Индустриялды аймақ туралы мәлімет

ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ

Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша индустриалды аймаққа  2019 жылдың басынан жалпы жоба құны 5410,0 млн. тенге құрайтын 9 жоба орналастырылды. Аталған жобалар 670 жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп,  қаланың өнеркәсіп саласындағы өнім көлеміне 4700,0 млн. теңгеге үлес қосуды жоспарланған.  Жобалардың басым бөлігі қаладағы құрылыс жұмыстарының көлеміне бағытталған өзге де метал емес саласында өнімдерін өндіретін болады.

   Қолданыстағы   индустриалды аймақ 40 га құрайды. 1040,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Жалпы аймақта жоба құны 9091,2 млн.теңге құрайтын  23   жоба орналасқан. Оларда  1383 жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін  болады.

Бүгінгі таңға 7 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтті («Түркістан трасса» ЖШС, «Азрет жол құрылыс» ЖШС, «Kadiris» ЖШС, «Гранд микс» ЖК), «Стройсервис 21» ЖШС,  «Cordial Turkestan» ЖШС. Оларда 459 жұмыс орны ашылып, 1 920,0 млн. теңге инвестиция тартылды.

 2019 жылы 19 маусым күні ЖК "Grand Miks"- тың – жиһаздардың қасбеті мен ЛАЖТ (ЛДСП) өндірісінің цехі іске қосылды. Жоба құны 620,0 млн.теңге, 91 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2019 жылдың  8 айында   индустриалды аймақтағы  жобалардың өндірілген өнім көлемі 1330,2  млн.теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп өнім көлемінде үлесі 19,5  пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін индустриалды аймақтан жоба құны 636,7 млн.теңгені құрайтын  3 жобаның  жүзеге асырылуы жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орны -92. Олар:

- Жабын плиталарын, тауарлық бетонды және ЖБИ және "құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехы"  "Айбек ЛТД" ЖШС

- Шарнирлі тор және 3D форматтағы қоршаулыр  шығаратын «Мирас ДАМУ ЛТД» ЖШС

-Көп функциялы POS-терминалдарды құрастырып шығаратын  «Нурлы НазАй» ЖШС

Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 га жер телімі қосымша 310 гектарға ұлғайту көзделіп, қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттандыру жұмыстары құрылыс бөлімі арқылы жүргізілуде.  Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 112,0 млн. теңге бөлінген.

Инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына 5400,0 млн. теңгеге бюджеттік ұсыным тапсырылған. Осы мақсатта ағымдағы  жылы аймақта бір қатар құрылыс жұмыстары жүргізу үшін  облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Ал жергілікті бюджеттен 20,0 млн теңге қолданыстағы 40 га жер теліміндегі көгалдандыру көркейту жұмыстарына бөлінген.

Ұлғайтылып жатқан аймақ  халықаралық деңгейдегі индустриалды аймақтың  құрылысы ретінде жоспарлануда. Бүгінгі күні 100 га жер теліміне  мастер-план жасалған. Планға сәйкес «Turkistan» ӘКК» АҚ арқылы  әкімшілік іскерлік ғимараты мен 2 браундфилдтердің  құрылысын  басталған.

Басты кіреберісі  Балтакөл тас жолы бойынан орналастырылған. Сондықтан, аталған кіреберіс   аркасына,  аймақты қоршау және  жолдың бойындағы көгалдандыру көркейту жұмыстарына  жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуда.(жобамен 150 млн.теңге)

 Кіреберіс аркасы, қабылдау өткізу пункті және қоршау жұмыстары бойынша жобалау сметалық құжаттары  «Әсем жоба құрылыс» ЖШС –мен жасалуда.

Ал жол бойындағы көгалдандыру көркейту жұмыстарына сметалық есептер жүргізу қажет болып тұр. (жобамен 35 млн.теңге)

Шағын орта бизнес субьектілердің бір шама уақытын үнемдеп, қағаз бастылықтан босату мақсатта  2019 жылдың 3 сәуірдегі «Арнайы экономикалық аймақ және Индустриалды аймақтар» туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған.

  ҚР«Жер кодексіне» еңгізілген өзгерістерге байланысты  индустриалды аймақтағы бос жер телімдері индустриалды аймақтардың теңгеріміне берілу тиіс. Осы өзгерістерге байланысты индустриалды аймақтағы 310 га жер телімі Түркістан облысы бойынша индустриалды аймақтарды басқарушы дирекциясының теңгеріліміне өткізілу қажет.

 Бұдан әрі, индустриалды аймақтың қатысушыларына   жер телімдері жалға келісім-шарт арқылы берілетін болады.