Хабарландыру Әлеуметтік жоба

Х А Б А Р Л А Н Д Ы РУ

         Елімізде «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының алғашқы (өңірлік) кезеңі басталды.

         Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Конкурс ұйымдастырушылары: «Nur Otan»партиясы (бұдан әрі – Партия), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ), «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МӘСҚ), жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдері атынан облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалырының әкімдіктері, аудандар мен қалалардың әкімдіктері, бизнес қауымдастықтар болып табылады.

Байқаудың мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларымен қамтылған  адамдарға ұсынылатын қызметтерді қоса алғанда әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.

Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі:

-              әлеуметтік проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту;

-              әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту;

-              бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

-              мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

-              қиынөмірлікжағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.).

        

         Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе «Nur Otan» партиясының «Қоғамдық бастама» – www.qolda.nurotan.kz интернет-ресурсы  арқылы қажетті құжаттарды бере отырып,2019 жылғы 18 маусымға дейінұсынылады.

         Түркістан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»конкурсын өткізу туралы
Ережемен танысуға болатынын назарыңызға жеткізіледі.

         Сонымен қатар,барлық туындаған сұрақтар бойынша Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Б.Майлин, көшесі,175 «А» мекен-жайы бойынша немесе 7-10-17 хабарласуларыңызды сұраймыз.