ХАБАРЛАНДЫРУ!

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлау учаскелерінің орналасқан жері, дауыс беруге арналған үй-жайлар, сайлаушылар тізіміне енгізу және т.б. ақпараттар алу үшін Түркістан қаласы әкімі аппаратында «Шұғыл телефон» қызметі іске қосылғандығын хабарлаймыз.

Сонымен бірге Түркістан қаласы әкімінің ресми веб-сайтында «turakimat.gov.kz» арнайы айдар ашылғандығын назарларыңызға ұсынамыз.

«Шұғыл телефон» қызметі бойынша 4-14-41, 4-11-75 нөміріне байланысуға болады.

Түркістан қаласы әкімі аппараты