша 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысына  5 отбасы  23 адам қоныс аударды.

Мәдениет және спорт, туризм

Мәдениетсаласында  жыл басынан 1240 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 228,6 мыңға жуық адам қамтылды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне орай «25 жұлдызды күн» атты түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды.

2017 жылы – Түркістан  түркі дүниесінің мәдени астанасы  болып жариялануына байланысты іс-шаралар бағдарламасы жасалды. Бағдарлама  ТҮРКСОЙ  ұйымымен  келісілген жобада түзілді. Жыл  бойы  жалғасатын халықаралық шараға  10-ға тарта бауырлас  түркі  дүниесі  мемлекеттерінен 1000-ға  жуық қонақтар  келеді  деп  күтілуде. Осы  шаралардың өткізілуі  арқылы  Түркістан  қаласының  дүние  жүзіне  таныла түсу  мүмкіндігі арта  түседі.

Спорт саласында 320 іс-шаралар өткізіліп, 62500 адам қамтылған, өткен жылмен салыстырғанда 20 іс-шараға, 6800 адамға артып отыр.

Түркістан қаласында 366 спорт нысандары бар. Оның ішінде: 3 стадион, 4 спорт кешені,  20 ату тирі, 258 спорт ойын алаңдары, 2 теннис корты, 6 жүзу бассейні, 76 спорт залдары және 1 ыңғайластырылған спорт залдар бар.

  2016 жылы «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша Шорнақ, Аша, Қаражон елді мекендерінен ашық спорт алаңдары салынып, «Бекзат» мөлтек ауданында  спорт кешенінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Туризм саласы

        Түркістан қаласының ішкі және сыртқы туризммен 2015 жылы  жалпы 1025,0 мың адам қамтылған. Оның ішінде  шетелдіктер саны-20, 425 мың адам.  2016 жыл 1060,0 мың адам, оның ішінде 22,593  мың адам шетелдіктерге туризм бойынша қызмет көрсетілген. 

2016 жылдың тамыз айында  қала орталығында туристердің шоғырланатын аймақта Түркістан қаласы “Туристiк ақпараттық орталығы” ашылған.  Туристерге қызмет көрсету үшін ағылшын, түрік тілдерін меңгерген 2 қызметкер қызмет етуде.

Құрылыс

Қаламызда 2016 жылы «Отырар» мөлтек ауданында көп қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 596,0 млн. теңге қаржы бөлініп нысан толығымен аяқталып пайдалануға берілді, сонымен қатар «Отырар» мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымына республикалық бюджеттен 669,0 млн. теңге бөлініп қаржы толығымен игерілді. Сондай-ақ, «Отырар» мөлтек ауданындағы көп қабатты 60 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 15 млн. теңге бөлініп аталған нысандардың құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2017 жылға өтпелі жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ «Отырар» мөлтек ауданында «Қазақстан ипотекалық компаниясының» қаржыландыруымен 9 қабатты 72 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бүгінгі күнге Түркістан қаласы бойынша баспана кезегінде 4250 отбасының 264-і баспанамен қамтамасыз етілді. Биылғы жылға 60 пәтерлі сегіз тұрғын үй және «Қазақстан ипотекалық компаниясының» қаржыландыруымен 60 пәтерлі 4 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, яғни, 720 отбасы баспаналы болады.

Инвестиция

Негізгі капиталға 20679,4 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.

 Оның ішінде, 1335,5 млн. теңгесі   республикалық   бюджет  есебінен (30,4 пайыз), 6344,5 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен (118,9 пайыз), 10661,2 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен (130,3 пайыз),  2264,6 млн. теңгесі қарыз қаражаттары (88,2 пайыз)  есебінен тартылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 11863,5 млн.теңгені құрады (100,1 пайыз). Пайдалануға берілген тұрғын  ғимараттардың жалпы алаңы 51999 шаршы метрді құрап, 34,4 пайызға артты. Тұрғын үй құрылысына 3602,2 млн.теңге (2,5 есе) инвестиция бағытталды.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

Ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыстарына 2016 жылға жалпы  2599,8 млн.теңге, атап айтқанда Түркістан қаласын сумен жабдықтау 1,7,8 сақиналары бойынша магистральді желілерінің құрылыстарына 1691,4 млн. теңге, Қарашық елді мекенін ауыз сумен қамту (2-кезек) бойынша 251,9 млн.теңге, Тұран елді мекеніндегі  су өткізгішінің құрылысына 452,4 млн.теңге, Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін сумен қамтамасыз ету құрылысына 204,1 млн.теңге жаратылды.

Нәтижесінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету 90,0 пайызды құрап отыр.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Қала аумағын мемлекеттік бағдарлама аясында бюджеттен қаржы бөлініп «Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету (1 кезек)» нысаны бойынша құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, құрылысы жүргізілді. Аталған нысан бойынша 2016 жыл соңында 7500 абонент, ондағы тұрғын саны 30000-нан астам халық табиғи газбен қамтылып, жалпы көрсеткіші 16,4 % құрайды.

Электрмен қамтамасыз ету құрылыстарына 1060,7 млн.теңге, атап айқанда«Бекзат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысына 66,6 млн. теңге, Түркістан-Шәуілдір тас жолы бойындағы  тұрғындар алқабын электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына 460,7 млн.теңге, Ыждыхат тұрғындар массиві Айтеке би көшесіндегі үйлерге электр жүйелерінің құрылысына 380,2 млн.теңге, Орталық тұрғындар  массивінің электр жүйелерінің құрылысына 153,2 млн.теңге игерілді.

Автокөлік жолдары

Түркістан қаласында 1365 көше, оның ішінде қалада 875 көше (764 шқ), ауылдық жерлерде 490 көше (520 шқ) бар.

2016 жылы 15 (16,5 шқ) көшеге тас төсеуге, 10 (6,9 шқ) көшені орташа жөндеуге, 16 көшені ағымдағы жөндеуге 233,3 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауыл округтеріндегі 5 (6,6 шқ) көшені орташа жөндеу жұмыстарына 32,2 млн.теңге қаржы жаратылды.

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 14 көшені (20,4 шқ) ағымдағы жөндеу жұмыстарына 255,7 млн. теңге игерілді.

Қоғамдық қауіпсіздік

Есепті мерзімде қалада 2016 құқық бұзушылықтар тіркеліп, 1,4 пайызға өсті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 153 жағдай тіркеліп, 16,8 пайызға кеміді. Қылмыстың ашылуы 72,6 пайызды құрады.

Қоғамдық орындарда 535 құқық бұзушылықтар тіркеліп, 31,4 пайызға,   көшелерде 284 жағдай тіркеліп, 30,3 пайызға кеміген.

ӘКІМНІҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗДЕРІ

 

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған сөз

Құрметті түркістандықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібеміз бен құт-берекеміз ортақ. Сондықтан 1 мамыр мерекесінің басты құндылығы осы.

Қадірменді ағайын!

Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген бауырмалдығымыз. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында өзін өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұлтымыз терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен құшағын кеңейтіп келеді.

Біз осындай дархан пейіліміздің арқасында, бүкіл әлемге ынтымағы жарасқан, халқының пейілі кең ел ретінде танылдық. Бізді шет мемлекеттер осылай елестеді.

Ардақты әлеумет!

Өздеріңіз білетіндей, қай кезде де болмасын жоғары табысқа жетумен бірге оны сақтап тұру бар. Сол себепті біз мемлекетіміздің әрбір жетістігін бағалай отырып, оның сақталуына өз тарапымыздан ықпал етуіміз керек. Мұндай әрекет – біздің елдігіміздің баға жетпес құндылығы болып есептеледі.

Сондықтан біз осындай мереке арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін көтеріп, тәуелсіздігімізді мақтанышпен насихаттауымыз керек деп есептеймін. Өйткені, еліміздің тәуелсіздік жылдарында болашақты болжай білетін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

Құрметті қала тұрғындары!

Мен әрдайым өз сөзімде біздің мақсатымыз әр мерекені тойлау ғана емес, сол басқосуда бірлесе отырып болашақты ойлауға шақырамын. Мәселен, осындағы әрқайсыңыз әрбір шаңырақтың үлгі тұтар азаматысыздар. Сіздерге ағайын-туыстарыңыз, жора-жолдастарыңыз үміт артады. Сондықтан еліміздің салиқалы саясаты және осы жердегі ұлағатты сөздер, өңіріміздегі берекелі істер өздеріңіз арқылы қаламыздағы әрбір азаматқа жеткізілуі керек деп есептеймін.

Еліміз қазіргі таңда қабырғасы қатай­ған, пікіріне халықаралық қоғамдастық өкіл­де­рі құлақ асатын беделді елге айналды. Ер­кін­дікті аңсаған ата-баба арманы іске асып, тәуелсіздікке қол жетті.

Қадірменді жерлестер!

Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Осы орайда баршаңызды тағы да бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, жалпы түркістандықтарға зор денсаулық, отбасыларына құт-береке, бақыт тілеймін.

Бірлігіміз бекем болсын ардақты ағайын!

_______________________________________________________________________________

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай құттықтау сөз

Қымбатты балалар!

Жадыраған жаздың алғашқы күнінде өздеріңнің төл мерекелерің — Балаларды қорғау күні де келіп қалды. Бұл күн — балалардың әрдайым қамқорлықта болуын, ал үлкендердің олар үшін жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Сондықтан еліміздің ертеңгі тірегі болатын сендердің болашақтарыңды баянды ету біздің парыз. Яғни мемлекетіміз сендердің болашақтарыңа үлкен сенім артып, барлық жағдайларды жасап отыр.

Бұл — сендер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңнің еншілеріңе тиген төл мейрамдарың болып есептеледі. Ендеше, осындағы барлығыңызды мерекелеріңмен құттықтаймын!  

Қадірменді түркістандықтар!

Балаларымыздың, тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Мемлекетіміздің саясаты да алдымен балалардың дұрыс өсіп жетілуіне, тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлуде. Ол жұмыстардың барлығы бүлдіршіндеріміздің болашағы үшін. Сондықтан баршаңыз отбасында бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, оларды мейірімділікке тәрбиелеңіздер. Мұндай тәрбиенің біз үшін маңызы зор. Өйткені халықтар арасында бейбітшілікті берік ұстанған мемлекетіміздің осы бағыттағы абройы өте жоғары.

Міне, осы орайда мемлекетіміздің тыныштығын сақтауда әрбір отбасы тәрбиелі, білімді азамат өсіру үшін өзінің үлесін қосуы керек. Сонда ғана болашақта еліміздің тыныштығы берік, дамуы қарқынды болады. 

Ендеше балаларымыздың мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасында балалар саны артып, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін! 

_____________________________________________________________________________

8 наурыз халықаралық әйелдер күні

мерекесіне арналған құттықтау

Құрметтіақ жаулықты аналар, аяулы арулар!

Сіздерге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын.

Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Баршаңыздың отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!

__________________________________________________________________________

9 мамыр Ұлы Жеңіскүніне орай құттықтау сөз

Ардақты Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен тыл ардагерлерi!

Бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60-тан астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жауды жеңіп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық Ұлы күн!

Мемлекетімізден Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Соның ішінде қаламыздан 18 мың 547 азамат соғыс даласында қолына қару алып, фашизмнің сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді.

Ауылдан келген жас жігіттер кешегі қырмандағы жұмыстан бірден майданның алдыңғы шебіне түссе де, ұлтымыздың болмысына сай ерліктерімен көзге түсті. Дегенмен өңірімізден Кеңес әскерінің қатарына қосылған жауынгерлеріміздің 15 мың 960-ы туған жерге оралды.

Қадірменді ағайын!

Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы деп есептеймін. Осы ұлы парыз жолында Елбасымыз бастап, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің және тыл еңбеккерлерінің тұрмысын жақсартуға үнемі мән беріп келеді. Сондай-ақ, ардагерлерімізге деген қамқорлық пен құрмет үнемі жалғасын таба беретін болады.

Құрметті түркістандықтар!

Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді?

«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ер қолында» - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз.

Ардақты майдангер ағалар, аяулы аналар!

Сіздер Отанға деген шын сүйіспеншілікпен, үлкен ерлікпен, ел қорғау сезімідеріңізбен келер ұрпаққа үлгі болдыңыздар. Сондықтан еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды.

Уақыт алмасады, Ұрпақ өзгередi, бiрақ Отанға сүйiспеншiлiк, ерлiк пен жауынгерлiк рухымыз өзгерiссiз қалады.

Ендеше Ұлы Жеңiс күнiнде баршаңызға ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ пен береке, елiмiз бен жерiмiзге бейбiт өмiр тiлеймiн.

Баршаңызды тағы да ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

__________________________________________________________________________

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған құттықтау

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды ұлық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Кешегі ата-баба аңсаған Тәуелсіздік ұғымын бүгінгі ұрпақ жете түсінері анық. Дүниедегі мыңдаған халықтар мен ұлыстардың барлығы егемен ел болуды мақсат тұтады. Дегенмен, өз мемлекетін құрып, шын мәніндегі ел болып отырғандары олардың 200-ден астамы ғана екен. Соның арасында бақытты өмір мен тәуелсіздікті армандап, оған қол жеткізу жолында қаншама қан мен тер төккен халықты тарихтан білеміз.

Мұндай бақытсыздық пен баянсыздық қауіпі біздің ұлттың да басына төнгені белгілі. Алайда азаттықтың ақ таңын аңсаған ата-баба арманы біздерге бұйырды.

Құрметті ағайын!

Ендеше «Ынтымақ жүрген жүрде, ырыс бірге жүреді» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Бірлігіміздің арқасында, Елбасының сарабдал саясатын ұстанып, тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптастық, өзгемен тереземізді теңедік, тұрмысымызды түзедік. Бұрын қиял болып көрінген жетістіктерге қол жеткіздік. Ендеше ұлы дана халқымыз: «Бақыт - бірлікте, байлық - еңбекте» - деген. Сондықтан еліміздің болашағын, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер әлі де талмай еңбек етуіміз қажет.

Осы орайда «Түркістан - ер түріктің бесігі ғой» деп Мағжан ақын жырлағандай бұл қаланың сан ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізін сақтап қалуға сіңірген еңбегі ұшан теңіз екенін айта кетуіміз керек. Түркістан ежелгі заманда да, қазіргі уақытта да  үлкен саяси орталық ретіндегі рөлін атқарып келгенін білесіздер. Оның дәлелі мәр төбеде елдің игі жақсылары ылғи бас қосып, уәжге келіп, мұнда келелі мәселелердің шешіліп отырғаны тарихтан белгілі. Түркістанның әрбір көшесі тарихи беттерге толы. Осындай тарихы тереңнен сыр шертетін қаламыздың Тәуелсіздік жылдарындағы бағындырған белестері осындағы сіздердің жұмыла жұмыс жасауларыңыздың арқасы деп білемін.  

Тәуелсіздік сіздер мен біздер үшін және ізімізді жалғастырар жас ұрпақ үшін баға жетпес байлық. Осы жолда ен даланы еркін жайлаған еліміз басын бәйгеге байлаған. Әйтсе де, олар ешқашан бас еркіндігін елдіктен жоғары қоймаған.

Осы орайда бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтай берсін. 

__________________________________________________________________________

Жаңа жылға арналған құттықтау сөзі

Құрметті ағайын, қадірлі әріптестер!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ерекше мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

Осы тұрғыда жаңа жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!

Қадірменді түркістандықтар!

         Біз осынау бүкілхалықтық мереке үстінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған реформаларының арқасында қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз.

Осы орайда, өткен жыл еліміз үшін оның ішінде біздің қасиетті қаламыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды.

Сол тірліктер, алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады. Ол үшін тек қана ауызбіршілік пен тұрақтылық керек деп есептеймін.

Ардақты ағайын!

Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын! 

_____________________________________________________________________________

«Қала күні» мерекесіне арналған құттықтау сөз

Құрметті түркістандықтар!

Баршаңызды «Қала күні» мерекесімен құттықтаймын!

Кез келген ел, кез келген ұлт өзінің Отанымен мақтанады. Сол секілді біздер де тәуелсіз еліміздің рухани астанасы қасиетті қаламызбен мақтанайық.

Біз барлығымыз бірігіп қасиетті өңіріміздің болашағы үшін атсалысып, жұмыс жасап келеміз. Соның нәтижесінде қаламыз бүгінгідей түрге еніп, жасарып жайнап келеді. Және де біздер осы күнге жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Сондықтан біздің алдағы жетістіктеріміз бүгінгіден де жарқын болады.

Қала экономикасының қазіргі даму деңгейі біздің мақтанышымызға лайық деп есептеймін. Оның дәлелі Елбасымыздың алдымызға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешуге қол жеткізіп отырмыз. Ендеше бұл бағыттағы жұмыстарда түркістандық әрбір азаматтың еңбегі бар екендігін де естен шығармауымыз керек.

Сондай-ақ, бүгінгі мерекемен бірге шаруаларымыздың жыл бойына атқарған еңбектерінің нәтижесін көретін «Алтын күз» мерекесі қоса тойланып отыр. Бұл салада биылғы жылы шаруалар жемісті еңбек ете білді. Нәтижесінде диқандарымыз біршама қиындықтарға қарамай, еңбекпен келген өнімді жинап алу үшін әрекет етуде. Оған қоса, мал өсірумен оның өнімін арттыру сияқты игілікті істер де нәтижесін беріп, ауыл шаруашылығы қызметкерлері биылғы «Алтын күз» мерекесін айтарлықтай табыстармен қарсы алып отыр. Айта кетерлігі, қаламызда ауыз толтырып айтарлықтай жан жадыратар жаңа бастамалар жетерлік.

         Ардақты ағайын!

Қорыта келгенде, мерекелі күннің мақсаты – тек қана көңіл көтеріп, той тойлау емес, керісінше өткенімізді саралау арқылы болашағымызды бағдарлап, әрбір азаматтың өмір сапасын жаңа деңгейге көтеруге қолайлы жағдай жасауды көздейді. Оған жетуге біздің қалада барлық мүмкіндіктер бар.

Сондықтан мерекелік сәтте баршаңызды тағы да «Қала күні» және «Алтын күз» мерекелерімен құттықтаймын!

Сүйікті шаһарымызда береке-бірлік нығайып, құт-мекеніміздің абыройы арта берсін!

____________________________________________________________________________

Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтау сөз

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

Барлықтарыңызды қасиетті мейрам – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде Құрбан айт – бірлік пен бейбітшіліктің мейрамы. Аталған күндердің адамдар арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі зор. Сондықтан, бұл күндері тәуелсіз Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылмандар қауымы өзге дін, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауы керек. Адамдарды бір-бірінен алыстатпай, қайта жақындата түсуді насихаттайтын тура дін – Ислам әрдайым жақсылық жасап, әділ болуға шақырады. Осынау ұлы мейрамды еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен мемлекеттік деңгейде атап өтуге қол жеткізілді.

Сол себепті, тәуелсіз Қазақстанның 70 пайызын құрайтын Ислам дінін ұстанушылар ынтымақ-бірлігі, достығымен дүниежүзінің назарын өзіне аударып, үлгі болуы біз үшін мақтаныш.

Біздің Құрбан айт намазымыздан, шалған құрбандығымыздан, тіпті отандас қажылардың қажылыққа бару мақсаты – татулық, адамдардың бірлігі мен ынтымағын күшейту.

Осы орайда, әрбір азаматтың бір-біріне деген бауырмашылықтарын арттырып, мұқтаж жандардың осы күндері мерейлерін арттыруына үлкен пайдасын тигізетін Құрбан айт мейрамымен тағы да құттықтаймын!

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Ұлы мерекеде әр отбасына бақыт, береке тілеймін. Деніміз сау, жұртымыз тыныш, елімізде тек жақсылықтар бола берсін!

____________________________________________________________________________

«Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған құттықтау сөз

         Құрметті түркістандықтар!

Баршаңызды мерейлі мереке «Тұңғыш Президент күнімен» құттықтаймын!

Еліміздегі тарихи таңдау күнi болып саналатын бұл сәтті мен барша қазақстандықтардың Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңiрегiне топтасу күнi деп есептеймін.

Өйткені өзінің мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында еңбегі зор.

Осы сәтте күрмеуі көп қиын шақта, өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген және дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің орны ерекше.

Мәселен, өткен күндерді бір төбе деп қарасақ, ғасырларға тең Тәуелсіздік жылдары ел мерейін тасытып қана қоймай, халықтың әлеуметтік ахуалы, өңірлердегі инфрақұрылымдардың қалыптасуы, заман табалына сай әлеуметтік нысандардың бой көтеруі әлем елдерінің мемлекетімізге деген сенімі мен құштарлығын арттырғаны сөзсіз. Сондай-ақ, 1997 жылы Елбасының бастамасымен елордамыз Алматыдан Сарыарқа төріне көшірілді. Он жылдың ішінде жаңа Астананың негізгі құрылысы толықтай салынып бітті. Сөйтіп әлем назарын өзіне аударған ХХІ ғасырдың келбетті шаһары пайда болды. Сол істердің жалғасы іспеттес – мемлекетіміз әлем елдерінің бас қосып, бәтуаласатын орталығына айналды.

Соның ішінде «Түркістан ежелден келе жатқан біріктіруші функциясынан жаңылған емес және түркі тілдес елдерді біріктіруші тірек болып табылады», деп Елбасымыз ерекше екпін берген қаламыздың да Тәуелсіздік жылдарында ажары ашылып, әлеуетті едәуір арта түсті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қала халқының саны шамамен 150 мыңнан астам адам болса, бұл көрсеткіш қазіргі таңда 250 мыңға жуықтап отыр. Демографиялық көрсеткіш те арта түсуде. 46 ұлттың өкілі тату-тәтті тұрмыс кешкен қаламыздың жалпы өңірлік өнім көлемі жыл сайын артып келеді.

Осы орайда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген, аталарымыздың қанатты сөзге тоқтағым келеді. Шынында да бүгінде Елбасыға тіреу болып, бастар іске демеу болып жүрген текті халық ұрпағы мына сіздерсіздер, қадірменді ағайын.

Қиын-қыстау кезеңдерде жұдырықтай жұмылудың үлгісін танытып, дархан пейілдің арқасында ұлт пен ұлыстың панасы болған кең жүректі халқымызға сенім артып, тұңғыш Президентіміз «Ел көшін бастау маған сын, мені қостау-елге сын...» деп, даналықтың үлгісін паш етті. Ендеше сол елім деген ардақ ұлдың ерім дейтін еліне лайықты болу сіздер мен бізге сын.

Ендеше, халқына қуаныш сыйлаған «Тұңғыш Президент күнi» мерекесi құтты болсын. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Елімізде тыныштық, халықтың бiрлiгi мен ынтымағы арта берсін!

 

 

ӘКІМ БАЯНДАМАСЫ

 

2016 жылдың 8-айының қорытындысы  бойынша

Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы мәлімет

Слайд №1

Қаланың жалпы өңірлік өнімі 47303,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 14,0 пайыз (6626,7 млн.теңге), ауылшаруашылық саласына 33,8 пайыз (16035,0 млн.теңге), орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,3 пайыз (6270,0 млн.теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 38,9 пайызы (18371,5 млн.теңге) тиесілі.  Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 190, мың теңгені құрады).

Орташа жалақы  111874 теңгені құрап, 15,1 пайызға, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 20435 теңгені құрап,14,0 пайызға артты.

Бюджет

Слайд №2

Қала бойынша 2016 жылдың 8-айында бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердің жоспары 101,0 пайызға орындалды немесе 197,5 млн. теңгеге  (жоспар – 18831,4 млн. теңге, нақты- 19028,9 млн. теңге), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3103,7 млн.теңгеге артық.

Оның ішінде  өзіндік жергілікті түсімдер 1415,3 млн. теңгеге жоспарланып,  1608,9 млн. теңгеге немесе 193,6 млн. теңгеге артығымен орындалып,  113,7 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 326,8 млн.теңгеге артық.

Слайд №3

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспардағы 18831,4 млн.теңгенің 18670,3 млн. теңгесі игеріліп, 99,1 пайызға орындалды. Игерілмеген 161,1 млн.теңгенің 91,4 млн.теңгесі (57,0 пайыз) объективті себептермен, 69,7 млн.теңгесі (43,0 пайыз) субъективті себептермен игерілмеді.

2016 жылға қала бюджетін қалыптастыру барысында салықтың 4 түрі (көлік, мүлік, жер, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы) бойынша 55,6 млн.теңге трансферттер ретінде қала бюджетінен ауылдық округтеріне беріліп, ауыл округтеріне қатысты шығындар қала бюджетінен қысқартылды. Жалпы алғанда, жыл бойында ауыл әкімдері өзін-өзі басқарудың қолма-қол есеп шоттарына 4 түсім мен 4 салық түрі бойынша қосымша резервтерді анықтап, жоспарға қосымша қаржылар түсіріп, ауылдың бірқатар өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндігі болады. Осы мақсатта 2016 жылға  2881,0 мың теңге  жоспарланып, есепті мерзімде 2138,0 мың теңге түсті.  

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл округтерінің инфрақұрылымдарын дамытуға  14 нысанға 92,5  млн.теңге жоспарланып, 56,3 млн.теңгесі игерілді.

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде 3 траншпен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ауылдық округтерге жөндеу және абаттандыру жұмыстарына жалпы 519,9 млн. теңге, оның ішінде  білім беру саласының 2 нысанына 13,2 млн. теңге, дене шынықтыру және спорт саласының 3 нысанына 16,6 млн. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аббаттандырудың 12 нысанына 192,6 млн.теңге, көлік инфрақұрылымының 14 нысанына   297,6 млн.теңге  тартылды.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

Слайд №4

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 6626,4 млн. теңгенің өнімін өндіріп,  нақты көлем индексі 108,5 (обл.104,5) пайызды құрады.

Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі 248,3 млн.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 109,1 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 5297,9 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 106,6 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 762,5 млн.теңгені, 113,6 пайызды, сумен жабдықтау 317,9 млн.теңгені, 117,3 пайызды құрады.

Слайд №5

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  жалпы құны 3973,4 млн.теңгеге 18 жоба енгізілді. Оларда 860 жұмыс орын ашу көзделген. Осыдан құны 2293,0 млн.теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылып, 519  жұмыс орны ашылды, оларда 786,1 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі 10,5 пайызды құрады.

Слайд №6

2016 жылы Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының Индустрияландыру картасына 18664,4 млн.тенгеге 7 жоба енгізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы құны 1074,4 млн.теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, оларда 197 жаңа жұмыс орны ашылады, толық қуатында жұмыс істегенде 3574,0 млн.теңгенің өнімі өндіріледі. 2017 жылы 2 жоба іске қосылып, 120 жұмыс орны ашылады, 9953,0 млн.теңгенің өнімі өндіріледі.

Атап айтқанда:

- «Айбек ЛТД» ЖШС-сі,   57 жаңа жұмыс орны, жоба құны 216,4 млн.теңге, құрылыс материалдарын шығарады;    

 - Мобелла» ЖШС-сі, 20 жұмыс орны, жоба құны 391,0 млн. теңге, құрылыс материалдарын шығарады;

-«Cordial» ЖШС-сі, 60 жаңа жұмыс орны, жоба құны 200,0 млн. теңге, жылына 7 мың комплект жұмсақ жиһаз  шығарады;

- ЖК «Grand Miks», 30 жаңа жұмыс орны, жоба құны 200,0 млн. теңге, жылына 24 мың дана корпустық жиһаз  шығарады;

- «Жәрдем-НГ» ЖШС-сі, 30 жаңа жұмыс орны, жоба құны 100,0 млн. теңге, құрылыс материалдарын шығарады;

-«Golden Camel Grоup LТD» ЖШС-гі,  50 жаңа жұмыс орны, жоба құны 4726,0 млн. теңге,  тамшылап суғару бойынша қондырғылар шығарады.

-«Golden Camel Grоup LТD» ЖШС-гі, 70 жаңа жұмыс орны, жоба құны  12 831,0 млн. теңге, қуаттылығы тәулігіне 80 тонна түйе сүтін терең өңдейді,  жылына 1200 тн. түйенің құрғақ сүтін  өндіреді.

Индустриалды аймақ

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта (40 га) 847,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген.

Аймаққа кіріп-шығу теміржол тұйығының және газ жүйесін тарту  құрылысын жүргізуге 4,3 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, сметалық құны 193,4 млн.теңгені құрады.

Жалпы аймақта 7 488,7  млн.теңгеге 14  жоба, 609 жұмыс орны құрылады.

Индустриалды аймақтың 40 га-ның 32,2 га-на  14 жоба орналастырылған болса, 3,4 га инфрақұрылым  жүйесіне бөлініп беріліп, қалған 4,4  га резервтегі жер көлемін құрап отыр.

Бүгінгі таңға 3 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтті («Түркістан трасса», «Азрет жол құрылыс», «Kadiris»), 98 жұмыс орны ашылып, 410  млн. теңге инвестиция тартылды.

Слайд №7

2016 жылы  индустриалды аймақтан  жоба құны 916,4 млн.теңге құрайтын, 227 жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін 5 жоба іске қосылады деп жоспарлануда.

Слайд №8

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 13 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру қажет болса, есепті мерзімде 8 жоба мақұлданған. Оның ішінде:

-банк несиелерін субсидиялау- 7 жоба жоспарланған. Барлығы 230,0 млн.тенгеге 15 жоба ұсынылып, 2 жоба мақұлданды:

1. ЖК Қанжігіт Айгүлдің жылыжай салу жобасы (180 млн.теңге);

2.»Мұзды тау»  ЖШС-нің балмұздақ шығаратын  құрал-жабдықтарды сатып алу (60,0 млн.теңге)     

- банк несиелерін кепілдендіру – 2 жоба жоспарланып,  20,0 млн теңгеге 14 жоба ұсынылған.

- қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – 2 жоба жоспарланған.

Есепті мерзімде, 5 916,0  млн теңгеге 4 жоба ұсынылып,  мақұлданған. Олар:

-"Cordial" ЖШС-216,0 млн.теңге;

- «Жәрдем –НГ» ЖШС-сі-100,0 млн. теңге;

-"Golden camel group LTD" ЖШС-5600,0 млн.теңге

«Grand Miks» жеке кәсіпорны- 320,0 млн. теңге.

-гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба жоспарланған. 20 жоба ұсынылып, 2 жоба грант алған:

  -   ЖК «Нұрғали», «Тоқыма өнімдерін өндіру жобасы»;

-  ЖК «Аңсар»,  «Шахмат фигураларын шығару жобасы».

-Экспорттаушы кәсіпорындардың банк несиелерін субсидиялау бойынша 1 жоба жоспарланған.

Шағын және орта бизнес

Слайд №9

Кәсіпкерлік саласында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілері 12885 бірлікті құрап (2015ж. 8-айда 13569), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,0 пайызды құрады.

Жұмыспен қамтылған адам саны 33062 құрап, 4,2 пайызға, өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 47303,0 млн. теңгені құрап, 2,2 пайызға артты. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-сі  арқылы рұқсат беру құжаттары бойынша кеңес беру - 630, бизнес жоспар жасауға-77, заңгерлік қызметі және заңгерлік кеңес -174 адамға берілген, кәсіпкерлік кеңес беру - 1133, 329 азамат даярлау курстарын өтті,  барлығы 2343 адамға қызмет көрсетіліп, 2015 жылдың тиісті мерзімімен (1472 адам) салыстырғанда 59,2  пайызға артты.

Слайд №10

 «Максимум» АИО арқылы  өткен жылы 154 жоба 406,6 млн. теңгеге қаржыландырылса, есепті мерзімде 139 жоба 344,9 млн.теңгеге қаржыландырылды.

«Ауылшаруашылығын  қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы өткен жылы 140 жоба 461,5 млн. теңгеге қаржыландырылса, есепті мерзімде 140 жоба 384,7 млн. теңге  қаржыландырылды.

Ауыл  шаруашылығы

Слайд №11

Қаланың ауылшаруашылығы саласында 16035,0 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0 пайызға артты (обл.103,1 пайыз).

Оның ішінде, мал шаруашылығы 10071,3 млн.теңгені құрап, 101,2 пайыз, егін шаруашылығы 5963,7 млн.теңгені құрап, 100,5 пайыз болды.

Слайд №12

2016 жылы 43660,0 га жерге егін егіліп, егіс көлемі 106,2%-ға игерілді (жоспар 41100 га), оның ішінде, астық 7164,8 га (2015 ж - 5850 га), дәндік жүгері 4532,6 га (2015 ж - 7988 га), көкөніс 3843,7 га (2015 ж – 3013 га), бақша 6470,7 га (2015 ж - 6897 га), майлы дақылдар 953,5 га (2015 ж - 668 га), картоп 767,7 га (2015ж - 887 га), мақта 6627,6 га (2015 ж - 3800 га), мал азықтық дақылдар 13299,4 га (2015 ж - 13900 га) жерге егілді.

Слайд №13

Көп жылдық екпелерді (1531,7 га жеміс, жүзім) қоса есептегенде 45191,7 га суармалы жер игеріліп, тапсырма (42000 га) 107,6%-ға орындалды.

Жаңадан жайылым жерлердің санатын суармалыға ауыстыру арқылы 467,5 га жер айналымға қосылып, тапсырма (300 га) 155,8%-ға орындалды.

Терең қопсыту технологиясы 6634,5 га жерге қолданылып, 102,1 пайызға орындалды.

Слайд №14

Қала бойынша  үстіміздегі жылы 7,0 гектар жылыжай салу жоспарланып,  5,0 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 71,4 пайызға орындалды, жалпы көлемі 44,1 гектарға жетті, саны 520 бірлікті құрады.

Слайд №15

Тамшылатып суару әдісін 700 гектар жерге енгізу жоспарланса, 1070 гектар жерге енгізіліп, жылдық жоспар 152,8 пайызға орындалды. Оның ішінде «Тұран» шаруа қожалығының 340 га мақта алқабына, қалғаны көп жылдық екпелерге қолданылды.

2016 жылы қаладағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1950 тонна жеңілдетілген бағада жанар-жағар май босатылды (жоспар 1950 тонна) және 3864 тонна минералды тыңайтқыштар бөлініп, 3154 тоннасы алынды, қалған тыңайтқыштарды беру мерзімі кешігуіне байланысты шаруалар басқа жерлерден сатып алып  қолданды.

Слайд №16

92 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жоспарланып, 81 бірлік техника алынды, тапсырма 88,0 пайызға орындалды. Жалпы ауылшаруашылығы техникаларының  саны 3591 бірлікті құрап, жыл сайын артуда.

Қала бойынша жалпы сыйымдылығы 19640 тонна құрайтын 8 бірлік жеміс-көкөніс сақтайтын қоймалар бар. Бұл қоймалар қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Есепті мерзімде, 6 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Олар: Ескі Иқан ауылдық округінен «Агрокомплекс-2016», Жүйнек ауылдық округінен «Фархад», Үшқайық ауылдық округінен «Дінмұхаммет и К», Жаңа Иқан ауылдық округіне «Үмітжан», Бабайқорған ауылдық округінен «Үлгілі – 2016», Оранғай ауылдық оркугінен «Қосқорған» кооперативтері.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудағы мақсат – жеке, ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, жұмыс тиімділігін арттыру және мемлекет тарапынан берілетін бар жеңілдіктерді (субсидия, жанар-жағар май, минералды тыңайытқыш, лизингке техника, құрал-жабдықтар беру, несие  т.б.) ауыл шаруашылығы жұмыстарын жандандыру (өнім өндіру, сақтау, қайта өңдеу, сату, техникалық қызмет көрсету, ағын сумен т.б. қамтамасыз ету).

Слайд №17

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5381 ірі қара мал алынып, жылдық тапсырма  (2000 бас) 269,7 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы («Казагронесие» АҚ, «Түркістан несие», «Яссы несие» серіктестіктері) 32 жоба 313,1 млн. теңгеге қаржыландырылып, 1723 ІҚМ аналығы, 92 бұқа сатып алынды.

 «Құлан» бағдарламасы бойынша 165 бас жылқы аналығы сатып алынып, жылдық жоспар (100 бас)  165,0 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы 5 жоба 50,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, 165 жылқы, 10 айғыр сатып алынды.

 «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3862 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 2100 бас), тапсырма 183,9 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы 14 жоба 86,4 млн теңгеге қаржыландырылып, 3262 қой аналығы, 199 қошқар  сатып алынды.

Ағымдағы жылдың 8-айында 196 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, оның ішінде 173-і жеке кәсіпкерлердің қаржысымен ұйымдастырылса, қаржы институттары арқылы 58,5 млн.теңгеге 23 шағын мал бордақылау алаңдары ұйымдастырылды, жалпы 580 бірлікті құрады.

Биыл 41 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, жалпы 111 бірлікті құрады.

 «Жұртшылық табынға (падаға) асыл тұқымды бұқа алу» бойынша 50 бас бұқа сатып алуға тапсырма беріліп, 86 бас бұқа сатып алынды, жылдық тапсырма 172,0 пайызға орындалды.

Жайылым жерлерден 58 бірлік құдық қазылып, тапсырма (15 бірлік) 386,7 пайызға орындалды.

Слайд №18

Мал басы: ІҚМ басы 84641 бас  107,8%-ға, қой-ешкі 463491 бас 106,2%-ға, жылқы 10214 бас 108,7%-ға,  құс 101823 бас  101,3%-ға артты, түйе 2724 бас 98,8%, шошқа 1119 бас, 91,9% құрады.

Мал өнімдері: ет 8223,7 тн. 101,7%-ға, сүт 44588,6 тн.  100,7%-ға, жұмыртқа 7518,0 мың дана 100,5%-ға өсті.

Мал өнімдерінің өнімділігі:  шаруашылықтың барлық санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 1756 кг. құрап отыр (101,6%), ал бір мекиен-тауықтан орташа алынған жұмыртқа – 135 дананы құрады (100,7%). 

Білім саласы

 Есепті мерзімде, қала бюджетінің 57,7 пайызы  немесе 10778,9 млн. теңгесі білім беру саласына бағытталды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  2817,7 млн.теңгеге артық.

Слайд №19

Білім беру саласының құрылыстарына 679,4 млн.теңге, атап айтқанда,  Төреқұлов  атындағы мектеп құрылысына 202,0 млн.теңге, 120 орынды Шорнақ ауыл округіндегі балабақша құрылысына 210,7 млн.теңге, Жүйнек ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Қарашық ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Сатыпалды көшесіндегі 280 орынды балабақша құрылысына 151,1 млн.теңге жоспарланып, 672,9 млн.теңгесі игерілді.

Сонымен қатар, 416,8 млн.теңгеге 7 мектепке күрделі жөндеуден өтті.

Одан бөлек, «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2 балабақшаны  ағымдағы жөндеуге 13,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 1 балабақшаны ағымдағы жөндеуге 13,5 млн.теңге жоспарланды.

Слайд №20

2015-2016 оқу жылында мектеп бітіруші 2631 түлектердің  1493-і  немесе 56,7 пайызы (1148 қазақ, орыс, 345 өзбек) ҰБТ тапсырды. Жалпы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша  орташа білім көрсеткіші – 81,59 баллды құрап, (85,0 балл) облыс көлемінде 4 орында.

145 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер ішінен 66 оқушы (45,5%),  59 «Үздік» аттестат алуға үміткерлер ішінен өз білімін 40 оқушы (67,8%) растады. Өткен жылы 70 оқушы «Алтын белгі», 29 оқушы «Үздік» аттестат алған болатын.

2015-2016 жылы бітіруші түлектердің 449-ы грантқа, 132-сі «Серпін» бағдарламасы  бойынша жоғары оқу орнына түсті.

Слайд №21

 «Балапан» бағдарламасы

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 22073 құрайды. Жалпы 53 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 31 балабақшада 6038 бала, 22 жекеменшік балабақшада 2548 бала, 63 шағын орталықтарда 9339 бала, барлығы 17925 бала балабақшамен қамтылып, 81,2%  құрап отыр. Жыл басынан Түркістан қаласынан 150 орындық «Еркем ай», Шорнақ ауылынан 75 орынды «Ғажайып» жекеменшік балабақшалары, 120 орынды мемлекеттік балабақша іске қосылды. 

Денсаулық сақтау

2016 жылы денсаулық сақтау саласында  Шорнақ ауыл округінде ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана құрылысына 100,0 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құны 247,0 млн теңге, нысан өтпелі.

Одан бөлек, Бекзат мөлтек ауданындағы №3 ересектер емханасының филалына 33,7 млн.теңгеге, Үшқайық ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке 18,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Психоневрологиялық интернаттың жатын корпусының құрылысын аяқтауға 199,4 млн.теңге қаржы қаралды.

Сондай-ақ «№3 облыстық перинаталдық орталықтың»  150 койкалық қосымша құрылысының ЖСҚ дайындауға  15,0 млн.теңге қаржы жоспарланды.

Түркістан қаласында 408 дәрігер, 1386 жұмыс жасайды, дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 15,8 (облыс көрсеткіші – 25,0), орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 54,5 (облыс көрсеткіші – 79,4) құрады.

Әлеуметтік сала

Слайд №22

2016 жылы Кешенді жоспар бойынша  4280 адамды,  оның ішінде 3057 адам жұмыссыздар, 1223 адам өздігінше жұмыспен қамтылғандар, 458 табысы аз адамдар санатынан қамту жоспарланған.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында ағымдағы жылы 8-айда 3017 адамды қамту жоспарланса, нақты 3149 адам қамтылып,  104,4 пайызға орындалды. Оның ішінде:  

 -жұмыссыздар – жылдық жоспар 3057 адам, 8-айдың жоспары 2024 адам, қамтылғаны 2024 адам, 100,0%.             

 -өздігінен жұмыспен қамтылғандар- жылдық жоспар 1223 адам, 8-айдың жоспары 993 адам, қамтылғаны 1125 адам, 113,3%.

  -аз қамтылғандар – жылдық жоспар 458 адам, 8-айдың жоспары 362 адам, қамтылғаны  379 адам, 104,7%.   

    Слайд №23

Бағдарламаның 1 бағыты (жергілікті инфраструктураны дамыту арқылы және елді мекендерге орналастыру арқылы жұмыс орындарын ашу):

3 жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 132,1 млн.тенге, ал жергілікті бюджеттен 14,7 млн. теңге бөлінді. Жобаны жүзеге асыру барысында 49 жұмыс орындары ашылуы, оның 25 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланып, нақты 32 адам жолданды.  

Слайд №24

Бағдарламаның 2 бағыты (ауылды жерлер мен тірек ауылдарында кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру):                  

 2016 жылы  176 азаматты 582,8 млн.теңгеге шағын несиелендіру жұмыстарына жоспарланған, оның ішінде 356, 8 млн.теңгесі 3 млн.теңгеге дейін 136 азамат және 226,0 млн.теңгеге 6 млн.теңгеге дейін 40 азамат жоспарланған. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға 60 адам жоспарланып, 61 азамат  оқытылып сертификат берілді.

  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» есебінен 140 азаматқа 384,7 млн. теңге шағын несие берілді. 140 азаматтың ішінен 53-і өз ісін ашуға, қалған 87 азамат өз ісін кеңейтуге қаржыландырылған. Қосымша 62 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды.

Слайд №25

Бағдарламаның 3 бағыты (оқыту және қажетті шегінде қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыру):                                                   

- 531 нысаналы топтағы азаматтар 116 мекемеге әлеуметтік жұмысқа жолданды, тұрақты жұмыспен 23 адам қамтылды. Келісім-шартқа сәйкес жыл соңына дейін 531 адам толығымен тұрақты жұмыспен қамтылады. Тапсырма 106,2 пайызға орындалды.

- 359 адам 94 мекемеге жастар практикасына жолданды, тұрақты жұмыспен 110 адам қамтылды. Тапсырма 102,6 пайызға орындалды.

-245 жұмыссыз азамат 16 мекемеге ақылы қоғамдық  жұмысқа жолданды (жылдық жоспар 400).                                                                        

-1702 адам (бос жұмыс орындарына 821 адам, жаңа жұмыс орындарына 564 адам) тұрақты жұмысқа орналасты, тапсырма 107,2 пайызға орындалды (жылдық жоспардың 68,0%);

-90  адам қайта даярлау курсына жіберілді.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты көппәтерлі 2 тұрғын үй құрылысына 596,2 млн.теңге жоспарланып, толығымен игерілді, сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысына 586,6 млн.теңге жоспарланып, 300,0 млн.теңгесі игерілді.

Сонымен қатар, 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысын бастауға 40,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Одан бөлек, Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы құны 1374,0 млн.теңгеге 72 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Слайд №26

Ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыстарына 2016 жылға жалпы  2611,4 млн.теңге, атап айтқанда Түркістан қаласын сумен жабдықтау 1,7,8 сақиналары бойынша магистральді желілерінің құрылыстарына 1691,4 млн. теңге, Қарашық елді мекенін ауыз сумен қамту (2-кезек) бойынша 251,9 млн.теңге, Тұран елді мекеніндегі  су өткізгішінің құрылысына 453,3 млн.теңге, Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін сумен қамтамасыз ету құрылысына 214,8 млн.теңге жоспарланып, 1920,3 млн.теңгесі игерілді.

Қазіргі таңда 216,0 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту 83,5 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін қосымша 15,8 мың адам қамтамасыз етіліп, 90,0 пайызға жетеді деп  күтілуде.

Слайд №27

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Түркістан қаласының  квартал ішіндегі  тарату газ өткізгіш жүйелерінің құрылысына 725,9 млн.теңге қаралып, 524,0 млн.теңгесі игерілді.

Сондай-ақ, Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының ІІ және ІІІ кезеңдерінің ЖСҚ әзірлеуге 18,0 млн.теңге,  Үшқайық ауылдық округінің Теке, Жалаңтөс, Қожанов елді мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылыстарының ЖСҚ әзірлеуге 9,0 млн.теңге игерілді.

 «КазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында «Бекзат» мөлтек ауданында 3000 абонентті табиғи газбен қамтамасыз етуге өтінім алып, газ құбырларын жүргізген, бүгінгі таңда 5100 тұрғын (940 абонент) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Қала тұрғындарын газбен қамтамасыз етудің 1-ші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан жыл соңында іске қосылып, нәтижесінде 45360 тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 19,5 пайызды құрайды. 

Слайд №28

Электрмен қамтамасыз ету құрылыстарына 1133,2 млн.теңге, атап айқанда «Бекзат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысына 66,6 млн. теңге, Түркістан-Шәуілдір тас жолы бойындағы  тұрғындар алқабын электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына 512,3 млн.теңге, Ыждыхат тұрғындар массиві Айтеке би көшесіндегі үйлерге электр жүйелерінің құрылысына 400,7 млн.теңге, Орталық тұрғындар  массивінің электр жүйелерінің құрылысына 153,4 млн.теңге жоспарланып, 817,9 млн.теңге игерілді.

Слайд №29

Автокөлік жолдары

Түркістан қаласында 1365 көше, оның ішінде қалада 875 көше (764 шқ), ауылдық жерлерде 490 көше (520 шқ) бар.  

2016 жылы 15 (16,5 шқ) көшеге тас төсеуге, 10 (6,9 шқ) көшені орташа жөндеуге, 16 көшені ағымдағы жөндеуге 235,2 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауыл округтеріндегі 9 (6,6 шқ) көшені орташа жөндеу жұмыстарына 68,3 млн.теңге қаржы жоспарланып, 211,5 млн. теңге игерілді.

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 14 көшені (20,4 шқ) ағымдағы жөндеу жұмыстарына 297,6 млн.теңге бөлініп отыр.

                                     Мәдениет және спорт, туризм

Мәдениет саласында  жыл басынан 810 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 141,8 мыңға жуық адам қамтылды.

Спорт саласында 200 іс -шаралар өткізіліп, 21200 адам қамтылған.

«Бекзат» мөлтек ауданындағы спортзал құрылысына 172,2 млн.теңге қаралып, есепті мерзімде 160,0 млн.теңгесі игерілді.  

«Жол картасы 2020» бағдарламасының 3 траншы бойынша 3 елді мекенде (Шорнақ, Аша, Қаражон) спорт алаңдарын ағымдағы жөндеуге 16,6 млн.теңге жоспарланып отыр.

Туризм саласы

Қаламызға келген туристерді орналастыруға 820 орынды 20 қонақ үйі жұмыс істейді. Сонымен қатар төрт жұлдызды қонақ үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қолөнер шеберлері орталығының ғимаратында Туристік ақпараттық орталығы құрылып жұмысын бастап жатыр.

Слайд №30

Есепті мерзімде  қалаға 751,1 мың туристер мен зияратшылар, оның ішінде 12,2 мың адам алыс, жақын шетелдерден келген ( 2015 ж. 8 айда 740,7 мың адам, оның ішінде шетелден- 11,5 мың адам).

 Қоғамдық қауіпсіздік

Есепті мерзімде, қалада 1915 құқық бұзушылықтар тіркеліп, 10,2 пайызға өсті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 105 жағдай тіркеліп, 23,9 пайызға кеміді.

Қылмыстың ашылуы 67,6 пайызды құрады (обл.70,8 пайыз).

Қоғамдық орындарда 312 құқық бұзушылықтар тіркеліп, 0,3 пайызға кеміді.

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтың 2014 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасының тезисі

Қаланың жалпы өңірлік өнімі 80 млрд. 097,6 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 20,3 пайызға артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 15,0 пайыз, ауылшаруашылық саласына 34,4 пайыз, орындалған құрылыс жұмыстарына 23,2 пайыз, тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 27,4 пайызы тиесілі. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 317,1 мың теңгені құрады.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

Есепті кезеңде жалпы өнеркәсіп өнім көлемі  12 млрд. 031 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,0 пайызға өсті.

2014 жылы Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының Индустрияландыру картасына жалпы құны 2 млрд. 140 млн. теңгеге 5 жоба облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып енгізілді. Олар:

-"Нұр строй" ЖШС кірпіш шығарады. Жоба құны 579,0 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны – 160, өндіріс қуаты жылына 15 млн. дана кірпіш;

-"Түркістан трасса" ЖШС кірпіш шығарады. Жоба құны 736,0 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны-150, өндіріс қуаты жылына 12 млн. дана кірпіш;

-ЖК"Г.Хываева" шағын тігін фабрикасы. Жоба құны 102,0 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны - 60. Өндіріс қуаты жылына 5 мың дана түрлі киімдер;

-"Мамлакат" шаруа қожалығы шұжық өнімін өндіреді. Жоба құны 150,0 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны -12. Өндіріс қуаты жылына 160 тонна өңделген ет;

-«Жилстрой индустрия» ЖШС темір бетон бұйымдарын шығарады. Жоба құны 573,0 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны -80. Өндіріс қуаты жылына 36,0 мың м3 бетон бұйымдары.

Шағын және орта бизнес

Қалада 2014 жылы іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілер саны 11409, жұмыспен қамтылған адам саны 35515 және өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 54,2 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда субъектілер саны 6,3%-ға, жұмысшылар саны 7,2%-ға және өнім көлемі 7,3%-ға өсті.

  Есепті мерзімде,  «Максимум» АИО арқылы,  130 жоба 628,9 млн. теңгеге қаржыландырылып, 2013 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге артты (300,8 млн.теңгеге 136 жоба).

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2013 жылы 85 жоба 218,4 млн. теңгеге  қаржыландырылса, есепті мерзімде 179 жоба 593,9 млн. теңгеге қаржыландырылып, 2,7 есеге өсті.

Индустриялды аймақ

Түркістан қаласындағы индустриялды аймағына жалпы құны 7 млрд. 491 млн. теңгені құрайтын 8 жоба орналастырылуда. Оларда 495 жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда мұнда ағаш бұйымдары, кірпіш, құрылыс материалдары (терезе, есік, витраж), темір бетон бұйымдарды, құрылыс материалдары (шлакоблок, пескоблок, кірпіш), шыныпластикалық арматуралар, ион алмастырусмолаөніміндері шығарылатын болады.

Ауыл шаруашылығы саласы

2014 жылы 27 млрд. 545,5 млн. теңгеніңауылшаруашылығы өнімдеріөндіріліп, өткен жылға қарағанда өнім 2,6 пайызға артты.

Осы мерзімде 41 мың 130 га егістік жер игеріліп, тапсырма 104,0%-ға орындалды. Оның ішінде: мақта-10008 га, көкөніс-3100 га, бақша-5743 га, жүгері-4600 га, күздік бидай-4808 га, жаздық бидай, арпа - 331 га, майлы дақылдар-310 га, картоп-630 га, мал азықтық дақылдар (жоңышқа)-11600 га жерге орналастырылды.

Жаңадан 2950 гектар суармалы жерді іске қосужоспарланып, нәтижесінде 3486,7 гектар айналымға қосылып, меже 118,2 пайызға артық орындалды.

2014 жылға ауылшаруашылық дақылдарына бөлінгенсубсидия 1 млрд. 909 млн. теңгені құрады.

Тамшылатып суаруәдісі 1115 га қолданылып, тапсырма (700 га) 159,3%-ға орындалды. Қазіргі таңда барлығы 5249 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылады.

7,15 гажылыжайсалынып, жылдық тапсырма  (7 га) 101,8%-ға орындалды. Жалпы жылыжай көлемі  31,3 гектарға жетті.

Есепті мерзімде, 75ауылшаруашылығы техникалары алынып, тапсырма (71 бірлік) 105,6%-ға орындалды. Жалпы 1232 бірлік ауылшаруашылық техникалары бар.

Терең қопсыту технологиясы бойынша 2200 гектар жерге мақта дақылы егілсе, нольдік технологиямен 120 гектар жерге мақсары дақылы егілді.

 «Сыбаға» бағдарламасыбойынша 1537 ірі қара мал аналығы және 75 бас асыл тұқымды бұқалар  сатып алынып, тапсырма (600 бас) 2,6  есе, 176 мал бордақылау алаңы іске қосылып, тапсырма (120 бірлік) 146,6%-ға орындалды.

Қуаты жылына 300 тонна1 ет өңдеу(Шаға ауыл округі, «Мамлакат» шаруа қожалығы) кәсіпорыны іске қосылды. Шаруа қожалығының 600 басқа арналған мал бордақылау алаңы, мал сою алаңы, 110 га суармалы, 100 га жайылым, 300 га шабындық жерлері, 23 бірлік ауылшаруашылығы техникалары бар.

5 сүт қабылдаубекеті ашылды. 18 қолдан ұрықтандыру бекеттерінде 13611 бас сиырқолдан ұрықтандырылып, жылдық тапсырма (13455 бас) 101,2%-ға орындалды.

Мал тұқымынасылдандырубойынша 6 асыл тұқымды қой шаруашылығы болса, биыл 1 шаруашылық  асыл тұқымды  қой шаруашылығы мәртебесін алды. Оларда 20646 бас асыл тұқымды  қой бар. Бұл көрсеткіш жалпы қой басының  5,7% құрайды.

Қала бойынша жеке тұрғындарда 2714 бас асыл тұқымды ірі қара мал  бар, ол жалпы ірі қара малдың 3,6% құрайды.

                                        Әлеуметтік сала                                        

2014 жылы қала халқының саны 252,6 мың адамды құрады. Оның ішінде экономикалық тұрғыданбелсенді халық85,5 мың адам.

Қала бойынша орташа айлық жалақы 79417 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,5 пайызға, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 17358 теңгені құрап, 12,4 пайызға артты.

 Жұмыссыздарсаны 4360 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  346 адамға азайды (2013 жыл- 4706). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз (2013 жылы -5,5 пайыз) болды.

Жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 3892 азаматтың 3801-і жұмыспен қамтылып, жұмысқа орналасқандардың үлесі 97,7 пайызды құрады. Оның ішінде  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы І-бағыт«Инфрақұрылымды  және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту» бойынша 281 азамат;

2-бағыт«Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша 455 азамат (кәсіпкерлік негіздерін оқуға-146, несие алғандар-135, несие арқылы ашылған жұмыс орындары-174) ;

3-бағыт«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде  оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» арқылы 3969 азамат қамтылды.

Ресми жұмыссыздарсаны 346 адамды құрап, ресми жұмыссыздық  деңгейі  0,40 пайызды құрады (2013 жылы - 376 адам, 0,44 пайыз).

Атаулы әлеуметтік көмек32 отбасына (226 адам) 2 млн. 693 мың теңге төленіп, өткен жылмен салыстырғанда 1 млн. 643,9 мың  теңгеге кеміген (2013 жылы - 90 отбасы 571 адам).

18 жасқа дейінгі жәрдемақы27324 балаға (7226 отбасы) 485,2 млн. теңге төленіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,1 млн. теңгеге артқан (2013 жылы-7875 отбасы 28897 бала).

1702 отбасына 21,2 млн. теңгегетұрғын үй жәрдемақысыкөрсетілді (2013 ж.-2326 отбасы, 28,3 млн. теңге).

2014 жылы жекелеген санаттағы азаматтардыңденсаулығын  сауықтыру мақсатында жергілікті бюджеттен 9978,0 мың теңге бөлініп,  332 азамат сауықтыру орындарына жіберілді. Одан бөлек, облыстық басқарма арқылы 560 дана жолдама бөлініп, зейнеткерлер мен тыл еңбек ардагерлері жолданған.

262 мүгедек арнайы жолдамамен «Біркөлік», «Арыс», «Кулпаршын», «Спутник» шипажайларына жолданды.

Республикалық және жергілікті  бюджеттен«Инватакси» қызметіне  8846,0 мың теңге қаралып, 176  мүгедекке қызмет көрсетілді.

                    

                                   Денсаулық сақтау саласы

  Денсаулық  сақтау  саласына  жалпы  4 562,2 млн. теңге  қаржы  бөлініп, 2013 жылмен салыстырғанда 48,8 пайызға артты.    

Қала тұрғындарына 428 дәрігер, 1354 кіші медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді. 

Облыстық бюджеттен 244,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Оранғай, Жүйнек елді мекендерінде дәрігерлік емхана, Шерт фельдшерлік амбулаториялық бекеті,  Шойтөбе медициналық бекет  құрылыстары салынып, пайдалануға берілді.

Одан бөлек, республикалық бюджеттен (5 млрд. 519  млн. тг) 200 төсектік көпбейінді балалар ауруханасы іске қосылды.

Материалдық – техникалық  базаны  нығайтуға  225,0 млн. теңге игерілді, 2013 жылмен салыстырғанда 3,3 есе артты.

                                     Білім саласы 

Білім беру саласын қаржыландыруға 2014 жылы 14 млрд. 548,8 млн. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 29,5 пайызға артты (2013 жылы-11196,6 млн.теңге). 

Мектеп бітіруші 2288 түлектердің 954-і ҰБТ-ке қатысып, орта балл көрсеткіші – 81,65 құрап (2013 жылы -78,2 балл), облыс көлемінде 2 орынды иемденді.

Қала бойынша 6 мектептің (900 орынды мектеп, №11 Жабаев, Ш.Ниязов, Ташанақ, С.Рахимов, Шыпан) құрылысына 2014,0 млн. теңге  бөлініп,  4 мектеп іске қосылса,  биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Үшқайық ауылында (120 орындық), «Бекзат» мөлтек ауданында (120 орындық) және Қызылорда тас жолы бойындағы 280 орынды балабақша құрылысына 230,4 млн. теңгебөлініп, оның біреуі пайдалануға берілсе, қалған 2 балабақша биыл іске қосылады.  

8 білім беру мекемелерінде  286,7 млн. теңгеге күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілді (Қожанов, Абай, Амангелді, Жұмабаев, Үсенов, Ескі Иқан, Әмір Темір, Әбенова мектептері).

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Жаңа Иқан ауыл округіндегі «Ақ көгершін» балабақшасы 6,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді. 

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 21255 құрайды. Жалпы 41 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 28 балабақшада 5197 бала, 13 жекеменшік балабақшада 1459 бала, 63 шағын орталықтарда  9605 бала, барлығы 16261 бала балабақшамен қамтылып, 76,5 %  құрап отыр.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалада айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Соның бастылары қалаға Шымкент бағытынан кіре берістегі бас қақпа құрылысы бітуге таяу қалды. Кентау қаласы бағытындағы «Арыс-Түркістан» каналы көпірінің маңы қайта жаңғыртылып, абаттандырылды. Түнгі мезгілде ұлттық нақыштағы жарық сымдармен безендірілген 1 арка «Дастархан» әмбебап дүкенінің алдына орнатылды. Көше жиегіндегі 213 электр бағаналарына бойлай орнатылып безендірілген түрлі-түсті жарық (ЛЕД лампа) лампалары қала сәнін арттыра түссе, соған жапсарлас түрлі гүлдер, жұлдызшалар мен ою тәріздес пішіндегі 348 дана құрылғылар да қараңғы күйге енген көшелерге көрік беруде. Бұған қоса қала орталығындағы Есімхан алаңы мен тарихи-мәдени этнографиялық орталық алдына ұлттық сипаттағы жарықтандырылған 2 дана құрылғы орнатылды. Темір жол вокзалының қарсы алдындағы Тәуке хан даңғылының бойына, «Мерей» автобекетімен «Есім хан» алаңына дейінгі аралықта 95 дана заман талабына сай 10,5 метрлік жарық бағаналары орнатылды.      

Тұрғын үй саласы

 «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында 80 пәтерлік (240,7 млн.теңге) және 60 пәтерлік (291,2 млн.теңге) 5 қабатты тұрғын үй құрылысына  531,9 млн. теңге игеріліп, пайдалануға берілді.

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2014 жылы 46,2 млн. теңгеге 5  көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткізілді.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Оранғай ауылын сумен қамтамасыз ету (2 кезек) (455,0 млн.теңге), Түркістан қаласын сумен жабдықтау 1,2,3,4,5,7,8 сақиналары бойынша магистральді желілерінің құрылысына (1 046,9 млн.теңге), Түркістан қаласына дейін су өткізгіш имараты түйіннен су ақынның құрылысына (200,0 млн. теңге) 1701,9 млн. теңге бөлініп, құрылыстары жүргізілді. Нәтижесінде қала халқының 83 пайызы таза ауыз сумен қамтылды.

Сарқынды су

Түркістан қаласының кәріз желілерін салу (2-кезең) және кәріздік тазалау құрылғыларының құрылысын аяқтауға 300,0 млн. теңге  бөлініп,   игерілді. 17 КНС, 71,5 шақырым кәріз жүйелері салынды.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы «Бекзат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету (39,9 млн. теңге), Кентау тас жолы бойындағы «Новая» 35/10 кВ қосалқы стансасының (279,0 млн.теңге), Түркістан қаласындағы 110/35/10 кВ «Коммунальная» қосалқы стансасының құрылыстарына (330,7 млн. теңге) 649,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Газбен қамтамасыз ету

«Бейнеу-Шымкент» магистралды газ өткізгішінің 1285 шақырымындағы №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ таратушы стансасының және автоматтандырылған газ таратушы стансасынан Ескі Иқан елді мекеніне дейін газ жеткізгіш құбырының құрылысына 490,0 млн. теңге игерілді.

Автомобиль жолдарын салу

Қала аумағында 38,9 шақырымды құрайтын 48 көше 617,4 млн. теңгеге орташа жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар 4,2 млн.теңгеге 255 жол белгілері ортнатылды.

Абаттандыру

Жергілікті бюджет есебінен қала көшелерінің көркіне сән беретін ою-өрнектермен көмкеріліп, түнгі мезгілде жарқырай көрінетін 4 арка орнатылды. 5 лампалы түнгі жарықтандыру шамдары (торшер) көше жиектеріне сән беретін, жаяу жүргіншілер жолына жарық түсіретін 350 дана жарықтандыру шамдары бой түзеді. Сонымен бірге, Абылай хан, Тәуке хан, Ата түрік, Кенесары, Б.Майлин, Нышанов көшелеріне түнгі жарықтандыру бағаналары орнатылды.

Мәдениет және спорт салалары

Мәдениет саласында 1232 іс-шара өткізіліп, оған 125 мыңнан аса адам қатысты. Шымкент қаласында «Шәмші аллеясында» 300-ден аса өнерпаздар мен қолөнер шеберлері, спортшылар қатысқан облыстық «Мәдениетім-мерейім» өнер фестивалінде түркістандықтар жүлделі ІІІ-орынға ие болып, арнайы дыбыс күшейткіш аппаратурасына ие болды.

Кітап қоры 640 мыңға жетіп, оқырмандар саны 50751 құрады.

Спорт саласында 2014 жылы 260 іс-шаралар өтіп, 2013 жылмен салыстырғанда 77 жарысқа артып отыр.

Спорт мектептерінде  3280 бала спортпен шұғылданып, 16,5 пайызға немесе 466 балаға өссе, спортпен тұрақты шұғылданушылар 47890 болып,  қала халқының 19 пайызын  құрады.

Спортты дамыту мақсатында қаламызда «Балуан Шолақ» стадионының аумағынан жабық бассейн, ҚР Бокс федерациясы есебінен типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жаңа Иқан, Оранғай ауылдарында спорт алаңдары жөнделді (құны 6 млн. 960 мың теңге).

Сондай-ақ, демеушілер есебінен 4 кіші футбол алаңы қосылды.

Туризм саласы

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту бағытында «Зияратшылар орталығы» пайдалануға берілді. Орталықта келген қонақтар мен туристерге барлық жағдай жасалған. Онда 200 орындық қонақ үйі, асхана, ерлер және әйелдерге арналған намазхана, кітапхана, медициналық пункт, авто тұрақ бар. Қала аумағындағы тарихи – мәдени орындарға туристер үшін арнайы маршурт дайындалған.

Қ.А.Яссауи кесенесі жанында «Қолөнер орталығы» салынып іске қосылды. Қолөнер орталығында 265 оқушы қолөнер бұйымдарын жасауға оқып үйренуде. Онда 69 сауда қатары жұмыс жасайды.

Одан бөлек, «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы жанынан 5 жұлдызды қонақ үйінің құрылысы басталды.

Қалаға келген туристердің саны 944,6 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34,6%-ға өсті.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…