Хабарландыру

           Түркістан қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының 12 бабына сәйкес қала аумағындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады.

        Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны қолданыстағы заңнаманы бұзып пайдалану фактілері туралы (мемлекеттік тудың табиғат жағдайына байланысты жыртылуы, орнында қисық тұруы) Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне 4-07-21 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңы


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы − ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы − 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктіктің белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы − дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде − бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу − алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Гимн – это один из главных символов государства. Сам термин «гимн» происходит от греческого слова «gimneo» и означает «торжественная песня». Гимн выступает в качестве важной звуковой символики, имеющей ключевое значение для эффективной социально-политической консолидации и этнокультурной идентификации граждан страны.

В истории независимого Казахстана государственный гимн страны утверждался дважды – в 1992 и в 2006 годах.

После обретения республикой государственного суверенитета в 1992 году был объявлен конкурс на музыку и текст гимна Казахстана. По итогам конкурса было принято решение сохранить музыкальную редакцию гимна Казахской ССР. Таким образом, авторами музыки первого казахстанского гимна стали Мукан Тулебаев, Евгений Брусиловский и Латиф Хамиди. В конкурсе на лучший текст также победил авторский коллектив, представленный известными поэтами: Музафаром Алимбаевым, Кадыром Мырзалиевым, Туманбаем Молдагалиевым и поэтессой Жадырой Дарибаевой.

В целях популяризации звуковой символики страны в 2006 году был принят новый государственный гимн. Его основой стала популярная в народе патриотическая песня «Менiң Қазақстаным». Она была написана в 1956 году Шамши Калдаяковым на стихи Жумекена Нажимеденова. Для придания песне высокого статуса государственного гимна и более торжественного звучания Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев доработал первоначальный текст. Парламент Казахстана на совместном заседании палат 6 января 2006 года внес соответствующие поправки в Указ «О государственных символах» и утвердил новый государственный гимн страны.